Ұйымдастыру
кезеңі
|
Ой шақыру:
Оқушыларға хан, би, сұлтан, молда, малшы, батыр деген жазуы бар карточкаларды таратылып беріледі. Оқушылардың міндеті жоғарыдағы әлеуметтік топтың өкілдеріне 3-4 сөйлемнен тұратын сипаттама беру.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар хан, би, сұлтан, молда, малшы, батыр деген жазуы бар карточкаларға жауаптарын ұсынады
|
мадақтау
|
Мұғалім презентациясы
|
Жаңа сабақ
|
Оқушыларға Қазақ хандығындағы қоғамдағы қатынастар мен әлеуметтік топтар туралы фильм ұсынылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді:
1.Фильмнің негізгі ойы неде?
2.Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың ерекшелігі неде?
3.Қандай қорытынды шығара аласындар?
1 - тапсырма
Оқушыларға қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтар туралы мәлімет беріледі. Оқушылар мәтінді оқып шығып, әлеуметтік топтарды экономикалық еркіндігіне байланысты пирамидаға тізбектеп шығады.
.Бір сәт тоқталып, ойланыңыз.
Сіздің ойыңызша, Қазақ хандығында қандай әлеуметтік топ экономикалық тұрғыдан еркін болды?
Орта ғасырларда ең басты байлық не болып табылды?
Не нәрсе еркіндікті қамтамасыз етті? Әр әлеуметтік топтың экономикалық рөлін түсіндіріп беріңіз.
Әлеуметтік топтарды экономикалық тәуелсіздігі бойынша тізбектеп шығыңыз
ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді
Оқушылар мәтінді оқып шығып, әлеуметтік топтарды экономикалық еркіндігіне байланысты пирамидаға тізбектеп шығады.
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»
|
https://www.youtube.com/watch?v=Wq0NdULWyGI
қазақ елі
«хан, бай» және т.б. атаулары жазылған карточкалар, ноутбук
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. – Алматы: «Санат», 1996.
|