Әдебиеттер тізімі:
1.
Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 1-кітап. Алматы: Ғылым, 1998. 344 б.
2.
Аупбаев Ж. Халық ала алмаған қамал. Егемен Қазақстан. №1(21987), 1 қаңтар, 1999
жыл, 5-б.
3.
Аупбаев Ж., Мыңбай Н. Халық алған қамал. Егемен Қазақстан. №90, 11 мамыр,
1999 жыл, 3-б.
4.
Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев: Естеліктерді құрастырып, алғы сӛзін
жазған О.Темірханов. Алматы: Жібек жолы, 2005 жыл, 216 б.
*****
ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӚТЕУГЕ ӘЙЕЛ АЗАМАТТАРДЫ
ЖҦМЫЛДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қожамжаров Н.Ж.
Қазақстан Республикасы ІІМБәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды
Академиясы Әскери және арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының
аға оқытушысы полиция подполковнигі
Әйел азаматтарды әскери борышын ӛтеуге жұмылдыру тарих құжаттарына сүйенсек,
әр мемлекет ескі дәстүр және ғасырлық мәселе болып табылады. Бұл мәселе ерте заманнан
бері ӛсе келуде. Ең алғаш оның кӛрінісі ерте заманда әйел адамның ер адам алдындағы
физиологиялық қасиеті тӛмен болып кӛрінуде болды.
Бірақ әйелдер орта ғасырда әскери бӛлімдердің бір бӛлігі болды. Біздің заманымызға
дейін 4 ғасырда Афина мен Спартада әйелдер грекия әскерінің қарулы күштерінің
бастамасында болды. Ең алғаш әскер қатарындағы әйелдер туралы деректер ӛзінің қырын
амазонкалармен ұштасқан тарихи деректерде кӛрініс тапты. Бірінші болып амазонкалар
туралы гректің тарихшысы Геродоттың еңбектерінде (490-425 ж.ж. б.з.д.) жарық кӛрді [1].
Ата-бабаларымыз айтпақшы «Ескіні білгің келсе – қарттардың кӛзіне қара,
болашақты жорығың келсе – балаларға қара, қазыргінің шындығын кӛргің келсе - әйелдердің
кӛзіне қара...» демекші, Ресейде ең алғаш әйел адамдардың әскер құрамаларында болуын
петров эпохасында бекітілген. Дәл сол кезде 1716 жылы әйел азаматтардың әскери
госпитальдерде әскер қатарында Отан алдындағы борышын ӛтеуге құқықтары Әскери
Жарғыда бекітілген болатын.
Ұлы Отан Соғысы уақытындағы әйел адамдардың ерлігі баршамызға айдан анық.
Олардың кӛбісі ерлік ордендерінің батыры атанған. Олардың аттары мен ерліктері ешқашан
ұмытылмайды. Соғыс кезінде ержүректігі мен батырлығы үшін Совет Одағының 150 мың
әйелі медальдар мен ордендермен марапатталған. Сондай-ақ 86 әйел азаматы Совет
Одағының Батыры атанған [2].
Ұлы Отан Соғысың Маршалы А.Е. Еременко: «Біздің батыл әйелдердің қолынан
келмейтін бір де болсын әскери қызмет табыла ма екен» деген [3]. Егер ӛзіміздің қазақ
әйелдерінен мысал келтіре кетсек ӛзі ержүрек, ӛзі батыл қыздарымыз Мәншүк Маметова мен
Әлия Молдағұлованың ӛз еркімен Отанын қорғауға еркін білдіргендігін айта кеткен жӛн.
Қазіргі таңда әлемде заманауи әскер құрамында тек ер азаматтардан тұратын әскери
құрамалар санаулы ғана десе болады. Әйел адамдардың әскер қатарында болуына жол
ашатын кӛптеген лауазымдар мен қызметтер қарқыны ӛсуде. 1992 жылы Қазақстар
Республикасы Қарулы күштерінің құрылуына сәйкес солдат, матрос, сержант және старшина
лауазымдарында әскери қызмет атқарушылардың саны 0,02% жуық әйел азаматтар болған.
184
Қазіргі таңда бұл сан бірнеше мәртеге ӛсу үстінде. Қазір Қорғаныс Министрлігі құрамында
270-ке жуық офицер, 6800 сержант және қатардағы жауынгер әйел азаматтар әскери қызмет
атқаруда.
Қазақстан Республикасында 1998 жылы ең алғаш мәрте қыз балаларды Қазақстан
Республикасының Қарулы күштері әскери академиясына алу жүзеге асырылды. Байланыс
факультетіне бары 23 қыз бала қабылданды. Олар 2002 жылы оқуларын оңтайлы аяқтап,
қазір біздің әскердің офицер құрамында әртүрлі құрамаларда ӛздерінің борышын ӛтеуде [4].
Қазіргі кезде барлық әлемнің жартысында 700 мың әйел адам әскери қызмет атқаруда
және ол сан әлдеқайда ӛсуде. Соның ішінде пагондағы әйелдерге жат қарайтын мемлекеттер
де орын алады. Біздің ойымызша бұл ӛсу қарқыны әлі де тоқтамай ӛсу жолында болады. Бұл
ӛсуді қарқындыру үшін тарихи, заманауи, Отанымыздың және шетелдік әйелдердің әскери
қызметін жүзеге асыру тәжірибесін қолдану қажет. Сонда мемлекетіміздің Қарулы күштері
ӛзінің заманауи, жоғары мамандандырылған әскердің құрылуын және жүйелендірілуін
күшейту үшін қосымша мүмкіндік алады.
Біздің ойымызша егер Қазақстан Республикасында мемлекеттің гендерлік
стратегиясына сәйкес әйел азаматтарды әскери қызметке жұмылдыру жүйесі құрылатын
болса, біз шетел мемлекеттердің сандық кӛрсеткіштеріне жетеміз. Сонымен қатар әскери
қызмет атқаратын әйел азаматтар Егемен Қазақстанның қорғану икемділігін жүзеге асыруды
арттырар еді. Сондықтан мен ӛзімнің мақаламның тақырыбын «Қазақстан Республикасында
әйел азаматтардың Отан алдындағы борышын ӛтеуге жұмылдыру» деп таңдадым.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Джандарбеков Б. Томирис : Роман. –Алматы: «санат», 1998 – 352 б.
2.
Иванова Ю.Н. Женщины на фронтах Великой Отечественной войны (документы и
материалы) М.Инт-т военной истории Р.Ф, 1991. 19 б.
3.
Еременко А.И. Сталинград. М.: Воениздат, 1961. 293 б.
4.
Военная академия Вооруженных Сил Республики Казахстан: к 30 летию обр.ВВУЗ.
Алматы. « Рауан», 2000. 25-26 б.
*****
ӘСКЕРИ КУРСАНТТАРДЫ БАБАЛАР РУХЫНДА ОТАН СҤЙГІШТІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Сеңкібаев С.Т.
Қазақстан Республкасы Ұлттық гвардия әскери институты, педагогика
ғылымдарының кандидаты, доцент, Петропавл қ.
Бүгінгі таңда жастарға азаматтық тәрбие мен сапалы білім беруде маңызды
идеологиялық міндеттің бірі – студент жастарды Қазақстандық патриотизм рухында
тәрбиелеу, яғни жастарға әрдайым Қазақстан біздің Отанымыз екенін жете түсіндіріп отыру.
Бұл түсінік ӛте кең мағынаны қамтиды. Біздің елімізде тұратын әрбір жас азамат ӛзінің қай
ұлттан шыққанына қарамастан, ӛзі туып-ӛскен Отанын - Қазақстанды құрметтеуге міндетті.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алдындағы ең бір жауапты міндет – қоғам мүшелерінің
адамгершілік қасиетін тәрбиелеу. Бұл тәрбие жастарды ар-ұятты, адал, әділетті, кішіпейіл,
кӛпшіл, еңбекшіл болу сияқты қоғамға пайдалы кӛптеген қасиеттерге баулиды.
Сондай-ақ, ол әр түрлі жат қасиеттерден, соның ішінде ұятты аяққа таптаудан,
жалқаулықтан, озбырлықтан, зұлымдықтан, екіжүзділіктен, кӛзбояушылықтан аулақ болуға
тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл саласын жүргізуде оқу бағдарламасы бойынша әдеп, эстетика,
мәдениеттану пәндерінің алар орны, атқаратын ісінің маңызы ӛте зор. Тәрбие тек мектеп
қабырғасында ғана болмайтыны анық. Ананың бесік жырынан бастап, «О дүниеге»
185
жӛнелгенше адам ӛмірі үйренумен ӛтетігінде дау жоқ. Сондықтан, бұл мәселелерде
халықтық педагогикаға оралып, ұлттық тәрбиеге ден қойғанымыз жӛн.
Әсіресе, әскери курсанттарды еліміздің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге
үйретудің тәрбиелік маңызы ерекше. Оның мәнділігі сол – қоғам мүшелерінің саяси
мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана, тәуелсіз мемлекеттің ӛсіп, ӛркендеуі де саналы,
қарқынды жүргізілетіні даусыз. Аталған мәселеге байланысты қазақ тәлім-тәрбиесінің
қалыптасу тарихына назар аударсақ, оған ерте дәуірден бергі кӛптеген ұлы тұлғалардың үлес
қосып, аса мол бағалы мұралар қалдырғанын байқаймыз. Орта ғасырлық жерлестерімізден
Әбунасыр әл-Фараби , Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни , Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет
Иасауи, Хорезми,М, Сараи С. т.б. атауға болады. Әсіресе, философия, этика, математика,
астрономия, география, тарих, әдебиет т.б. ғылымдарды оқып үйренуге ерекше кӛңіл бӛлінді.
Олардың ішінде жоғарыда аталған біздің жерлестеріміздің бүкіл әлемге танымал болуы зор
мақтаныш. Қазақ хандығы дәуірінде Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазба мұралары мен сол
дәуірдің ақын- жыраулардың толғаулары мен ӛлең-жырларының тәлімдік мәні аса зор.
Бұларда елжандылық, ел қорғау, ӛз халқының салт-дәстүрін сақтау, үлкенді сыйлап, кішіге
қамқор болу т.б. мәселелер әр қырынан ашылып, ұрпақ тәрбиесіне тиісінше үлес қосты.
ІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақтың жазба әдебиеті мен ұлттық тәлім-
тәрбиесін қалыптастыруда, А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин еңбектерінің тарихи
маңызы зор. Олардың озық ойларын ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, Ә.Диваев, М-
Ж.Кӛпеев , Ш.Құдайбердиев, М.Сералин, А.Байтұрсынов, Ғ.Қарашев, С.Кӛбеев, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов, Ә.Бӛкейханов, М.Жұмабаев жалғастырып, ұлттық педагогика ғылымының
туып, қалыптасуына кӛп еңбек сіңірді.
Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті курсанттар бойына құрғақ уағыздармен
қалыптастыру мүмкін емес. Оны тек қана елін – жерін қасық қаны қалғанша қорғап ӛткен от
жүректі бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады. Еліміздің сан ғасырлық тарихында талай
қанды оқиғалар мен қасіреті мол кезеңдер болған. Әр кезеңнің ӛз батыр ұлдары мен қыздары
«жаным арымның садағасы» - деген ұлы принциппен ӛмір сүргені белгілі. Осы орайда еліміз
егемендікке ие болғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесі, оның оқуы мен білім алу мәселесі
қоғамымыздың басты проблемаларының бірі болып саналуда.
Ықылым заманынан бері ұрпақ тәрбиесі күн тәртібінен түспегені белгілі. Ерте дәуірде
ӛмір сүріп, тәлім – тәрбие мәселелеріне айырықша кӛңіл бӛліп, мәңгі ескірмейтін мәнді
сӛздерін болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған ұлы бабаларымыздың нақылдары мен
фәлсафалық ойлары қазір де ӛзекті. Олардың ӛлең жырларындағы тәлімдік мәні зор –
елжандылық, ӛз халқының салт дәстүрін сақтау, үлкенді сыйлау, патриоттық – батырлық
туралы айтқан нақылдары бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде алар орны зор. Әсіресе, ұрпақ
тәрбиесінде қазақ халқынан асар ұлт кӛп те емес. Ұлтымыздың тәлімгерлік тәжірбиесі ӛте
бай. Мәселе сол байлықты ел игілігіне айналдырып, бүгінгі оқушы жастардың бойына сіңіру
болып табылады. Жасыратыны жоқ, жаһандану заманында, Қазақстан әр түрлі діндер мен
саяси – экономикалық жағдайы әр түрлі мемлекеттердің қоршауында тұрғанда тәрбие
проблемасының да күрделене түсері даусыз.
Жас жеткіншектерді, олардың ішінде, әсіресе Отан қорғауда ұлтжандылыққа
тәрбиелеуде бабалар дәстүрін ұлтымыздың ұлы азаматтарының рухында тәрбиелеу күн
тәртібіндегі ӛзекті мәселелердің бастысы. Ӛткенін ұмытқан ел бола алмас десек,
бабаларымыз ӛткен сара жолға кӛз тастамасақ ұлтжанды азаматтарды ӛсіріп, тәрбиелеп шыға
алмауымыз мүмкін. Бүгінгі ұлан байтақ елімізді, сол батыр бабаларымыз білектің күшімен,
найзаның ұшымен ғана емес, ұлы патриоттық сезімнің негізіндеде қорғап, аманат етіп
ұрпағына беріп кеткен. Бүгінгі ұрпақтың мақсаты, сол аманатты орындау. Екіталайда
елімізбен жерімізді қорғап қалуға әскери күште, қуатта жетер.
Алайда, патриоттық сезім, ұлтжандылық, отанға деген ыстық сезім болмаса істің бәрі
бос болуы әбден мүмкін. Сондықтанда, кешегі ӛткен батыр бабаларымыздың рухында
бүгінгі жас, болашақ отанқорғаушыларды тәрбиелеп ӛсіру жалғыз әскерилердің ғана емес,
бүкіл халықтың ісі болуы керек. Бұл туралы ел басы, ҚР ың президенті, Н.Ә.Назарбаев:
186
«Біздің алдымызда бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтайтын, күллі әлемге әйгілі, әрі
сыйлы, ӛз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр» -деген болатын.[l,б.9].
Олай болса, кешегі ӛткен батыр бабалар, Қанжығалы Бӛгенбай, Шақ-шақ Жәнібек,
Қабанбай, батыр Баян, ер Абылай, Қобыланды мен Алпамыс, Ертарғын тағы басқа
ерлерімізбен батырларымызды біліп қана қоймай солардың әскери іс –әрекеттерінде оқып,
үйрену артық емес.
Жалпы, ұлтжандылыққа баулу, баланы ес біле бастағаннан тәрбиелеген жӛн.
Батырлық, батылдық жәйлі қазақ ертегілерімен аңыздарын баланың санасына қалыптастыра
беру қажет. Осы орайда, кӛптеген елдердің бала тәрбиелеудегі үлгі –ӛнегесінен үйренгенде
жӛн. Айталық, еврей, орыс басқада ұлттардың патриотизмге ӛз ұрпақтарын тәрбиелеу әдіс,
тәсілдері кӛп нәрсені білдіреді. Ӛкінішке орай, халқымыздағы кейбір еліктеуіштік қағидалар
бала тәрбиесіне ӛзінің кері әсерін тигізіпте отыр. Әлікүнге дейін ӛз балаларымен орысша
сӛйлеп, басқа ұлттың негізінде тәрбиелеу жас санаға кері ықпалын берері сӛзсіз. Бұл орайда
үлкендердің ӛздеріінің сана сезімдеріне ықпал ету әдіс, тәсілдерін қолдануда артық болмас
еді. Мектеп бағдарламаларында болсын, ЖОО бағдарламаларында болсын елдің, қазақ
ұлтының бастан кешкен талай тарихи оқиғаларын терең оқытып, саралау мәселесін жүйелі
жолға қоюда күн тәртібіндегі басты істердің бірі.
Ұлтжандылық пен отансүйгіштікті жастар бойына құрғақ уағыздармен қалыптастыру
мүмкін емес. Оны тек қана елін – жерін қасық қаны қалғанша қорғап ӛткен от жүректі
бабалар рухында ғана тәрбиелеуге болады. Еліміздің сан ғасырлық тарихында талай қанды
оқиғалар мен қасіреті мол кезеңдер болған. Әр кезеңнің ӛз батыр ұлдары мен қыздары
«жаным арымның садағасы» - деген ұлы принциппен ӛмір сүргені белгілі. Біздің еліміздің
тарихында сондай қасіретті кезең, XX ғасырдың 30-шы жылдарында болғанын тарихтан
білеміз. «Халық жауы» деген жалған айып тағылып, зорлық – зомбылық заманының құрбаны
болған ұлтымыздың талай боздақтарының есімдері, әлі де болса тарихтан ӛзінің орнын ала
алмай келеді. Жазықсыз жапа шеккендердің арасында қазақ халқының бостандығы мен
бақыты үшін күрескен, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин, М.Жұмабаев тағы басқа
жүздеген зиялыларымыздың болғанын білеміз.[2,б.3]. Олардың есімдері еліміз егемендікке
қолы жеткеннен кейін ғана қайта оралды. Сол замандағы қазақ зиялылары болашақ ұрпақтың
сана-сезімін ұлттық тұрғыда қайта тәрбиелеу мәселесін терең қойды. Олардың бар арман,
мүдделері Қазақ халқын патша үкіметінің реакциялық саясатымен озбырлығынан аман алып
қалу еді. Сол жолда олар құрбан болды. Екі ғасыр тоғысындағы аумалы-тӛкпелі дәуір мен
саяси оқиғалар қазақ ұлтының арасынан ӛз саяси қайраткерлерін шығарды. Ұлтты бір-біріне
айдап салу, қарсы қою, реті келсе жанжалдастырып отыруды басты құралына айналдырған
ресей реакциясының басты айласы болды. Мәселен, Ресейдің әйел патшайымы 2-Екатерина,
Орынбор генерал –губернаторына жолдаған нұсқау бұйрығында:
«1. Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларына араз етіп,
бірімен-бірін қас етіп,бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2. Сұлтандарын бірімен-бірін
араз қылып,бірімен-бірін иттей тартыстырып,бірінің етін бірі жеуге себеп қылардай іс
қылыңыз. 3. Қырғыз – қазақтыңбасшы адамдарын сұлтандарымен араз қылып,сұлтандарын
ӛз қол астындағы ақсақал адмдармен араз қылыңыз.Арасына от түскен уақытта жанып
кетердей кӛкір-сӛкір даярлай беріңіз.» - деп сол кезге тән сұрқия саясат жүргізеді[3,б.67].
Патша үкіметінің қазақ халқына қарсы жүргізіп отырған сол кездегі реакциялық
отарлау саясаты қазақ зияларын жайбіррақат қалдырмады. Әлихан Бӛкейхановтың
басшылығымен «Алаш» партиясының маңына топтасқан зиялылар бостандық алудың бір
ғана жолы халықты сауаттандырып, қараңғылық бұғауынан босату деп білді[4,б.13]. Осы
себептен де ат тӛбелендей аз ғана топ ӛздерінің бар ӛмірін оқу – ағарту жолына бағыттады.
Әрқайсысы әр-түрлі пәндерден оқулықтар, әдістемелік құралдар жазды. Бәрі бірігіп халықты
оқу-білімге шақырды. Олар осы жолда бар мүмкіндіктерді пайдалана білді[5,б.220].
Олар ӛз жұртын қараңғылықтан арашалап, тек оқу арқылы ғана бахытқа жеткізуге
болатындығын түсінді. Халықты оқуға, білім алуға шақыра отырып, патша ӛкіметінің
алдында келелі сұрақтарды қоя білді.
187
Олардың армандары бүгіндері орындалды. Алайда, сол бабаларымыздың ерлік істері,
ұлтжандылық, жанқиярлық істері әліде толық зерттеліп, ұрпақ санасына толық жеткен жоқ.
Бұл кезеңнің ерекшелігі ұлттық мәдениет тарихын қайта қарастырып, тереңдете оқып үйрену
үрдісімен кӛзге түседі. Ӛткен ғасырдың 30-жылдарында қазақтың ғылыми педагогикасының
іргетасын қалауға үлес қосқандардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Ол ӛз еңбектерінде ұлттық
қағидалардың жетекші орын алатындығын кӛрсетті. Мағжан ұлттың ұлт, мемлекеттің
мемлекет болып қалыптасуы үшін, ең бірінші керегі ұлт тілі мен ұлт мектебі болу керек
екендігіне ерекше назар аударды. М.Жұмабаевтың әдеби – поэзиялық еңбектерін шолу
жасағанда тағы байқағанмыз, оның барлық шығармарлары ұлттық нақышта жазылып,
патриоттық руһқа толы, отансүйгіштік, түрікшілдік идеялар ӛзекті орын алған. Педагог-ақын
ӛзінің әрбір шығармасы арқылы оқушыларды отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге
бағыттады. Оның «Педагогика» атты оқулығы тұнып тұрған халықтық педагогика мен
психологиясы. Онда халықтың мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, бала тәрбиелеу тәсілдері ерекше
нақышпен суреттелген. Сол мұралар арқылы жастарды ізгілікке, адамгершілікке, адами ұлы
қасиеттерге тәрбиелеудің жолдарын кӛрсетті. М.Жұмабаевтың ӛнегелі ӛмірі мен тәлім-
тәрбиелік ой-пікірін оқу-тәрбие жұмысына енгізудегі басты мақсат, студент – жастардың
бойына адамгершілік пен ұлылық қасиеттерді дамыту. Әр түрлі жаман, теріс пиғылдардан
арашалау, ізгілік пен инабаттылық сезімдерді жүректеріне ұялату, сӛйтіп ұлтын, елін, жерін
сүйетін арлы азамат тәрбиелеу. Осы тұрғыдан келгенде, М.Жұмабаевтың ұлттық тәлім-
тәрбие, тіл, дін, діл, мәдениет туралы айтқан ойларының осы заманда да ӛміршең екендігі
даусыз. Қазақстан ӛз егемендігін алғаннан кейін, бүгінгі таңның ӛзекті мәселесі жан-жақты,
кӛп мәдениетті, білімдар дара тұлғаны қалыптастыру.
Әсіресе, бүгінгі таңда Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның идеологиясының
қарама-қарсы қайшылығының кезеңінде, ұлттық идеологияны қалыптастыру ең ӛзекті
мәселе. Әр нәрсеге еліктегіш келетін жастарды батыстың бейресми мәдениетімен,
моральдық азғындаушылық іс-әрекетінен аман алып қалудың бірден бір жолы, ол
ұлтымыздың тарихы мен халықтық педагогика жолы. Осы орайда, қазақ халқының бір туар
ұлдарының ӛмірі мен шығармашылығын оқып үйрену, жас жеткіншектерді үлкен
патриоттық сезімге баулып тәрбиелейді Қазіргі басты мақсат – ел тәуелсіздігін, оның бірлігі
мен жасампаздығын, ата-баба салт-дәстүрі мен ұлттық қағидаларды аман сақтап қалу. Ол
үшін, патриоттық сезімдері биік азаматтарды бабалар рухында тәрбиелеу ӛмір талабы.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030»: Ел Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауы. –Алматы: Білім, 1997. – 176 б.
2.
М.Жұмабаевтың,А.Байтұрсыновтың,Ж.Аймауытовтың творчестволық мұрасы
туралы: Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінде // Социалистік Қазақстан. – 1988.
– 28 желтоқсан
3.
История Казахстана: народы и культуры: учеб.пособие / Масанов Н. и др.-Алматы:
Дайк-Пресс, 2000. – 608 с.
4.
Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1907 гг). Алма-
Ата, 1966. – 250 с.
5.
Бекмаханов Е. Очерки из истории Казахстана. - Алма-Ата: КГИ, 1966. – 350 с.
*****
188
ФИЗИЧЕСКАЯ ПОДГОТОВКА В ГОДЫ ВЕЛИКОЙ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ
ВОЙНЫ КАК ФАКТОР ВОСПИТАНИЯ ПАТРИОТИЗМА
Танакулов А.Т.
Военный институт Национальной гвардии Республики Казахстан ,кафедра
физической подготовки и спорта, старший лейтенант, г. Петропавловск.
Нурманов Б.Б.
Военный институт Национальной гвардии Республики Казахстан, кафедра
физической подготовки и спорта, капитан, г. Петропавловск.
Для защиты Отечества во все времена были востребованы физически
подготовленные, морально устойчивые и преданные люди. С целью подготовки такого
контингента государство создает систему подготовки своих защитников. Без наличия такой
системы невозможно иметь боеспособные Вооруженные силы и одержать победу, достойно
защитить страну. Создание системы подготовки резервов для вооруженной защиты своих
интересов – важнейшая функция государства. Эта система создается задолго до войны,
функционирует непрерывно и наиболее активно действует в военный период. Система
должна опираться на разветвленную сеть организаций и учреждений, занимающихся
подготовкой резервов, и непрерывно пополнять армию своими силами. До начала Второй
мировой войны 1939-1945 годов в Советском Союзе была создана эффективная система
подготовки резервов для Вооруженных Сил.
Исторические факты и события свидетельствуют об активном развитии физической
культуры и спорта в СССР в 1940 годы. Довоенная пятилетка пропагандировала физическую
культуру под девизом: «Мускул свой, дыхание и тело тренируй с пользой для военного
дела!». Великая Отечественная война 1941 – 1945 годов была героическим и вместе с тем
очень тяжелым периодом в истории Советского государства. Одними из первых в ряды
защитников Отечества влились спортсмены, обладающие необходимой подготовкой и
навыками для обороны государства. Программа подготовки физкультурников и спортсменов,
кроме военного дела, предусматривала воспитание юношей и девушек в духе любви к
Родине и патриотизма.
Занятия физической культурой в кружках, клубах и учебных заведениях прививали
им волю к победе и готовность к самопожертвованию во имя Родины. Многие
квалифицированные спортсмены, успешно пройдя военную, медицинскую комиссию и
специальный отбор, были отправлены на фронт. В воинских частях и подразделениях они
составляли ядро любого коллектива и были способны отстаивать свободу и независимость
Родины.
Известно, что Комитетом по физической культуре и спорту за период 1941-1945 годов
было подготовлено большое количество спортсменов. Те, кто занимался спортом,
отличились
от
остальных
дисциплинированностью,
бесстрашием,
физической
выносливостью, волей к победе над противником. Именно поэтому они первыми были
мобилизованы на фронт. Победа, одержанная Советским Союзом во Второй мировой войны,
дает основание утверждать, что духовный уровень его граждан, их физические и умственные
способности были выше, чем у противника. Без этого победа не могла быть одержана.
Богатый опыт всесторонней защиты Отечества в годы войны представляет сегодня не
только научный, но и практический интерес. Воспитание подрастающего поколения на
примерах трудового и ратного подвигов способствует более ясному осознанию современным
поколением своей роли в наше противоречивое и сложное время. Изучением подготовки
боевых резервов (в том числе спортсменов) занимались: Б.Г. Гибадуллин, Т.Ш. Саяпов, А.П.
Носов, Т.Х. Ахмадиев, М.Я. Камельянов, М.А. Бикмеев. В них приводятся статистические
данные подготовки резервов, но не анализируется сам процесс. Они по стилю и форме
изложения похожи на отчетные материалы и документы. В указанной литературе авторы
ссылаются только на местные архивные источники и на газетные публикации военных лет.
189
Следует подчеркнуть, что на содержание публикаций перечисленных нами авторов,
безусловно, влияла существовавшая тогда идеология.
Изучая историографию истории развития физической культуры и спорта
использования их достижений в периоды защиты Отечества, невозможно дать полную
оценку мероприятий, проводившихся в этой сфере в годы войны, поскольку события,
происходившие, в приведенных работах рассматривались в отрыве от общей политики,
проводившейся на всей территории Советского Союза. В исторической реальности
существовала тесная связь между всеми субъектами страны, особенно между соседними
республиками и областями. Всесоюзные зачеты «ГТО», всесоюзные лыжные и
легкоатлетические кроссы проводились по общей программе физкультурно-спортивной
отрасли. В связи с тем, что любое исследование истории является выражением отношения к
прошлому, в котором содержится связь индивидуального и частного, общего и всеобщего, в
работе приводятся комплексные данные о физкультурно-спортивных организациях,
прослеживаются судьбы их участников. Нравственные убеждения, вера в победу являлись
определяющими характеристиками спортсменов того времени, которые не могут не
оказывать влияния на осмысление рассматриваемой нами исторической проблемы.
Многочисленностью выделяются материалы, касающиеся создания 112-й и 113-й
кавалерийских дивизий. Из них видно, что задача, полученная от Государственного комитета
обороны по их формированию, выполнялась в тяжелых условиях, за короткие сроки. В эти
соединения отбирали физически крепких, имеющих навыки верховой езды людей.
Были широко использованы отдельные документы 1939 – 1945 годов (указы,
инструкции, положения законов, подзаконные акты). Проработаны приказы № 37, 38, 40
Всесоюзного комитета по делам физической и культуры спорта при СНК СССР, № 361
Народного комиссариата путей сообщения, «Типовое положение о комитетах по делам
физической культуры и спорта при СНК союзных и автономных республик», утвержденное
СНК СССР, и многие другие нормативные акты, касающиеся изучаемой темы.
Несмотря на условия войны, в районах проводились праздники «Сабантуй», где
определялись победители соревнований. Многие участники добровольцами уходили на
фронт. Из документов видна востребованность на фронте лыжников и мастеров рукопашного
боя, которых направляли в специальные подразделения. Общие сведения о количестве лиц,
занимающихся физкультурой и спортом в СССР в предвоенный период, были опубликованы
в юбилейном статистическом ежегоднике «Народное хозяйство СССР за 70 лет». Так, в 1940
г. в стране физкультурой и спортом занималось всего 5, 3 млн. человек и действовало лишь
378 стадионов (с количеством мест для зрителей 1, 5 тыс. и более)». Материалы
периодической печати военных лет отличаются оперативностью и пронизаны
патриотическими чувствами. Они помогаю понять политику, идеологию и организаторскую
работу партийно-государственных структур, спортивных обществ того времени в области
физической культуры и спорта.
Достарыңызбен бөлісу: |