Республикасы



бет26/36
Дата01.10.2022
өлшемі166,52 Kb.
#41015
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
лекции ТПП каз 1сем 2022

Қарақұмық


Тазалайды, қуырады.
Манный жармасы
Елейді, үгітілмелі ботқа үшін кептіреді.

Тары


Тазалайды, жуады, қышқыл дәмін жою үшін бланширлейді.
ПЕРЛОВКА.
Тазалайды, жуады.

  1. Ботқалардың түрлері:

  • үгітілмелі

  • тұтқыр

  • сұйық

Үгітілмелі қарақұмықты ботқа
Тұз қосылған қайнаған суға алдын-ала дайындалған қарақұмықты салады, бетіне жиналған қоқымды алып отырады, араластыра отырып, суы жойылғанша қайнатады. Сары майдық жартысын қосып, әлсіз отта дайындығына дейін жеткізеді. Ұсыну алдында араластырып, сары май қосады.
Сонымен қатар сүтпен де жібереді. Қыста ыстық сүтпен, жазда салқын сүтпен ұсынады. Бұл тағам сүт қосылғаннан кейін ағзаға толық сіңіріледі, амин қышқылдарының қатынасы оптималды түрде болады, яғни толық балансты тағам болып саналады.
Күріштен тұтқыр ботқа
Тұз қосылған қайнаған суға алдын-ала дайындалған күрішті салып, дайындығына жақындаған кезде ыстық сүт құяды, қант қосып, дайындығына жеткізеді.
Сары маймен ұсынады.
Сұйық манный ботқасы
Су, сүт, қант және тұз қоспасына манный жармасын қосып, үздіксіз араластыра отырып, қоюланып, дайындығына жеткенше қайнатады.
Сары маймен ұсынады.
Кесектер болмау үшін, жарманы алдын-ала сумен немесе сүтпен араластырып, ботқаға құуға болады.

  1. Ботқадан өнімдер.

Котлеттер/биточкилер
Тұтқыр салқындатылған ботқаға (600С) байланыс үшін жұмыртқа қосып, араластырып, котлеттер/биточкилер формалайды, кептірілген нанда панирлеп, негізгі әдіспен қуырып, қуыру шкафында қыздырады, себебі жармалардың жылу өткізгіштігі төмен
Қаймақты немесе сүтті соуспен ұсынады.
Пісірме
Тұтқыр салқындатылған ботқаға (600С) байланыс үшін жұмыртқа қосып, араластырып, май жағылған, кептірілген нан себілген противеньге салады, біртекті етіп жайып, бетіне қаймақ жағып, қыздырып пісіреді. Порцияларға бөліп, қаймақты немесе сүтті соуспен ұсынады.
Крупеник
Пісірме сияқты дайындалып, ұсынылады, бірақ құрамына жұмыртқамен қатар үгітілген ірімшік қосылады.

  1. макарондарды пісірудің екі әдісі бар:

  • көп мөлшерлі суда – 1кг – 4-4,5л су.

Тұз қосылған, қайнаған суға макарондарды салып, дайындығына жеткізеді, содан кейін дуршлагқа салып, жуады.
Бұл жағдайда макарондар серіппелі болады, порциялауға ыңғайлы болып келеді. Гарнир ретінде қолданылады, ол үшін сары май қосып, қуыру шкафында қыздырылады.

  • аз мөлшердегі суда – 1кг – 2-2,5л су.

Тұз қосылған, қайнаған суға макарондарды салып, суы жойлып, дайындығына жеткенше қайнатылады. Бұл кезде макарондар тұтқыр болады және порциялауға қиын болып келеді.
Оларды тағам дайындау үшін қолданады.
Макаронник
Екінші әдіспен пісірілген макарондарды сүт қосу арқылы салқындатып, байланыс үшін жұмыртқа қосады, араластрып, май жағылған, кептірілген нан себілген противеньге салып, жайып, қаймақ немесе жұмыртқа жағады.
Порцияларға бөліп, қаймақты немесе сүтті соуспен, немесе маймен немесе қаймақпен ұсынады.
Лапшевник
Макаронник сияқты дайындалып жіберіледі, бірақ жұмыртқамен қатар үгітілген ірімшік қосылады.

  1. Бұршақтылардан тағамдар.

Бұршақтыларды (асбұршақ) суға салып қояды, тұзы бар суда дайындығына дейін жеткізеді. Бөлек пісіреді, себебі асбұршақ қою түс береді және ұзақ қайнайды.
Пиязбен асбұршақ
Қайнаған асбұршақты пассерленген пияз қосып ұсынады.
Томаттағы асбұршақ
Қайнатылып псірілген асбұршаққа томат соусын қосып, дайындығына жеткенше бұқтырады.
Жасыл бұршақты езбе
Бұршақты толық дайындығына жеткенше қайнатып пісіреді, сүзеді, үгітеді, сары май қосады. Гарнир ретінде ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет