Жаңа сабақ
|
Мәтінмен жұмыс
1 тапсырма.
Жылқы мен адам арасында қандай байланыс бар ?
Қазақтар үшін қандай маңызы болды ?
Жылқының еті мен сүтінің қандай емдік мәні бар?
Сақ заманының жылқыларының ерекшелігі неде ?
Түркілердің қандай әскерінің қуаты жоғары болды?
Елтаңбада берілген бейнені суреттеңіз?
Қалай ойлайсыз, неліктен қазақ халқында жылқы малына құрмет көрсетіледі?
ЕББҚ оқушы өз таңдауы бойынша қалаған сұрағына жазбаша жауап жазады.
Сөз тіркесінің мағынасын табыңыздар:
«Адам жылқы –мінезді»деген сөз тіркесі арқылы адаммен жылқы арасындағы байланысты анықтаңыз.
Тай атқа, ат мұратқа жеткізер– ежелгі қазақ тайпаларының алғашқы қасиетті малы, «асыл текті жануар» деп атауының мәні.
2.тапсырма (Дәптерге толтырады)
Б «Жылқы туралы» бейнематериалдын негізінде ақпараттық органайзерді толтырады
Ақпараттық органайзер
|
Жылқының атаулары
|
Жылқының түстері
|
|
|
Жылқыға қатысты мақал- мәтелдер
|
Жылқының пайдалануына қарай түрлері
|
|
|
Қорытынды ой түйінді жаса:
| ЕББҚ оқушылар маңызды тірек сөздерді жазып алады;
3 тапсырма.(зерттеу мен талдау)
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс. Берілген мәтінмен өз біліміңе сүйеніп, төмендегі тапсырмаға дәйектеме келтіріп, оны деректермен дәлелдеңіз
№ 1. Төрт түлікке қой, сиыр, қой, жылқы, түйе жатады. Олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т.б. заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Жылқының басқа малдан ерекшелігі тазалығы, тебіндеп шөп жеуі, сезімталдығы, жүйріктігі.
|
№ 2. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген: күшті аттар, жүрдек аттар, жүйрік аттар.
|
№ 3. Дүние жүзінде ең алғаш рет жылқыны қолға үйреткен ел – Қазақстан болып табылады. Бұған дәлел Қазақстаның Солтүстігінде орналасқан Ботай мәдениетіне археологгиялық қазба жұмыстар дәлел болып отыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі.
|
№ 4. Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар.
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қазақтар қымызды торсықта және сабада дайындаған. Қымыздың 40-қа жуық түрі бар. Оны әртүрлі жолмен дайындайды.
|
№ 5. Қымыздың емдік қасиеті – қан айналым жүйесін, жүрек соғысын, жалпы имунитетті жақсартады. Қымыз д, е, f, а, в, витаминдеріне бай. Қазақ халқында қымызға байланысты ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады.
|
№ 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбада аттың суреті белгіленген. Ат тәуелсіздіктің, бостандықтың, жеңістің, жүйріктіктің символы ретінде қарастырылған. Аттың қанаты – көп ұлтты білдіреді.
|
ЕББҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.
|
Дескрипторлар:
- Жылқы мен адам арасында бпайланысыне анықтайды;
- Сақ заманының жылқыларының ерекшелігін ажыратады;
-Қымыздың,саумалдың қасиеті
-Тазалыққа бейімдігі,тебіндеп жайылуы
Оқушылар «Жылқы туралы» бейнематериалдын негізінде ақпараттық органайзерді толтырады
Оқушылар берілген мәтінмен өз біліміңе сүйеніп, төмендегі тапсырмаға дәйектеме келтіріп, оны деректермен келтіреді;
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»
«Бармақпен»
|
Жылқы туралы
https://www.youtube.com/watch?v=DmxS1y_0hRs
http://e-history.kz/kz/video/view/289#sconten
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІ том. Атамұра, 2010
Презентация мен мәтін беріледі
Исмагулов О.И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. Алма-Ата, 1970.
Толыбеков С. Қазақ шежіресі. – Алматы: Қазақстан, 1992.
Түрлі түсті қағаз, фломастер, стикерлер
|