Азық-түлікшикізатыментамақөнімінқабылдау. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында технологиялық үрдістің бастапқы шикізаты технологиялық өңделмеген ауыл шаруашылық өнімдері, сонымен қатар тамақ өнеркәсібінде толық немесе ішінара өңделген әртүрлі тамақ өнімдері жатады. Шикізаттардың бірінші тобына: балғын картоп, көкөністер, көк, жемістер, жидектер, цитрустылар, бақша дақылдары, тірі және салқындатылған балық, балық емес теңіз өнімдері, құс, саңырауқұлақтары және т.б. жатады.
Шикізаттардың екінші тобына: ұн, крахмал, макарон өнімдері, бұршақтылар, қант, тағамдық майлар, сүт және сүт өнімдері, ет және ет өнімдері, балық өнімдері, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, ауылшаруашылық құс, субөнімдері, көкөніс, ет, балық және құрама жартылай фабрикаттары, татымдықтар, дәмқосарлар және т.б. жатады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына түсетін азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдері сапасы бойынша стандарттарға және гигиеналық талаптарға сай болу керек және олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттармен ілестіріліп жүру керек.
шикізат пен өнімдерді тасымалдау. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін тасымалдау үшін жабдықтаушы немесе сатып алушы көлігі қолданылу мүмкін. Әрекеттегі санитарлы-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында шикізаттар мен тамақ өнімдерін тасымалдау арнайы таза көлікпен жүргізілу керек, оның орнатылған түрде санитарлық төлқұжаты болу керек. Көлік тамақ өнімдерін тасымалдауға арналған, яғни маманданған болу керек. Тамақ өнімдерін тасымалдау үшін екі типті автокөлік қолданылады: изотермиялық кузовпен немесе рефрижераторлы кузовпен.
Тамақ өнімдерін изотермиялық кузовта тасымалдау ұзақтығы 2 сағаттан аспау керек, соның ішінде тиеу- түсіру жұмыстары кіредді. Ал рефрижераторлы кузовтарда тамақ өнімдерін тасымалдау ұзақтығы шектелмеген, бәрақ экономикалық жағынан минималды болу керек.
шикізаттарменөнімдердісақтау. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде шикізаттар қорын сақтау технологиялық үрдістің бір бөлігі болып табылады. Әрбір қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тиеу-түсіру алаңының жанында орналасқан азық-түлік қоймалармен жабдықтайды. Қойма құрамына тоңазытылатын және тоңазытылмай»тын бөлмелер кіреді. Тоңазытылатын бөлмелер мен қоймалар техникалық, технологиялық және санитарлы-гигиеналық талаптарға сай болу керек.