Рымғали НҰРҒали драма өнері



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата25.01.2023
өлшемі2,67 Mb.
#62969
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
 
ЭПИКАЛЫҚ ТРАГЕДИЯ 
Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір 
қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғыртып, ұмытпай жадына сақтайды, есіне 
тұтады. Солай кете береді ұрпақтан-ұрпаққа. 
Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған 
Еңлік пен Кебек жайлы халық аңызы болатын. 
Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалар халық аңызы негізінде 
туғандығы белгілі. Жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш-қуатпен 
ғаламат философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің 
"Фауст" трагедиясының сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатыр. Неміс Клингер 
"Фаустың өмірі, қызметі, өлімі" деген роман, ағылшын Марло "Доктор 
Фаустың қайғылы тарихы" атты трагедия жазды. Тақырыпты әр түрлі 
пайымдағанмен бұлардың бәрі де көркемдігі, тереңдігі жағынан Гете 
трагедиясынан көш кейін. Мұндай фактілер арқылы аңыз бен көркем 
әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз творчествосында қалай 
пайдаланды деген мөселелерді айқындауға болады. "Енлік - Кебек" аңызының 
нұсқаларына тоқталғанда, осы мақсат көзделеді. 
Алғашқы нұсқа "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген 
атпен 1892 жылы "Дала уалаяты" газетінің 31-39 сандарында жарияланды. 
Әңгіме былай баяндалады: 
Тобықты рулары мекендеп отырған таудың аты Шыңғысхан есімімен 
байланысты деседі. Үй тігіп, бауырына қонып, содан бір таудың атын Орда 
қойған екен. Басына шыққан соң екіншісін Хан атаған. Доғалаң, Шонай - бұлар 
да жау-жүрек батырлар есімі. Соның бәрі - моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі 
тарих жаңғырығы. 
Шамасы бұдан жүз елу жыл бұрын Жуантаяқта Кебек деген батыр 
болған. Жиырмаға келгендс жас батырдың күш-қайраты бойына сыймай, алыс 
атыраптарға асыққандай жүрегі аттай тулайды. Ел-жұртқа дуалы деген, аты 
жайылған Нысан Абыздың мекені Шыңғыстаудың құз-қия бір қуысында. Ол 
мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, түсі суық жан. Бет-аузын жыбырлатып, денесін 
алас ұра қозғалтып, сөйлеп, ыңылдап бал аша бастаған кезде, анау-мынау 
адамның құты қашып, зәресі ұшады. Болашақты болжаймын деп тесіле 
қадалып, қобызын сарната жөнелгенде, тындаушының көзіне еріксіз жас 
үйіріледі. 
Кебек атын ақырын аяндатып, Нысан Абыздың жадау киіз үйіне келеді. 
Қобыздың адам жүрегін елжірете зарлаған, сызылған, мұңайған, қайғы төккен 
сазы құйылып, жігіт көңілін оп-оңай баурап алды. 
- "Кебек батыр, неге тұрып қалдың? - деген қатқыл дауыс 
естіледі. - Әлде келген шаруаңды ұмыттың ба? 
Түсі суық шал жігіт сәлемін алып болмай жатып, оның көзіне көзін қадап. 
Мен келетінімді, Кебек батыр, біліп отыр едім, - деді. Жындарым ашқан 
маған – сенің тағдырың үрейлі де қауіпті. Шыдармысың тыңдарға? 
Сол үшін келдім ғой. Болжап берші, болжа. Болашақтан қорқатын қоян 



жүрек мен емес. Өлім біреу ақыры. 
А,солайма? Тында. Өтер, жылдаркетер. Білегіңнің күшіде, епті пысық 
ісіңде жаяр даңқыңды алысқа. Сені руыңның тірек қазығы деп таныр, сыйлар. 
Бірақ күнің қысқа.Тіршіліктің баз қызығы нені татып, өмір құнын енді түсіне 
бастағанында,бақыт құшқан шағыңда туыстарыңның да,жауларыңның да 
қарғысын алып өлесің. 
Кебек қорқынышты шалдан көзін алмай тыңдап қалған. 
- Алдамаймын мен. Келеді ол уақыт. Тау арасындағы ағынды 
өзен жағасында қызбен кезігесің. Қазір-ақ көріп тұрмын. Жындарым көрсетіп тұр: 
ұзын бойлы, еліктей сымбатты, шашы қарғаның қанатындай қап-қара, маңдайы 
биік, көзі күзгі түндей тұңғиық,теңіз түбіндей терең. Осы қыз әйелің болады, 
соның 
жолында 
қаза 
табасың сен". 
Осыны естіп Кебек үйіне қайтады. Арада бірнеше жыл өткен. Кебек даңқы 
алысқа жайылған батыр болады. Бір күні бүркітін алып түлкіге шығады. Қызды-
қыздымен, аңшылық әсермен жүріп Хан тауынан асып, қарсы ру, жауласып 
жүрген ел - матайлардың жеріне қалай өтіп кеткенін өзі де байқамай қалады. Ол 
кезде қас қарайып кеткен. Үйге қайтпай, қоналқыға таяудағы ауылға беттегенде, 
бір қызға жолығады. Сұлу. Кебек оны бұрыннан білетін сияқты. Еңлік. Жалын 
сезім екеуінің де бойын шарпып, махаббат құштарлығы алау атады. 
Еңлікті әкесі Керей руындағы бір бай шалға атастырып қойған болатын. 
Қалың малдың да жартысы алынған. Қос ғашықтың ыстық құшақтарына еш нәрсе 
де тосқауыл емес, сүйіспеншіліктің жалын толқыны ұмар-жұмар тартып әкеткен. 
Кебек келуі жиі. Бір түнде Еңлікті алып, өз аулына тартып береді. 
Намыстары күйгендей болған қыздың елі Кебек ауылының малын 
барымталап айдап әкетеді. Пәле басталды. Елді ел шабады. Барымта. Соғыс. Өлім. 
Екі жыл итжығыспен, жұлқысумен шаршап, шалдығып барып орта биге жүгінеді. 
Қорқау би Кеңгірбай төрт айлық балалары бар Кебек пен Еңлікті Тоқтамыс жоқта 
қолға түсіреді. Жүз кісіні Кеңгірбай бастап, сонша қарсы елден еріп, Еңлікпен 
Кебекті жазалау үшін Ақшоқы биігінің басына жиналады. Кеңгірбай сырт көзге 
Кебекті арашаламақшы боп жалған қабақ білдіргенімен, іштей оның өлімін 
тілейді. Өйткені Кебек бел алып, беделі есіп, ел ішіндегі өзімен иықтас адам болып 
бара жатыр еді. Билікті ешкіммен де бөліскісі келмейді Кеңгірбайдың. 
Ақыры Кебек пен Еңлікті тасбауыр жандар ат қүйрығына байлап өлтіреді... 
Кебек - жаудан қайтпас ер жүрек, жар сүйген жалынды жігіт. Екі елдің 
шоқпар сілтесіп, қарсы шабысып тұрған жаугершілігіне қарап, қорқып бас 
сауғаламайды. Сүйген жарын алып қашады. Ескі әдетпен батыр махаббаты үшін 
күреске түседі. 
Абыз бейнесі бір жағынан болашақты болжауды-көксеген ел арманынан 
хабар берсе, екінші жағынан халық нанымының балалық кезеңін, тағдырға, талайға 
илануды көрсетеді. Әңгімеде Еңліктің портреті берілген. Ұзатылғалы отырған 
бойжеткеннің ұнатқан жігітімен көңіл қосып, тұсау кесуі - оның азаттықты тілеп, 
батыл басқан қайратты қадамы. Жасықсыз екі жасты аяусыз өлтірген қатыгез әдет 
әңгімеде жазғырылып отыр. Кеңгірбайдың Кебекті бақталасым деп өлімге итеруі 
ашық айтылады. 
"Еңлік - Кебектің" қағаз бетіне түскен бүл бірінші нұсқасында халықтық 


10 
сарын, халықтық идея басым. Тілі, сюжеті, композициясы, стилі, образдары - 
барлық көркемдік компоненттері жіптіктей болып тұрмаса да бұл әңгіме осы 
қасиетімен құнды. 
"Дала уәлаяты" газетінің 1900 жылғы 46-санында жарияланған нұсқа "Қазақ 
тұрмысынан хикая" деп аталды. Алғашқы варианттан бірнеше өзгешелігі бар. 
Мұнда жігіт Кебек емес, Серғали, Қыз аты - Қанлық. Абыздың аты - Келдей. 
Тоқтамыс - Бесқабан, Кеңгірбай Шалпақ деп берілген. Шыңғыс, Хан, Ақшоқы 
сияқты таулардан басқа Далаған Бүркіттау деген жерлер де айтылады. 
Абыз қобызын сарнатып, көк терге түсіп Серғалидың келешегін болжайды. 
Жігіттің батырлық даңқы жайылатынын, "ұзын бойлы, еліктей сымбатты, шашы 
қарғаның қанатындай қап-қара, биік қабақ, көзі күзгі түндей тұңғиық, теңіз 
түбіндей терең" сүлу қызбен ұшырасып, қосылатынын айтады. Көп өмір сүре 
алмайтынын да жасырмайды. Батыр, Абыз айтқандай, Қаңлық қызға жолығады, 
онымен қосылады. Екі ру бірігіп, екеуін ат құйрығына тағып өлтіреді. Бесіктегі 
бала шырылдап, иесіз тауда қалады. 
Бірінші нұсқадағы сюжет желісі, образдар қалпы сол күйінде сақталған. 
Серғалидың кейпі - Кебектің кейпі. Абызбен кездескендегі айтылатын сөздер бірінші 
нұсқадағының дәл өзі. Сөзбе-сөз келеді. Жалпы 1900 жылғы нұсқада адам 
аттарындағы бірер өзгеріс болмаса, ол 1892 жылғы әңгіменің көшірмесі. Еңліктің 
атастырылған адамының айтылуы, әңгіменің Кебеков деген молланың аузынан 
берілуі, ұсақ қосымша суреттеулер - 1900 жылы қосылған анахронизмдерден 
мынадай ойға келеміз: "Дала-уалаяты" газеті жыл аяғыңца жаңа оқушылар тарту 
мақсатымен сегіз жыл бұрын басылған әңгімедегі адам аттарын әдейі өзгертіп, 
қайтадан жариялаған секілді. "Еңлік-Кебектің" 1900 жылғы нұсқасы алғашқы 
вариантты қайталап шықты. Қажетсіз ұсақ бұрмалаулар аңыздың негізгі сарынына 
нұқсан келтіре алған жоқ. Адал махаббатты дәріптеп, қара жүректілікті айыптаған 
халықтық идея бұрынғы күйінде қалды. 
Үшінші нұсқа - Мағауияның "Еңлік - Кебек" поэмасы. Ол Қазақстан 
Республикасы Ғылым академиясы архивінде сақталған қолжазба бойынша 1960 
жылы "Дастандар" жинағында басылды. Мағауия "Еңлік - Кебегінің" оқиғасы, 
сюжеттік желісі, композициялық құрылысы 1892 жылғы нұсқамен арналас. Ақын 
образдарды біршама айқындап, бұрынғы идеяны өзінше саралай түскен. 
Руы Кебек ердің Жуантаяқ,
Елі үшін жанын салған аянбай-ақ,
Зор көкірек, ер сөзді адам еді,
Сол ерлігі түбіне жетті бірақ, - 
деп жас батыр іш тарта суреттеледі. Абыздың келбеті, бал ашардағы жүзінің 
құбылуы, дене қимылдары бұрынғы нұсқалардағы қалыпта берілген. Биік қабақ 
сұлу қызбен кездесетіні, ажалы жететіні де бұрынғыша. Мағауия поэмасында 
Кебек пен Еңліктің тұңғыш кездесуі ұзағырақ суреттеледі. Әңгіме 
варианттарында Кебек пен Еңлік екі қайырымға келмей көрген беттен ғашық 
болды деп келте қайырылса, поэмада қыздың кескіні, жүріс-тұрысы, киімі кең 
сипатталып, махаббаттың оянуы, тағдыр жазмыштан емес, адам баласына тән сезім 
екендігі нанымды бейнеленеді. 
Тіп-тік жаурын, нәзік бел, бұрымы ұзын,
Салмақпенен салады қара көзін,


11 
Жауап берсе қалжыңңға сондай ұста,
Ешкім сөгер жан емес айтқан сөзін, - 
деген жолдар арқылы Мағауия психологиялық портрет жасауға ұмтылады. Кебек 
батырдың жас сұлуға ынтығуы оқушы жүрегін қытықтайды, ақын өмір шындығын 
дәл көрсетпек болып, реалистік мәнермен Еңлік бейнесін табиғи қалыпта 
кескіндейді. 
Мен сізге жар болып ере алмаймын,
Ел-жұрттың мазағына көне алмаймын.
Көңілім қанша елжіреп тұрса-дағы
Жар болам деп уәде бере алмаймын. 
Мұнда қоспа жоқ. Өз дәуірінің бел баласы шыққан орта, өскен аймағының 
моралінен қия басып, тая соқпайды. Махаббат деп аһ ұрған жас жүректі ыстық 
сезім тебірентсе де, салқын сабыр басу айтады. Бірақ жүректің аты қашан да 
жүрек. Бабына түсіп, кезіне келсе, оған әмір жүрмейді. Адам жүрегі азаттық пен 
әділет құлы әмәнда. Әуелде аяншақ, көрбала Еңлік артынан Кебекпен көңіл 
қосып, асыл, ыстық махаббатгың бал күндерін бастан кешеді. Поэмада Кебек Еңлікті 
алып қашқаннан кейінгі оқиға асығыс баяндалады. Бұрынғы нұсқалардағыдай бір-
біріне жасаған қоқан-лоққысы, барымта соғыстары суреттелмейді, екі жастың 
романтикалық махаббатының трагедиялық финалы бейнеленеді. Алғашқы екі 
әңгімеде Тобықты биі Кеңгірбайдың Кебекті ұстап беруі бақталастық, ертең өз 
орнымды басады деген қауіп болып көрсетіледі. Поэманың бір жаңалығы 
Кеңгірбай бейнесі жаңаша пайндалған. Ол қыз қайнынан пара алады. 
Кеңгірбайдың зымияндық қулықпен әскер жиып, Кебек пен Еңлікті алдап 
қолға түсіруін жете баяндау, қандыауыз бидің опасыздығын әшкерелеу Мағауия 
поэмасының сыншылдық күшін, әлеуметтік салмағын үстеп тұр. Кебек пен 
Кеңгірбай диалогтарынан бірінің өр мінезі, қайраты, қайсарлығы көрінсе
екіншісінің мысық табан жымысқылығы, найза байламас аярлығы аңғарылады. 
Кебек: 
Бұл пәле бәрі сенен, Кеңгірбайым,
Қызды берме бітімге малшы дайын.
Егерде сен қызды беріп қойсаң,
Өмір бойы жау болам жасырмаймын, - 
деп өлім тұзағы мойнына лақтырылған сәттің өзінде қайтпай соғады. 
Кеңгірбай Кебекті ат қүйрығына байлатып өз қолымен өлтіреді де, Еңлікті 
атастырылған жеріне береді. Аяғашқыда ата жолын кесе көлденең өтпейтін жуас 
Еңлік характеріндегі эволюцияны Мағауия жақсы көрсеткен. Кебектей батырды 
жар етіп, ыстық махаббат жолында күреске түскен жас сұлу азуы алты қарыс 
қабан биге лағынет жаудырады. 
Кеңгірбай ит екенсің дінің қатты, 
Жүрмісің көрмеймін деп ғарасатты. 
Не жауапты бересің пара алғанға, 
Би алдына барғанда әділетті. 
Мағауия поэмасы да екі жастың өлімімен, емшектегі нәрестенің елсізде 
қалуымен төмам болады. Ақын аңыз оқиғасы мен сюжетіне күрделі өзгеріс 
енгізбесе де, Кебек, Еңлік, Кеңгірбай образдарын бұрынғы қалпынан бір шама 
тереңдетіп, дамытьш, сьншылдық рухтағы поэма тудыра алды. 


12 
Төртінші нүсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған "Жолсыз 
жаза" поэмасы. Ескілікті жақсы білген шежіре ақын Шәкәрім Еңлік - Кебек 
оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді. Ақтабан 
шұбырындыдан кейін қазақтардың Сырдан кетіп, Шуға, Арқаға қарай аууы сөз 
болады. Бұл поэма да Кебекті таныстырудан басталған. Бұрынғы варианттарда 
жоқ ерекшелік - жас батырдың портреті. 
Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты, жаяу бәріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қара торы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау кең иықты.
Ел қамы үшін өлуге жанын сайлап,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап,
Жауға батым, жақынға және әдепті,
Кішіні іні, үлкенді - ағатайлап. 
Оқиға белгілі арнадан аумайды, сол із. Алдағы өмірін болжатуға Кебектің 
Нысан Абызға келген беті. Ақын Абыздың динамикалық, жанды кескінін жасай 
алған. "Арнап-сарнап, бұлдырап-ұрлап, шымырлап-сыбырлап" тәрізді етістік 
ұйқастар үйіліп-төгіліп, бірін-бірі өкшелеп, Абыз қимылының нақты картинасын 
көзге елестеткендей болады. Бұдан кейін Кебектің дәстүрлі аңға шығуы бар. Осы 
эпизодтан Абай өлеңінің игілікті әсерін байқау қиын емес. Сылдыр сөзден 
қашып, сурет жасауға, образдылыққа мән беру жағы көзге түспей қоймайды. 
Автор Кебек пен Еңліктің алғаш жолығысуын бұрынғы нұсқалардағы 
дәстүрмен шолақ қайырмай, мол, әрі қызықты суреттеген. Поэманың ең көркем 
тұсы - Кебек пен Еңліктің арасындағы сырласу эпизоды. Диалог ауқымынан 
шығып, ұзақ монологқа айналып кеткен жолдарда жастар сыры шертіледі. 
Образдардың іштей ашылуы олардың сөздік сипаттамалары арқылы бейнеленуі 
үлкен ақындық шеберлікті көрсетеді. 
Басқа нұсқаларда Еңліктің үй-жайы, әке-шешесі айтылмаса, "Жолсыз 
жазада" оның жалғыздығы, еріксіз ұзатылып отырғандығы, әкесінің жас күнінде 
батыр болғандығы, нағашысы Қабанбай екендігі баяндалады. Тұрмыстық 
детальдар - қонақ күту әдеті, ат жайғау, дәм беру тертібі бейнеленеді. Жал-жая, 
қазы-қарта, қарсақ жон сорпа айтылады. 
Еңлік образын пайымдауында да сонылық бар. Сөз айтушы жігіт емес, қыз. 
Бұл жағынан алғанда Еңлік Онегинге бірінші боп хат жолдаған Пушкин 
Татьянасының қылығын еске түсіреді. Батылдықты айтып отырмыз. Тұсау әдет, 
жөнсіз жоралғыны аттап өткен сүйіспеншілікті, сезім азаттығына ұмтылудан 
туған еркіндікті айтып отырмыз. Болмаса орыс қызы Татьяна мен қыр перзенті 
Еңліктің алған тәрбие, көрген орта, түйген байламдары да, мінез-құлқы да, 
тағдыр-талайы да екі басқа екендігі әркімге түсінікті. 
Еңлік жас батыр Кебекті сезім бөлісер, қуаныш-рақатқа, күйік-қайғыға 
ортақтасар бастас, қамау-қапастан алып шығар ер-азамат деп мұңын шағады. 
Онда да көз жасын көл дария ағызған төмен етек пұшаймандық емес, наз бен 
қылық аралас жан құпиясын ашу. Адал, ақ, ұзақ махаббатты тірлік медеуі, өмір 
мақсұты көрген бейкүнә жастың толқыған мөлдір сезімі. 
Махаббатты шу деп лау етіп, ақыл, сабырға жол бермей қаулай жөнелетін 


13 
стихиялы күй ретінде суреттеу - романтикалық сарынға тән әдіс. "Жолсыз жаза" 
авторы бұл беттен бас тартқан. Еңлік пен Кебек арасындағы ұзақ монологтар 
реалистік арнада берілген. 
Нышан жоқ бет-ауызда, сақал мұрттан,
Бұрын да естуші едім жайын сырттан.
Түн болса ұйқыдан бас көтермейді,
Күндіз асық іздейді ескі жұрттан. 
Осындай аз штрихтан-ақ Еңлікті айттырып отырған адамның сырт 
бейнесінің ұсқынсыздығын, жан сарайының татусыздығын аңғарамыз. Жас 
сұлудың одан бойын аулақ салып, Кебек ерге шерін тарқатуы табиғи да занды 
қадам, батыл қадам болып көрінеді. 
Еңлік мінезінің ұстамдылығы, аз күндік қызықты аужал қылмас, баянды 
сүйіспеншілікті тілеген жүрек дүрсілі Кебекпен арадағы ұзақ диалогга жақсы 
ашылған. Кебектің жігіттік, адамшылық қасиеттері, ақылы, сыншылдығы Еңлік 
сөзіне берілген жауабынан көрінеді. Әуелі ол жас сұлуды қоршаған әділетсіздік 
тұманын нұсқап, қорқытпақ болады. Екі ел жаға жыртысып жүрген кез. Бірі 
Матай қызы болса, екіншісі - Тобықты ұлы. Қалың малын беріп, бүгін-ертең алып 
кетем деп отырған күйеуді қайтпек. Ез де болса, қор да болса, оның артынан ерген 
руы, намысын күйттер ағайыны бар. Сонда Еңлік пен Кебек арасында ұзақ 
тірлік, ерлі-зайыпты баянды өмір мүмкін бе? 
Кімнің көзі жетеді күні ертеңге,
Теңін тапқан сені мен жалғыз мен бе.
Ел шабысып кетті ме соның бәрі,
Алып қашып алды ғой талай пенде. 
Еңлік басынан сезім сұлулығын, бұғып қалмас өжеттікті жіті аңғарған 
жас батыр оны өмірлік досым болар, адал жар деп танып, ыстық құшағына 
алады. 
Онсыз да атысып-шабысып жатқан ел арасына тағы да от түсті. Бүлік от. 
Қыздарынан айрылған Матай жағының зіл батпан ашуы мен өрттей шапшыған 
кегі бар. 
Аяздай суық сөзбен тұқырта келген, артында аткөпір қалың қолы даяр 
Матайлар тізесіне Тобықты жағы шыдай алмайды - Кеңгірбай бастатқан, Көбей, 
Кенбайлар қостатқан билер тобы Еңлік пен Кебекті өз қолдарымен ұстап береді. 
Тағы да ат құйрығында кеткен қыршын өмір. Тобықты билерінің Кебек пен 
Еңлікті өлімге байлауы Матайлардын көптігінен, шарасыздықтан, қорыққандықтан 
жасалған қадам деген сыңай танытылады. 
"Еңлік - Кебек" аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт 
нұсқасына жеке-жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып шыққаннан соң, 
мынадай байламдар жасауға болады. Ұсақ ауытқуларды айтпағанда, барлық 
нұсқадағы оқиға, оның баяндалу реті, аяқталуы, аты аталатын адамдар, негізінен, 
бірдей. 1900 жылғы нүсқада өзгеріс бар. "Жолсыз жазада" жаңа есімдер айтылады. 
Адам бейнелерін кескіндеу де ұқсас. Кебек - батыр, Еңлік - асқақ махаббат иесі, 
Кеңгірбай - опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау, Орда, Хан, Доғалаң, Ащысу 
барлық нұсқада аталады. Қараменде, Көбей, Кенбайлар - "Жолсыз жазада" 
қосылған адам аттары. 
Нысан Абыздың бал ашқандағы сөзі, Еңлік портреті, бүркіт салу суреті сөзбе-


14 
сөз дәл келіп отырады. Бірталай тіркестер, жеке детальдар, жаулар үстерінен 
түскендегі қашу сәті, Кебек мойнына арқан тасталуы. Еңліктің үш тілегі, жөргекте 
зар қағып қалған бала өзгеріссіз қайталанады. Барлық нүсқа Еңлік пен Кебектің 
өлімімен тынады. Кеңгірбайдың екі жүзділігі, Тобықты, Найман руларының 
тасбауырлығы, опаттың бас себебі тағдырдың бұйрығында, жазмыш күшінде деген 
идея барлық нұсқада бар. 
Драмалық шығармаға арқау болғанға дейін аңыз қолдан-қолға өтіп, 
сараланып, оньщ тұрақты сюжеттік желісі тартылып, образдар қалпы айқындалып, 
халықтық идея дестүрлі арнаға түскен еді. 
Әуезовтің тырнақалды пьесасының образдар жүйесін, драматургиялық, 
жанрлық табиғатын сөз қылу аз. Аса күрделі шығармашылық тұлғаның 
эволюциясын, оның эстетикалық-философиялық сатыдағы өсу жолын көрсету 
қажет. Бір жағы тұрпайы социологизмнің қала берді, кеңестік саясаттың әдебиет 
шығармаларын объективті бағалауға жасаған зияны, екінші жағы жеке адамға 
табыну кезіңдегі субъективті себептер Әуезов шығармашылығының алғашқы 
дәуірін нақты, дәл топшылауға мүмкіндік бермеді. Жас жазушының кемшілік-
қайшылықтарының диалектикалық себептері ашылмады. Кейбір пікірлер көркем 
өнердің күрделілігін үғынбай, құр дақпырттан шығып жатты, ол шынайы 
эстетикаға жат, өткінші қүбылыс болатын. 
Отызыншы жылдардағы белсенді сьшшы Ғаббас Тоғжанов "Әдебиет жөне сын 
мәселелері" (1929) деген кітабының бір бөлімін Мұхтар Әуезовке арнаған. 
Шығарма ішіне бойламай, нақты материадды талдамай, әйтеуір Қазан төңкерісінен 
бұрынғы қазақ тұрмысы суреттелді деп сыншы Әуезовті жазғырады. Бұл пікір 
бірталай уақыт тұтас концепцияға айналып кетті. 
Осы ретте Мұхтар Әуезовтің 1932 жылғы белгілі хатын кесе-көлденең тарта 
беру орынсыз сияқты. Ауыр кезең тудырған түрлі субъективті жайттардың 
әсерінен Әуезов өз қайшылықтарын тым асыра, дабырайта көрсетуге мәжбүр болды
1

"Еңлік - Кебек". "Бәйбіше-тоқал", "Қарагөз" трагедияларынан, көптеген 
әңгімелерінен, повестерінен безініп шығуын осымен ғана түсіндірсек керек. 
Автордың өзі бойьш аулақ салып, ат-тонын ала қашқан сол шығармалардың 
кейінгі тағдыры не болды? Рас, "Еңлік - Кебектің" алғашқы нұсқасы, "Қарагөздің" 
алғашқы нұсқасы көп редакцияға ұшырады, екінші рет 1960 жылы жарияланған 
"Бәйбіше-тоқалдан" бір көрініс қысқартылды, өзге жеріне қалам тиген жоқ. 
Қалың қауымды мол қуанышқа кенелтіп, әдебиетіміз үшін ерекше бағалы 
олжа болып, 1960 жылы шыққан әйгілі "Қараш-Қараш" жинағының ішіне енген 
әңгімелерді алып қарайық. Бұрын романнан үзінді деп саналған "Заман еркесі" 
(1923-25) әңгімесінің аты - "Сөніп-жану", "Қазақ қызы" (1925) әңгімесінің аты -
"Кінәмшіл бойжеткен" болып қайта қойылды. "Қараш-Қараш оқиғасы" 
повесінің алғашқы эпизоды жаңадан қосылды. Көптеген әңгімелер, повестер кейін 
болар-болмас стильдік өзгерістерге түскенмен, негізінен тұңғыш жарияланған 
қалыптарын сақтаған. 
Жазушының 
20-шы 
жылдардағы 
шығармашылығы 
мен 
кейінгі 
шығармашылығы арасын кесіп-бөлу қателік еді. 
Филология ғылымдарының докгоры Темірғали Нұртазин былай деп жазды: 
1
М.О. Әуезов одеби мемориалдық музейінің архиві. 271-папка, 58-бет. 


15 
"Түгелдей алғанда жазушы (М. Әуезов - Р. Н.) жиырмасыншы жылдарда өмірдің 
елеулі мәселелерін көтерді, ескілігі әлі пәлендей ыдырай қоймаған ауыл 
тіршілігінде сорақылықтар мол екенін ашты, негізінде жанашыры қанаушы 
үстемдер емес, қорғансыздар, еңбеккер Жақсылықтар ар намысын қорғаған 
Бақтығұлдар болды" ("Жазушы жөне өмір" А., 1960, 185-б.). 
"Алғашқы шығармаларында-ақ Мұхтар өзінің аса талантты, білімді, 
мәдениетті, болашағы үлкен жазушы екенін байқатты", - деп көрсетті профессор 
Бейсенбай Кенжебаев ("Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті", А., 
1961, 41-б). 
"М. Әуезовтің творчествосының алғашқы кезеңі жазушының әр түрлі көңіл-
күйде бола тұра, негізінен халық өмірінің шындығын жырлағанын байқатады. 
Соның өзінде оның суреткерлік таланты реализмге опасыздық жасаған жоқ", - 
деді филология ғылымдарының докторы Серік Қирабаев (Сәкен Сейфуллин, А., 
1962, 112-б.). 
Қазақстан 
Республикасы 
Ғылым 
академиясының 
академигі 
Мұхамеджан Қаратаев М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардың бас 
кезіндегі әңгімелері "қазақ совет әдебиетінің тұңғыш реалистік 
шығармаларына жатады", - деді ("Социалистік реализмнің қазақ 
прозасында қалыптасуы" А., 1965, 133-б.). 
Бұл пікірлердің барлығы бір арнаға құйып жатыр: Әуезов 
творчествосының күрделілігі жақсы айтылған. 
Мұхтар Әуезов неге "Ендік - Кебекті" жазды? 
Көркем шығарма аяғы аспаннан салбырап түсе қалмайды, бұл -
эстетиканың белгілі шындығы. Талант тәжірибе, біліммен қоса, ең басты, ең 
негізгі, ең шешуші фактор - жазушының дүниетанымын, санасын 
қалыптастыратын өскен орта, әлеуметтік қоршау. Тақырып беретін де, образ 
ұсынатын да сол орта, сол қоршау. 
Өнер мен өмір арасындағы байланыстың бір қырын осы заңдылық айқын 
көрсете алады. 
"Еңлік - Кебек" трагедиясы автордың "өткен өмірді аңсауынан" туған 
жоқ. Қаршадайынан құлағына сіңген, өзі жаттаған тамаша аңыз драмалық 
шығармаға жақсы материал болды. Жас Мұхтардың ең жақсы білетіні өзі өскен 
орта, төңкеріс алдындағы қазақ аулының жай-күйі, тұрмысы, тарихы, адамдар 
психологиясы болса, оның сол туралы толғанбай тұруы мүмкін емес еді. 
Спектакльді қоюшылардың бірінің жазғанына қарағанда екі киіз үй 
қатарластырылып тігілген. Қазіргі ұғыммен айтқанда бірі - сахна, екіншісі - зал 
есепті болған. "Енлік - Кебектің" 1917 жылы, мамыр айында қан жайлауда 
қойылған тұңғыш қойылымына жиылған көрермен саны жүзден асыпты. Бір 
қызық деталь - ойынға елу тиыннан билет сатыльш, барлығы 54 сом 50 тиын 
жиылыпты. Бұл ақша Құлжадағы ашаршылыққа ұшыраған қазақтардың 
пайдасына жөнелтіледі. 
Абыз болып Зікәйіл, Кебек болып Ақкенже, Еңлік болып Ахмет, 
Еңліктің шешесі Қалампыр болып Жағыфар, Жапал болып Жебірейіл, 
Кеңгірбай болып Ысмайылхан, Көбей болып Құтайба, Еңліктің әкесі Ақан 
болып Бастами деген жігіттер ойнайды. Спектакльді қоюшы режиссер де, 
ойнаушылардың ұмытқанын есіне салып жіберетін суфлер де - Мұхтар 


16 
Әуезовтің өзі. 
Әуезовтің творчествосында да, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын 
алған "Еңлік - Кебек" пьесасының тақырыбы, образдары, идеясы аса қызықты 
мөселе. 
Тұңғыш вариант туралы сөйлегенде жүгінеріміз - 1922 жылы Орынборда 
басылған кітап, автордың өз қолжазбасы сақталмаған, жоғалып кеткен. 
"Еңлік - Кебек" жайлы алғашқы сын мақалалар шығарманың идеялық-
көркемдік қуатын сараптайтын профессионалдық биік деңгейде емес, олар 
сахналық ойын туралы қысқа рецензия түрінде келді. 
Пьесаның сахнада қойылуына арналып жазылып, "Еңбекші қазақ" газетінің 
бетінде басылған үш мақала көңіл бөлерліктей. "Кеше Қазақстан мемлекеттік 
ұлт театрында Қазақстанның о жақ, бұ жағынан шақырылған сауыққойлар мен 
Қызылорда әуесқойлары тізе қосып "Еңлік-Кебекті" ойнады", - деп жазды 
газет
2

Мақала авторы спектакльді сөз ету үстінде киім жетімсіздігін, декорация 
жүдеулігін сынайды. Сахна жабдығының пъесадағы қалыпқа лайықты болуын, 
артистердің образ бітіміне сай киінуін, декорацияның "Еңлік-Кебек" оқиғасы 
өткен жерлердің нақты суретін бейнелеуін талап етеді. Тарихи жағынан өте қажет 
нәрсе - артистердің аты-жөнін айтпаса да сыншы олардың ойындарындағы 
табысты, олқылықты бірсыдырғы көрсетеді. "Кітаптағы оқиға тарихи шын 
оқиға, жиналған жұртпен театр үйі лық толды. Қазақстан астанасының 
Орынбордағы кезі болсын, Қызылордаға келген соң болсын, қойылып жүрген 
ойындардың ішіндегі бір өңдісі болып шықты" деген сөйлемдермен рецензент 
пікірін түйеді. Бұл мақала қазақ театры сынының драматургияны өкшелеп 
жаңа туып келе жатқан алғашқы кезеңіңдегі бір нұсқа секілді. 
Екінші мақалада Абыл, Көбей, Кебек, Еңлік, Кеңгірбай образдарының 
қалай ойналғандығы сөз болады. Мұнда да артистердің аты-жөні айтьшмайды
3

Үшінші рецензент спектакль жайын сөз етумен қоса трагедияның кейбір 
кемшіліктерін көрсетуге тырысады. 
"Пьесаның құрылысы сахнаға ауырлық көрсетеді"
4
деген байлам сол 
кездегі қазақ театры мүмкіндіктерін ескергендігіне дау туғызбайды. 
Мақалада "Еңлік - Кебек" пьесасында ойнаушылардың аттары айтылады. 
Мұның ішінде қазақ театры өнері іргесін қалаған, халықтық топырақтан 
шыққан сом таланттар Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Серке 
Қожамқүлов, Елубай Өмірзақовтар бар. Бұлбұл көмей ұлы әнші Әміре 
Қашаубаев, таудан құлаған селдей тасқынды ақын Иса Байзақов "Еңлік - 
Кебекті" алғаш орындаушылар қатарында. Абықай, Латиф, Батиха, Оразке 
сияқты тұңғыш артистер де аталады. Рецензент Еңлік роліндегі Жанбикенің 
ойынын талдап, орыңды талап қояды. Артистердің дауыс мәдениетіне, 
дикциясына қатысты ескертпелер де бар. 
Осындай бағалы жақтарымен қоса, бұл мақалада үшқалақ, орынсыз пікір де 
шаң берді. Кейде автор диалогтарды жай салғыласу деп ұғады. Қаһарман 
басындағы психологиялық аса шытырман халді ескермегендіктен сыншы 
2
«Еңбекші қазақ», 10.ХІІ.1925. 
3
"Еңбекші қазақ", 5.1.1927. 
4
Сонда, 18.11.1928. 


17 
Еңліктің қоштасу өлеңін қажетсіз дейді. Әуезовтің "ескішілдігі, баяғыны 
жақтайтыны" деген дәлелсіз, жалған пікір де мақалада төбе көрсетті. 
Мұхтар "Еңлік - Кебегінің" сюжеті негізінен халық аңызының бұрынғы 
әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел арасында 
нақты болған оқиғаның драма материалы екенін үғыну - жас қаламгердің 
жазушылық көрегендігін аңғартады. Бұл ретте Әуезов Шекспирді еске түсіреді. 
"Махаббат машахаты", "Жазғы түнгі түс", "Виндзор қулары" - Шекспир 
осы үш-ақ шығармасының оқиғасын өз жанынан шығарған, ал қалған пьесалардың 
сюжеті басқа авторлардың шығармаларында айтылган жәйттер. Қазақ тіліне 
Әуезов аударған "Отеллоны" алайық. 
Зерттеушілер трагедия сюжеті жазушы Джиральди Чинтионың новелласы 
сюжетін қайталайтынын көрсетіп отыр. Тіпті ұсақ деталь ұқсастықтары да бар 
екен. Бірақ байыпты үңілген адам екі шығарманың арасындағы жер мен көктей 
айырмашылықты көреді. Чинтио новелласының идеясы - қызғаныштан туған 
қанды кек. Новеллада Мавр мен Дездемона арасына пәле оты тасталады. Мавр 
Дездемонаны өлтіреді. Ал Шекспирдің үлы драмасының түп қазық сарыны - 
қызғанышты көрсету емес, алданған сенім зары, тапталған махаббат трагедиясы. 
Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол 
өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын 
көреміз. 
Әуелгі нұсқаларда Кебек пен Еңліктен басқа бірер адамның ғана есімі 
аталса, пьесадағы персонаждар: Еңліктің әкесі Ақан, шешесі Қалампыр, 
Абыздың әйелі Таңшолпан, Еңліктің әмеңгері батыр Есен, Найман билері - 
Жомарт, Еспембет, малшы бала Жапал, Қосдәулет, Жәуетейлер - Әуезов өз 
жанынан қосқан соны адамдар. Рас, 1912 жылғы нұсқада аттары айтылмаса да, 
Еңліктің әке-шешесі, қойшы бала азырақ сөз болатын. 
Ұлттық топырақта драматургиялық дәстүрдің жоқтығына қарамай, басқа 
елдер әдебиетінен үйрене отырьш, Әуезов жанр шарттарына толық жауап бере 
алатын трагедия жасады. Сюжеттік желінің тартылуы, композиция құрудағы 
шеберлік қаламгердің драма заңдылықтарын жақсы білгендігін көрсетеді. 
Пьеса Абыз монологынан басталады. 
"Жаратқанның жарлығына ризамын, аз ауыл тобықтының алақанына 
салған батагөйі қылды. Сақал-шашым ағарғанша түғырымнан тайғаным жоқ. 
Қарқара би-төре, батыр-балуан әлі де болса алдымнан өтеді, оң батама ынтық 
болады. Келе жатқан күндерді, көмескіні болжамасам да болатынына сенеді". 
Нысан Абыз шынын ақтарып отыр, өзек жарды сырын айтып отыр. Ру 
намысы - оның намысы. 
Кемпірі Таңшолпан - Абыздың қас-қабағын баққан, соның күйін күйттеген 
жұмсақ жан. Абыздың Таңшолпан, Таңшолпанның Абыз туралы сөздерінен 
олардың өмірінің тыныш жағаға, момын кәрілік қойнауына қарай бет алғанын 
аңғарамыз. Абыз ру таласының құйын додасына бел шешіп түсетін адам емес, 
сырт көз, жай бақылаушы, бал ашып, болжам жасар батагөй ғана. 
Өз елі батырларының шоқпары жау тобына батым тисе, салқын қоңыр 
көңіліне әлдеқандай бір желік, даурық кіргендей болады. Алғашқы 
көріністерде Көбейді, Матақты, Кембайды, Абызды туыстастыратындай бір жәйт 
бар. Ол - төртеуінің де өз руларының атын естісе желігіп тұрғандығы. Қарсы елді 


18 
қапысын тауып, жерге отырғызып кеткен әр қадам бұлар үшін қисапсыз 
қуаныш, зор бақ сияқты. 
Кебек аты алғаш рет осы Абызға сәлем бере келген билер аузынан естіледі. 
Батырды сырттай мінездеу бар. Сыр сипаты, адамшылық қасиеттері емес, 
жаугершілік күндегі білектің күші мен жүректілік айтылады. Сақал-шашы 
аппақ қудай, дүние қамынан қалып бара жатқан Абыз да, емшегін сауып, тіл 
мен жақтарына сүйенген, өздерінше жұрт намысын жыртқан болып жүрген 
арқалы билер Көбей, Матақ, Кембайлар да - түгел мәз. 
Селдей қаптап келіп, қайта басылған матайлар ашу-кегінің себебі алғашқы 
көріністерде ашылмаса да, пьесадағы қабырғалы тартыс майданының өрті осы 
рулар арасындағы қырсықты бәсекеден лап беретіндігін іштей сезе бастайсың. 
Сахнаға Есен батырдың шығуы бұл ойды әбден бекітеді. Ол да киелі шал, 
дәулескер балгер Абызды іздеп келген. 
Кеудесі басылмаған батыр дауылдай ұйтқиды. "Кездескелі ізденіп жүргенім 
- өзіңнің батырың Кебек", - деп салады Есен. Абыздың өзімен ұстасып, кесесіп 
кеткенін жасырмаған түрі бар. 
Басында Көбейлердің айтуында, ержүрек қаһарман боп суреттелген, 
соңынан Есен аузында оның ата жауы боп көрінген Кебектің абыз алдына келу 
көрінісіне жіті көз тігіп қаласың. Кебек биязы, сынық мінезді қалпын танытады. 
Шусыз, даңғазасыз салқын сабыр бар бойында. Өз қайратына сенімді адамдарда 
болатын жақсы ірілік. 
Кебек: "Оқ астында, найза ұшында, кездесіп қалып жүруші ем. Ажал 
күнім қашан екен, соны болжап берсеңіз деп ем", - дейді. Кебек характерін 
өзінше пайымдап, оның аузына соған лайықты сөз салғанымен, Әуезов бұл 
көріністе, негізінен, "Енлік-Кебектің" бұрынғы нұсқаларындағы дәстүрлі 
арнадан алшақтамайды, Абыздың: "Аруағын өрмелеп келе жатқан ұлымсың, 
жаман-жақсы сөз естіп жабығып қалмасаң", - деуі де тұрақты канон. 
Қобызын алып сарнап, бал ашып ақыры былай дейді: "Қырда ма, тауда ма, 
таста ма, кешікпей бір қызға кез боласың, сол қызбен қосылып қызық, ұзақ дәурен 
сүресің". Рас, бұрынғы нұсқаларда Абыз Кебектің өлімін кесіп айтса, Әуезов 
пьесасында ол жоқ. Бірақ жазмыш бұйрығы, тағдыр күші деген жалған, қажетсіз 
сарынды мүлде алып тастай алмаған. 
Абыз бата береді. Бірінші перде сонымен бітеді. Оның өзі де, кемпірі де 
бұдан былай оқиғаға араласпайды. Алғашқы пердеде "Еңлік - Кебектің" бұрынғы 
нұсқаларынан не бар деген сұрауға жауап іздесек, мынаны айтуға болар еді: бір-ақ 
деталь - Абыздың Кебекке бал ашуы. Қалған ситуацияларды: Абыздың үй-ішілік 
тірлігін, кемпірімен қарым-қатынасын, Көбейлердің ел арасының әңгімесін айтуы, 
Кебекті сырттай мақтауы, бата тілей келген Есен батырдың қылығы - түп-түгел 
соны жайлар, жаңа ситуациялар. 
Қаһармандар характері бір-бірімен қақтығысқа келіп, пьесадағы өзекті 
конфликті жылжып кетпегенімен, бірінші пердеде үш түрлі мінез-құлық 
ерекшелігін көреміз. Ру намысы деп қаукөкіректерін соққан Абыз, Көбей, 
Матақ, Кембайлар бір төбе болса, маңдайына тас тимеген батыр Есен мақтан 
күйттеп ол отыр, ашылып ақтарылмаған сыпайы батыр Кебекті іш тартасың. Нөсер 
төгер қара бұлттай тартыс қатайып келеді. Не болар екен? 
"Ақанның үйі. Қысқы кез, айнала киіз ұстаған. Найза, шоқпар, ұсталған 


19 
шымылдық. Ортада қазан асулы. Қалампыр от жағып отырады. Ақанның қолында 
таяғы бар". 
Бұл ремарка болатын оқиғаға фондық қана қызмет атқармайды, сол дәуірдің 
тұрмыс кескінін де көзге елестетеді. 
Еңліктің әкесі Ақан, шешесі Қалампырдың от басы ошақ қасындағы 
күңкілінен олардың өмірінен, мұң-шер, қайғыларынан хабардар боламыз. Бұлар ұл 
жоқтығын зар тұтады. 
Дүниеден кешкенде артта қалған, жиған-терген мал-мүліктің иесі - 
мұрагер кім? Еркек кіңдікті. Соңында ұлың қалса, атың өлмейді, түтінің 
сөнбейді. Ұлсыз адам - құрдым, қубас. Өлді - бітті. Ақан мен Қалампыр осылай 
шерлі ой толғайды. Тірліктегі аз медеу, қысқа қуаныштары - Еңлік. 
Есенмен Ақан үйіңде және кездесеміз. Алғаш ұшырасуда сыр берген 
даңғой батыр сол қалпы. Қыз әкесіне: "Еңлік бұл күнге шейін жауап берген жоқ. 
Сөзге сараң, бойына дарытпайды. Бүгін өз аузынан байлаулы сөзін естігелі келдім", 
- деп тағы да рабайсыздыққа басады. Еңлік пен Есен арасындағы алғашқы шарпысу 
- шебер жазылған реалистік, психологиялық диалог. Қыз бен жігіттің әрі 
характерлері ашылады, әрі тартыс өрбиді. 
Даңғой Есен тікесінен қойып қалады. Сөзді қырмызыдай тал-дап жату оған 
бітпеген қасиет. Бір сезім күйінен екінші халге ауысуы да оңай. Тұтануы да тез, 
басылуы да тез. 
Есен осалдығын біліп алған Еңлік соған орай тіл қатады. Әйтпесе оның теңі 
даңғой, мақтаншақ, ұрт, аңғал Есен бе еді. Сөзбен алдарқатып, маңына 
жуытпаудың амалы. 
Ізін аңдып, қыр соңынан қалмай жүрген Есен ашылды ақыры. Айтты. 
Көкейін тесіп жүрген көмей ойын шығарды сыртқа. Бітеу жара жарылды. Еңді 
сөздің басы ашық. Туыс намысы емес, Есеннің қуып жүргені өз күйі. Еңлік 
сезімінің түнық айдынын Есен атқан қара тас олқын-толқын етті. 
Күрделі психологиялық сәт. Есен сөзін Еңлікті еркелетуден бастап, 
қорқытумен аяқтады. Жас сұлуды құшу үмітінің жіңішке сәулесі жылт етті де, сөнді. 
Сақтап келген көмбесін Есен батыр ашуы мұң екен, шайпау қыз бассалды: 
"Әдепті бол. Қайынағалық жолыңды біл", - деді-ау. Бағынуы, илігуі жоқ, кеуде 
қаққан өр қыз. Тосты, күтті Есен. Кімді-кім... 
Қыз жүрегі тулап тұр. Қызылға шүйліккен құзғындай Есен түрі әлгі. Тұра 
ұмтылса, оның қолынан қорғансыз қызды кім алар. Арашалар дос қайда. 
Паналайтын тұс қайсы. Үйден шыға алмай шөгіп қалған қарт әке ме. Бойы дір 
еткендей. Жабы болып, жерге қарап өскен жоқ Еңлік. Келер сөздің кезегін 
жібермейді ешкімге, тайқи соқты деп Есеннің өзі де айта алмас. Алдағы күннің не 
дайындап тұрғанын көріп алар. 
Бір ілмек тартыс байланды. Есен - Еңлік арасы. Есен алам дейді, Еңлік 
бармаймын дейді. Мүмкін, Есен сезімі рас та болар, бірақ Еңлік көңілі оған 
аумаған. Қайшы тілектер тартысы. Конфликт дегеніңіз де осы ғой. 
Драматург Еңлік пен Кебектің тұңғыш кездесу сөтін психологиялық 
жағынан жақсы дайындаған. Еңлік басына бұлт үйірілген. Сүйіспеншілікті аңсаған 
жас сұлу өзі ұнатар, жүрек қалар жан кезіксе, қалтқысыз қүшақ жаярдай. Кебек атты 
жас батыр даңқы шартарапқа жайылып, Еңлікке де жетті. Батыр ғана ма. Төрт 
құбыласы түгел келген сегіз қырлы дейді ғой. Жұрт мақтаған жігіт қызға жақпасын 


20 
ба. Көрсе өзін. Бірақ ол жау рудан, жаттан емес пе. 
Сол Кебекпен Еңлік өз үйіңде кездесіп отыр. Аң қуған батырды тағдыр өзі 
айдап кедді. Сөз саптасы, жүріс-тұрысында басқаны былай қойғанда, әйтеуір батыр 
атаулының дерті тәрізді мінез - тасырлығы жоқ екен. Еңліктің өзі, әкесі, шешесі, 
қойшы Жапал болып төрт жақтан қыстаған соң, Кебек қонақ кәдесі ретінде бір 
әңгіме айтады. Қоспасыз, желіксіз баяндау. Есен болса өз басының ерлігін қара 
борандатып, көбейтіп, өсіріп айтар еді. 
Рас, Кебек әңгімесі пьесаның динамикалық жағын әлсіретіп түр. 
Есен мен Еңлік шарпысуын жақсы драматургтік шеберлікпен берген Әуезов 
Кебек пен Еңліктің тұңғыш кездесуін көрсеткенде, ол биіктен шыға алмай қалады. 
Автор бұл керіністі психологиялық жағынан тиянақты дайындап әкелсе де, Еңлік пен 
Кебек диалогтарын бұрынғы дәстүрлі ретпен, әсіресе, "Жолсыз жазадағы" пайымдауға ұқсас 
өрбітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет