Республикасы



бет28/36
Дата01.10.2022
өлшемі166,52 Kb.
#41015
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36

Ленинградша балық


Жоғарыда атлғандай дайындалады, бірақ ұсыну кезінде балықтың үстіне пассерленген пияз салып береді.

Фри балығы


Балыққа бант немесе спираль формасын беріп, күрделі панирлейді (ұн-льезон-кептірілген нан), фритюрде қуырады.
Крутонда (қуырылған нан) ұсынуға болады.
Фри, пай картобымен, қосымша гарнирлермен жібереді және балық сорпасында дайындалған томатты соусты бөлек береді.
Донша зразы
Күрделі панирленеді (ұн-льезон-кептірілген нан), фритюрде қуырады. Фри балығы сияқты ұсынылады.
Қамырдағы(клярдағы) балық
Маринадталған балықтың кесектерін қамырға салып алады да, фритюрде қуырады.
Бірінің үстіне бірін құдық сияқты қалап, гарнирсіз жібереді, көктер мен лимонмен әшекейлейді.
Котлетті балық массасынан тағамдар.
Котлеттер, биточкилер, зраздар: негізгі әдіспен қуырады, қуыру шкафында дайындығына жеткізеді. Гарнирдің барлық түрімен жіберуге болады. Томатты соус құяды. Қосымша гаргирмен жіберуге де болады.

Тельное


Күрделі панирленеді (ұн-льезон-кептірілген нан), фритюрде қуырылады.
Фри, пай картобымен, крокетпен, қосымша гарнирлермен ұсынылады, томатты соусты бөлек береді.

Тефтели


Қуырады, томатты соус құяды, аз мөлшерде дайындаса, бұқтырады, ал егер көп мөлшерде болса, қыздырып пісіреді.
Барлық гарнирмен жіберуге болады, қыздырып пісірген соусын бірге береді. 4.Бұқтырылған аблықтан тағамдар
Томатта бұқтырылған балық
Балықты қуырады, үстіне томат соусын құйып, дайындығына жеткенше бұқтырады.
Бұқтырылған көкөністермен, картоп езбесімен және қыздырылып пісірілген соусымен жібереді.
Көкөністермен бұқтырылып пісірілген балық
Көкөністер мен балықты бөлек-бөлек қуырады, сотейникке қабаттап салып (көкністер-балық-көкөністер), үстіне томатты соус құйып, бұқтырып пісіреді.
Бұқтырылған соусымен бірге жібереді.

  1. Қыздырылып пісірілген балықтан тағамдар

Бұған көбінесе тапсырыс бойынша берілетін тағамдар жатады, гарнирімен, соусымен бірге порционды табада дайындалады.
Көбінесе балықты алдын-ала дайындап алады, яғни қайнатып пісіреді, қуырады, бөктіреді.
Орысша қыздырылып пісірілген балық
Порционды табаға ақ соус құйып, порционды кесекпен шикі балықты салады, дөңгелектеп туралған картоп салып, үстіне ақ соус құяды, сары май себеді, үгітілген сыр салады, қыздырып пісіреді.
Мәскеулік қыздырылып пісірілген балық
Порциондық табаға қуырылған балықтың порционды кесектерін салып, қуырылған картопты дөңгелектеп кесіп салады, қаймақты соус құйып, пассерленген пияз салады, пісірілген жұмыртқаны дөңгелектеп кесіп салады, сары май себеді, оның үстіне үгітілген сыр сеуіп, қыздырып пісіреді.
Макарондармен қыздырып пісірілген балық
Порционды табаға пісірілген, май (сары май) қосылған макарондар салады, оның ортасынан шұңқыр жасап, бөктірлген балық кесектерін салады, сүтті соус құйып, сары май себеді, үгітілген сыр сеуіп, қыздырып пісіреді.


Қорытынды: Балық құнды тамақ өнімдерінің бірі болып табылады. Оның етінде белоктар, майлар, минералды заттар, А, D, Е, В2, В12, РР витаминдері, экстрактивті заттар бар. Балық белоктары (13...33%) ауыстырылмайтын амин қышқылдарынан тұрады, олар адам денесі клеткалары үшін құрылыс материалы болып табылады. Жылулық өңдегеннен кейін балық белоктары адам организмімен жеңіл сіңіріледі. Балық майлары (0,1... 33%)жеңіл балқитын майларға жатады. Балықтан пісірілген, қуырылған, бұқтырылған, көмбеленген тағамдар дайындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет