Республикасы білім жəне ғылым министрлігі ы. Ə. Əміреев, Ж. Ы



бет32/184
Дата06.01.2022
өлшемі1,16 Mb.
#11524
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   184
Жұмыскерлердің жалпы айналым коэффицентін есептеу үшін кадрлар айналымын сол кезеңдегі (ай, тоқсан, жыл) жұмыс- керлердің орташа тізімдік санына бөлу керек немесе мына фор- мула бойынша анықтайды:


Кж.а.

Sк.а. *100,

S тіз.

мұнда, Кж.а. - жалпы айналым коэффициенті; Sк.а. - кадрлар айналымының саны;


Sтіз. - жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.

Жұмысқа қабылдау жəне жұмыстан шығу коэффициент- терін есептеу үшін, сол уақыт кезеңдегі жұмысқа қабылданған- дар мен жұмыстан шыққандардың сандарын жеке-жеке жұмыс- керлердің орташа тізімдік санына бөлу керек, яғни мына формулалар бойынша есептейді:

а) жұмысқа қабылдау коэффициенті:




Ккаб.

Sкаб. *100,



S тіз.

ə) жұмыстан шығу коэффициенті:

Кшыг.

Sшык. *100,



S тіз.

мұнда, Ккаб. - жұмысқа қабылдау коэффициенті; Кшығу. - жұмыстан шығу коэффициенті; Sқаб. - жұмысқа қабылданғандар саны; Sшық. - жұмыстан шыққандар саны.

Тұрақсыздық коэффициентін есептеу үшін өз тілегі бо- йынша жəне еңбек тəртібін бұзғандары үшін жұмыстан шығарыл- ғандардың қосындысын жұмыскерлердің орташа тізімдік санына бөлу керек, яғни мына формула бойынша есептейді:



К

ТҰРАҚСЫЗ.

S.Т . Б .. SЕ .Т . Б . *100,

S тіз.

мұнда, КТҰРАҚСЫЗ. – тұрақсыздық коэффициенті;

SӨ.Т.Б. - өз тілегі бойынша жұмыстан шыққандар саны;

S Е.Т.Б. - еңбек тəртібін бұзғандары үшін жұмыстан шыға- рылғандар саны.



Тұрақтылық коэффициентін есептеу үшін сол есепті жыл ішінде тізімде тұрғандар санын жұмыскерлердің орташа тізім- дік санына бөлу керек, немесе 100 пайыздан тұрақсыздық коэф- фициентін шегереміз:

К Sтіз.

тұрақты S тіз.



*100 немесе 100 - К ,

мұнда, Ктұрақты -тұрақтылық коэффициенті;
тұрақсыз.

STIЗ. - тізімде тұрған жұмыскерлер саны.



Есепті жыл ішінде тізімде тұрған жұмыскерлер санын есеп- теу үшін жыл басында тізімде тұрғандар санынан жыл ішінде барлық себептермен жұмыстан шыққандар санын (басқа меке- меге ауыстырылғандарды қоспағанда) шегереміз жəне жұмысқа қабылданғандар санын қосамыз.

Жұмыс күшінің орнын басу коэффицентіне есептеу үшін жұмысқа қабылдағандар мен жұмыстан шыққандар арасындағы айырманы жұмыскерлердің орташа тізімдік санына бөлу керек. Демек, мына формула бойынша есептейді:




КОРНЫН .БАСУ .

SКАБ . SШЫК . *100.

S тіз.

Осы аталған коэффиценттің жағымды жəне жағымсыз жақ- тары да орын алады. Жағымды жағы сол, мұнда жұмысқа қабылдағандар арқылы жұмыстан шыққандардың орнын баса оты- рып, кəсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыздандырады, жəне жаңа жұмыс орнын ашуға ықпалын тигізеді. Жағымсыз жағы сол, мұнда жұмысқа қабылданғандардан жұмыстан шыққан- дардың саны артық болады. Оның артық болуы түрлі себеп- терге байланысты, яғни жаңа технологияның енгізілуіне, қарай жұмыс орнының қысқартылуы, өндірілетін кейбір өнім түрінің, көлемінің азаюы жəне еңбек нарығында басқа кəсіпорындармен салыстырғанда бəсекелестіктің жоқтығын сипаттайды. Демек, өз жұмыскерлеріне еңбек жағдайларын жақсарта алмағандығын көрсетеді, яғни жұмыс күшін тиімді пайдалану саясатының дұрыс жолға қойылмағандығын аңғартады.

Кейде талдамалық мақсат үшін жұмыс күшін толықтыру коэффицентін қолданады. Оны есептеу үшін жұмысқа қабыл- данған жұмыскерлердің санын сол кезең ішінде (ай, тоқсан, жыл) жұмыстан шыққандар санына бөлу керек немесе мына формула бойынша есептейді:

КТОЛЫКТЫРУ .

Sкабылдангандар Sшыккандар
*100.


Бұл есептелінген көрсеткіш жұмыстан шыққан жұмыскер- лердің қандай мөлшерде орнн толықтырғандығын сипаттайды жəне жағымсыз себептердің əсерінен болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ, кəсіпорынның кадр саясатының бағытын аңғартады.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда жұмыскерлер санының өзгеруін қарастырып қана қоймай, сонымен бірге «персоналдар қозғалысы» деген ұғымды қолдануда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет