Тәуліктікщи Ашытылған орамжапырақ қосып, шошқаның басын қайнатудан алынған сорпада дайындайды. Орамжапырақты көкөністермен ұзақ уақыт бойы бұқтырады. Щиді порционды глинадан жасалған горшоктарда дайындайды. Горшоктарға щиді құйып, үстіне ашытқылы немесе қабаттама ашытқылы қамырдан дайындалған шелпектерді жауып, қуыру шкафында шелпек піскенше жылулық өңдейді.
Рассольниктер
Рассольниктердің негізгі шикізаты: тұздалған қияр. Қиярлардың ірі түрлерін қабығынан және тұқымынан тазалап, ломтик формасында турап, бөктіреді.
Ленинградтықрассольник Қайнап тұрған сорпаға күріш салып, жартылай дайындығына дейін жеткізеді, пассерленген көкөністер қосады, соңында бөктірілген қиярларды қосады.
Етпен, қаймақпен, көктермен ұсынылады.
Үйрассольнигі Жоғарыда аталғандай дайындалады, бірақ күріштің орнына орамжапырақ қосылады.
Мәскеулікрассольник Қайнап тұрған сорпаға шпинат, щавель қосып, пассерленген пияз қосып, соңында қияр қосады. Тауықтың іш-құрылысымен және қаймақпен ұсынады.
Солянкалар
Солянкалардың негізгі құрамы: тұзладған қияр (бөктірілген, ұсақ кубиктеп туралған), зәйтүндер, каперстер.
Еттіжинақтысолянка(500ккал) Қайнап тұрған концентрленген сорпаға (1кг-2-2,5л) томатпен пассергенген пияз, зәйтүндер, каперстер, тұздалған бөктірілген қияр салады.
Ет және ет өнімдерді (ветчина, шұжық, сосискалар, бүйрек) пісіреді, ұсақ кубиктеп турап, ыдысқа салады (әрқайсысынан 40г), үстіне сорпаны құйып, 5-7 минут қайнатады.
Осы ыдысымен қаймақпен, зәйтүндермен, көктермен және дөңгелектеп туралған лимонмен ұсынады.
Еттісолянка Етті жинақты солянка сияқты дайындалады, бірақ ет өнімдері қосылмайды, тек ет қана қосылады.
Үйсолянкасы Солянкаға пісірілген картоп ұосып береді.
Балықтысолянка Балық өнімдерінің жиынтығын қосады. Зәйтүндермен және лимонмен, қаймақсыз береді.
Қазақшасолянка Ет өнімдеріне қазы қосады. Клецкилермен, қаймақпен, зәйтүн қоспай береді.
Қайнатпалы клецкилер:
Қайнап тұрған суға май, тұз, ұн (1:1) салып, қамыр қайнатады. Содан кейін ыстық шай қасықпен қамырды бөліп алып, тұздалған суда қайнатып пісіреді.
Көжелер
Барлық көжелерді етпен және көктермен ұсынады.
Картоптыкөже Қайнап тұрған сорпаға үлеспен туралған картоп салып, көкөністі пассеровкамен тұздап, дайындығына жеткізеді.
Фрикаделькаларменкартоптыкөже Картопты көжеге фрикаделька қосып береді.
Макарондарменкартоптыкөже Сорпаға бірінші макарондарды, содан кейін кесектеп туралған картоп пен көкөніс пассеровкасын қосады.
Күрішпенкартоптыкөже Сорпаға бірінші күріш, содан кейін үлестеп немесе кубиктеп туралған картоп салынады.
Күріштікөже Қайнап тұрған сорпаға күріш салып, көкөністі пассеровкамен тұздайды.
Картоппенкүріштікөже Күрішпен картопты көже сияқты дайындалады, бірақ күрішті көбірек салады.
Макарондыкөже Қайнап тұрған сорпаға макарон, содан кейін көкөніс пассеровкасын салады.
Асбұршақтыкөже Қайнап тұрған сорпаға көкөніс пассеровкасын, содан кейін дайын, пісірілген асбұршақ салады, асбұршақ ұзақ пісіп, қою түс беретіндіктен оны жеке пісіріп алады.
Картоптанезбе-көже Қайнап тұрған сорпаға картоп, пассерленген көкөністерді салып, әлсіз отта толық езіліп кеткенше қайнатады. Сүзіп, езгілеп, араластырып, қайта қайнатылады. Сары маймен ұсынылады.
Салмақты консистенция алу үшін сорпамен араластырылған ұн пассеровкасын қосып қайнатады.
Тағамдық құндылығын арттыру үшін льезон қосуға болады, бірақ оны қосқаннан кейін, көжені қайнатпайды, тек қыздырады.
Күріштен езбе – көжені дәл осылай дайындайды.