Рысбаева г. С



бет23/26
Дата28.11.2023
өлшемі161,51 Kb.
#130810
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Зертханалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау БТ негіздері 1-курс

Бұршақ қайнатпасы. 50 г бұршаққа (мейлінше ағын) 1л құбыр суын құйады және дайын болғанша, бірақ езілтпей қайнатады. Алынған қайнатпаны мақта арқылы фильтрлейді, 10 г қант қосады және бастапқы көлемге дейін жеткізеді. Ортаның әлсізқышқылды реакциясын орнатады, колбаларға құып автоклавта 30 минут 1,5 атм стерильдейді.
Сабуро қатты ортасы (ашытқыларға және саңырауқұлақтарға арналған). Бұл ортаның негізі ашытқы суы болып табылады. 1 л құбыр суына 80 г престельген ашытқы алады, 15 минут қайнатады, қағаз фильтр арқылы фильтрлейді, флакондарға құйып 1 атм 20 минут стерильдейді. 100 мл стерильді ашытқы суына 1% пептон, 2% агар қосады, агар ерігенге дейін қыздырады, сосын 4% глюкоза қосады, фильтрлейді, пробиркаларға құйады және 0,5 атм 20 минут стерильдейді. Ортаны ашытқыда ғна емес, 1% пептонды суда да дайындауға болады. Стерилизациядан кейін пробиркадағы ортаны араластырады.
Картопты агар. 200г тазаланған және жуылған картопты бөлшектерге бөліп, 1 л құбыр суын құяды, 30 минут қайнатады. Қайнатпаны мақта арқылы фильтрлейді және бастапқы көлемге дейін су қосады. Алынған сұйықтыққа 2% агар қосады, оны ерігенге дейін қайнатады және ортаның нейтралды реакциясын орнатады (рН=7). Ортаны 20 минут 1 атм стерильдейді.
Майсыздандырылған сүт. Қоректік ортаны дайындау үшін майсыздандырылған сүт қолданылады, демек ол кейбір микроорганизмдердің өсуіне кері әсерін тигізеді. Сүттен майды алу үшін оны 34°С дейін қыздарып, яғни сүтті сепарирлеу жолмен алады. Сүтті суытылған күйінде де майды бөліп алу ға болады.
Стерилизация кезінде ескеретін жай сүтті ұзақ уақыт автоклавта ұстауға болмайды, демек сүттін құрамындағы лактоза (сүттің қанты) параллель күйге айналып кетуі мүмкін.
Майсыздандырылған сүтті стерильденген пробиркаларға қуйып, 115°С (қысым 0,5 атм) 10 мин. ұстайды. Стерилизация алдында қайтарма қышқылдығы 22° Тернерадан жоғары болмау керек. Стерилизациядан кейін оны 3 тәулік 30°С термостатта ұстайды, демек ол спора түзушілер дамуын жылдамдатады. Үш тәуліктен соң пробиркалар мұқият тексеруден өтеді.
Автоклавта стерилизация кезінде кейде сүттің қайнауы мүмкін, оның әсері лактозаның карамель күйіне айналуы және казейннің пептонизациясына әкеп сақтырады. Ұзақ уақыт стерилизация кезінде пробирка түбіне казейннің тұнбасы түседі, демек ол бөлшектеп пептонизирленуі мүмкін. Қыздырылып қайнатылған сүтті орта сапасы ретінде қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет