Қҧрметті оқырмандар!


ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІПТІК ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет11/21
Дата05.02.2017
өлшемі2,03 Mb.
#3468
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21

 ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІПТІК ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУДАҒЫ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Аннотация 
Мақалада  педагогтың  кәсіптік  деңгейін  дамытудағы  психологиялық 
ерекшеліктер  қарастырылады.  Оқытушының  сабақ  беру  үстіндегі  ӛзіндік 
ерекшелігі жан-жақты әңгіме болады.   
 
 
В  статье  рассматриваются  психологические  особенности  развития 
профессионального  уровня  педагогов. Подробно  говорится  об  особенностях 
преподавателя в процессе урока.  
 
Annotation 

115 
 
 
The article deals with the psychological characteristics of the professional 
level of teachers. There have been given some details on the features of a teacher 
during the lesson. 
 
Түйін сөздер: кәсіптік деңгей, ӛзін-ӛзі жетілдіру, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-
ӛзі белсендіру, жеке тұлға, кәсіби бейімделу, кәсібилікке жетілу.  
 
Кәсіптік деңгейде ӛзін-ӛзі дамыту мына бағыттарда жүруі мүмкін: ӛзін-
ӛзі  бекіту,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру,  ӛзіндік  ӛзектілік.  Педагогтің  кәсіптік  салада 
бекуіне әр түрлі жағдай түрткі болуы мүмкін: мұғалім деген кәсіптік деңгейге 
сай  болуға  ұмтылуы;  басқалардан  кем  болмауы;  басшы  мен  әкімшілік 
талаптарының деңгейінде болуы; директордың «жақсы» кӛретін адамдарына 
деген  қызғанышты  және  т.б.  Бұл  мұғалімнің  ӛзінің  жұмыс  деңгейін 
жоғарылатуына түрткі болуы мүмкін, бірақ ол кӛп жағдайда әр түрлі айлалы 
әрекет  жасауды  қанағат  тұтады.  Айлалы  әрекеттерді  пайдаланып,  жасырын 
жолмен  ӛзінің  мақсатына  жету  жолында  тек  біржақты  пайдаға  жетеді, 
қарсыласы оны сезбейді де, сонымен қатар еркіндік сезімі туындайды.  
Мәселен,  мұғалім  сыныпта  нағыз  үстемшіл  болуы  мүмкін,  балалармен 
қарым-қатынасты  қорқытумен  бастап,  сол  арқылы  жоғарғы  нәтижелерге 
жетіп,  бірақ  оқыту  әдіснамасын,  жеке  басының  дамуын  жетілдірмейді. 
Мұғалім  сонымен  бірге  әріптестерінің  алдында  «жетістіктерімен»  мақтануы 
мүмкін. 
Тағы да бір мысал, оқушыларына, олардың еріншектігіне, қабілетсіздігіне 
үнемі  шағымдану,  «нашар»  сынып  мұғалімнің  педагог  ретінде  жолының 
болмауына  ақталу  болып  табылады,  оған  ата-аналар  мен  балаларды  кінәлі 
деп санайды.     
 Ӛзін басшылар мен әріптестерінің алдында кӛп кітап оқитын, педагогика 
мен  әдістемелердің  жаңалықтарын  жақсы  білетін,  оқушылармен  жұмыс 
істеуде  ерекше  тәсілдер  қолдана  алатын  мұғалім  ретінде  кӛрсетіп,  әр  түрлі 
авторлар мен кітаптардың атын атап, бірақ іс жүзінде ешқайсысын оқымай, 
ӛзін бекітуі мүмкін.  
Ӛзін-ӛзі  жетілдіру  кӛбінесе  ӛзінің  бүгінгісінен  де  асып  түсуге 
ұмтылысынан  туындайды,  жоғары  нәтижелерге  жетіп,  шеберлігін  шыңдап, 
маңызды  қасиеттерді  бойына  сіңіруге  тырысады.  Бұл  –  оң  кӛзқараста  ӛзін 
ӛзгертуге арналған күнделікті жұмыс «Мен» идеалына жақындау, жеке тұлға 
болып қалыптасуын жүзеге асыру. 
Педагогтің ӛзін-ӛзі жетілдіру үрдісі мына деңгейлерден тұрады: 

 
Жеке  тұлғаның  ӛзінің  іс-әрекетіне  және  қарым-қатынастарына  талдау 
жасауы. Ӛзін-ӛзі тану кезінде ӛзі туралы кӛзқарас қалыптасады, ӛзінің 
күшті және әлсіз жақтарын байқайды, ӛзін-ӛзі тұлға ретінде қабылдау 
механизмі  жүзеге  асады.  Ӛзін-ӛзі  жетілдіру  стратегиясын  таңдауына 

116 
 
байланысты, ӛзін тұлға ретінде қабылдай ала ма, әлде жоқ па (тұлғаның 
жеке қасиеттерін қабылдай ма, қабылдамай ма?).
 

 
Мінсіз  «Мен»  бейнесінің  қалыптасуы  –  ӛзін-ӛзі  болжау  механизмінің 
қатысуымен  жүзеге  асады.  Бұл  бейненің  ӛзі  жалпылама  немесе 
нақтыланған, уақытпен жақындастырылған және т.б. болуы мүмкін; 

 
Ӛзін-ӛзі  дамыту  бағдарламасын  тұжырымдауда  педагогтік  кемелдену 
әрекетінің  реті  мен  білімділігі  анықталады,  уақытын,  жағдайын 
нәтижесін  болжайды,  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеу  мен  ӛзін-ӛзі  оқытудың  амал-
тәсілі айқындалады; 

 
Жасалған  жұмыстың  тиімділігіне  баға  беріп,  ӛзінің  кәсіби  тұрғыдан 
дамуына  байланысты  жасайтын  жұмысына  түзетулер  енгізіп,  бақылау 
жасауы. 
Ӛзін-ӛзі  белсендіру  –  бұл  ӛзін-ӛзі  дамытудың  жоғарғы  деңгейі,  ол  ӛзін 
жетілдіру  мен  бекіту  кезеңінен  басталады  және  дұрыс,  ыңғайлы  жағдайда 
оның  шегінен  шығады.  Тұлғаның  ӛзінің  кәсіби  іс-әрекетіне  байланысты 
әлеуметтік  ортамен  сәйкестік  сезімде  болуы,  кемелденуі,  қарапайым 
мәселелерді  шешуде  де  жоғары  шығармашылық  деңгей  кӛрсетуі  –ӛзіндік 
ӛзектіліктің  бар  екенін  дәлелдеу.  Бұл  жерде  оған  ӛзін-ӛзі  кемелдендірудің, 
жоспар  жасаудың,  бағдарлама  жасаудың  және  т.б.  қажеті  жоқ,  ӛзін-ӛзі 
кемелдендіру қарапайымдылық және күнделікті әрекет болып табылады.  
Мәтінді  қарастырып  жатқанда,  педагогтың  ӛзін-ӛзі  кәсіби  жағынан 
дамыту деңгейінің кезеңдерімен байланысты негізгі ӛзекті сұрақ туындайды. 
Психолог Л.М.Митинa мұғалімнің ӛзін-ӛзі дамытудағы кәсібилігін екі түрге 
бӛледі: бейімделушілік және кәсіби даму.  
Бейімделушілік үлгі жалпы ӛмірлік стратегияны жүзеге асырады: Адам ӛзі 
ғана ӛмір сүріп жатқандай, әр нәрсеге қарым-қатынасы бүкіл ӛміріне қатысы 
жоқ тәрізді. Бұл жерде ішкі рефлексия ғана қолданылады. 
Мұғалімнің  мінезіне  негізгі  әсер  етуші  күш  –  ішкі  жағдай  мен  талаптар, 
сондықтан  оның  ӛзін-ӛзі  дамытуы  осы  талаптар  жолындағы  құрал  ретінде 
жүреді және тӛмендегі деңгейлерден ӛтеді:  
Кәсіби  бейімделу.  Ӛскен  қоғамдық  талаптар,  педагогикалық  ұжымның 
жоғарғы  оқу  орнында  қалыптасқан  кәсіби  білімімен,  іскерлігімен,  жеке 
ерекшеліктерімен  қарама-қайшылыққа  тап  болады.  Жас  мұғалім  кәсіби 
қоғамдастыққа  бейімделуге  тырысып,  басқалардан  тәжірибені  қабылдап, 
сіңіріп, меңгереді. Сол ортаның талаптарын қанағаттандыруға тырысады. 
Кәсібилікке жетуі. Осы уақытқа дейінгі дағдыланған жеке іс-әрекетімен, 
қарым-қатынастың стилімен,  кәсіби  білімділігімен,  ӛзінің  амал-тәсілдерімен 
толыққанды  мұғалімнің  басшылық пен  кәсіби  қоғамдастықтың  талаптарына 
даярлығының қажеттілігі азаяды. 
Кәсіби  тұралауда  мұғалім  ӛзінің  жеке  ерекшеліктері  мен  мүмкіншілігін 
кәсіби ортаның талаптарына ыңғайлап және ӛткеннің нәтижесі арқылы ӛмір 
сүреді,  пайдаланады.  Бұлардың  барлығы  белсенділіктің  тӛмендеуіне,  кәсіби 

117 
 
деңгейінің  тӛмендеуіне,  жаңалықты  қабылдамай,  ӛзінің  жағдайын 
пайдаланып оқушыларды басып тастауға әкеліп соғады. 
Кәсіби дамудың үлгісі ішкі рефлексияның кӛрінуімен сипатталады, ал ол 
ӛмірдің  ағысын  тоқтатады,  адамның  ӛзін,  оның  құндылықтарын  жарыққа 
шығарады. Мұндай стратегияда ӛзін-ӛзі танудың 3 деңгейі болады:  
1) ӛзінің «Менін» «Басқа» адаммен салыстыру жүреді; 
2) салыстыру «Мен» мен тағы бір «Меннің» арасында жүреді;  
3)  салыстыру  «Мен»  мен  Жоғары  «Меннің»  арасында  (Мінсіз  «Мен», 
Шығармашылық «Мен») » арасында жүреді. 
Бұл  жерде  ӛзін-ӛзі  дамыту  үзіліссіз  үрдіс  ретінде  мұғалімнің  ӛзін-ӛзі 
қалыптастыруымен,  ӛз  ойын  дамыту  деңгейімен  тығыз  байланысты. 
Л.М.Митина да бұл үлгінің 3 деңгейін кӛрсетеді:  
ӛзін-ӛзі анықтау – ӛзінің «Менін» «Басқа» адаммен (мұғалім, оқушы, ата-
ана) салыстыру. 
Бастапқыда  белгілі  бір  қасиет  басқа  адамдікі  деп  қабылданады,  ал 
кейінірек  саналы  таңдау  әрекеті  жасалып,  ӛзіне  ауыстырылады.  Басқа 
адамның  тәжірибесін  қабылдай  отырып,  ӛзінің  де  қабілеттерін  сақтау 
маңызды,  кәсіби  кӛзқарасын  және  педагогикалық  ортаның  кері  әсеріне 
кӛнбеу  қажет;  ӛзін-ӛзі  кӛрсету  «Мен»  және  «Мен»  жүйесі  арқылы  жүреді. 
Мұғалім ӛзінің дайын біліміне сүйенеді. Бұл кезеңде ол ӛзінің мінезін жүзеге 
асырған  сол  уәжбен  сәйкестендіреді,  түрткі  болған  жағдайды  әлеуметтік 
және  ішкі  талаптармен  бағалайды.  Негізгі  түрткі  –  мұғалімнің  ӛзінің 
мүмкіндіктерін жан-жақты кӛрсетуге ұмтылуы. Ӛзін іс жүзінде кӛрсету – ӛзін 
«Мен»  және  Жоғарғы  «Мен»  деңгейінде  кӛрсету  (Мінсіз  «Мен», 
Шығармашылық «Мен»). Бұл кезеңде мұғалімнің ӛмірлік философиясы жан-
жақты  қалыптасады,  ӛмірдің  мәнін,  ӛзінің  қоғамдық  құндылығын  түсінеді. 
Ӛзін-ӛзі түсіну аясын кеңейту, ӛмірдегі орнына кәсіби деңгейде ӛзін кӛрсету 
мүмкіндігі сай келмейді. Кәсіби деңгейде дамуының біржақтылығын сезініп, 
мұғалім оны  толықтырып  және ӛзінің жан-жақты дамуына  мүмкіндік  беріп, 
қажеттілігін қанағаттандырады. 
Ӛзін-ӛзі  тану  мен  ӛзін-ӛзі  дамытудың  кәсібилігі  бір-бірімен  тығыз 
байланысты, ол педагогтың кәсіби маман ретіндегі дамуын, стратегиясы мен 
векторын анықтайды. 
Отандық  психологияда  педагогтарды  ӛзін-ӛзі  дамыту  деңгейі  мен  ӛзін 
кәсіби  жағынан  дамуға  ұмтылысының  ара-қатынасын  бӛліп  кӛрсетуге 
тырысады.  С.М.Рогожникованың/1/  зерттеулерінде  педагогтарды  тұлғаның 
ӛзін-ӛзі  қабылдау  деңгейіне  байланысты  ӛзін-ӛзі  тануындағы  кәсіби 
кемелденуінің  кӛрсеткіші  ретінде  және  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  беталысына  ӛзін-
ӛзі  дамытудың  референтті  кӛрсеткіші  ретінде  бірнеше  түрге  бӛледі.  Бұл 
факторлардың байланысы мына суретте кӛрсетілген.  
 
 

118 
 
Өзін-өзі 
қабылдаудың  
жоғарғы деңгейі   
 
 
                                  Ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыс 
 
 
 
Ӛзін-ӛзі     
қабылдаудың тӛменгі  
деңгейі 
 
           Ӛзін-ӛзі жетілдіруге ұмтылыстың болмауы 
 
Нәтижесінде педагогтың кәсіби ӛзін-ӛзі дамытуының 4 түрі белгіленеді: 
1.  Ӛзін-ӛзі  белсендіру  дегеніміз  –  ӛзін-ӛзі  қабылдаудың  жоғарғы  деңгейі 
айқын ұмтылыспен ӛзін-ӛзі жетілдіруге үйлесуі; 
2. Ӛзіне кӛңілі тоқтық дегеніміз – ӛзін қабылдаудың жоғарғы деңгейі ӛзін-
ӛзі жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі; 
3. Ӛзін таныту дегеніміз  – ӛзін-ӛзі қабылдаудың тӛменгі деңгейінің ӛзін-
ӛзі жетілдіруге  ұмтылысымен үйлесуі; 
4.  Іштей  кикілжің  дегеніміз  –  ӛзін  тӛменгі  деңгейде  қабылдауы,  ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге ұмтылыстың жоқтығымен үйлесуі /2/.   
Ӛзін-ӛзі    белсендіретін  адам    басқаларды  жоғарғы  деңгейде 
қабылдауымен,  ӛзіне-ӛзі  сенімді,  икемділігімен,  мінезінің  шапшаңдығы, 
сезімталдығы,  ашықтығы,  ӛзін-ӛзі  сыйлайтын,  жақсы  бейімделу  қасиетімен, 
мұғалімнің 
кәсіби 
қызметіне 
жақсы 
әсер 
ететін 
эмоционалды 
ыңғайлылығымен,  біліктілік  қатынасының  дамуына  да  ыңғайлылығымен 
(қарым-қатынастың  біліктілігі)  ерекшеленеді.  Бұл  типтегі  тұлға  туындаған 
қиындықтарды тастап кетпейді, оның ішкі кикілжің деңгейі ӛте тӛмен. 
Ӛзіне кӛңілі тоқ тип  бейімділіктің, эмоциялық ыңғайлылықтың, сұхбаттас 
адамға сындарлы кӛзқарастың тӛмендігімен сипатталады және ішкі кикілжің 
кӛрсеткішінің 
жоғарылығымен, 
туындаған 
мәселеден 
қашуымен 
сипатталады. 
Бірақ, 
С.М.Рогожникова 
атап 
кӛрсеткендей, 
бұл 
айырмашылықтар  кӛп  жағдайда  бірінші  типпен  салыстырғанда  онша 
маңызды  емес.  Нәтижесінде  бұл  типке  жататын  педагогтің  жеке-кәсіби 
ерекшелігі бірінші типке жататын педагогқа қарағанда аса елеулі емес, бірақ 
үшінші,  тӛртінші  типке  жататын  педагогтармен  салыстырғанда  әлдеқайда 
жоғары болады. 
Іштей  келіспеушілік  (кикілжің)  типі  басқа  типтермен  салыстырғанда 
жеке-кәсіби сипаты келіспейтін ең жайсыз тип. Ӛзін-ӛзі қабылдамай, мұғалім 
балаларды  да  қабылдамайды,  педагогикалық  қарым-қатынас  жағынан  әр 
түрлі  жағдайларда  ӛзін  оңтайсыз  ұстайды,  жалған  мінез  кӛрсетеді,  шектен 
тыс  таптаурындарға  ұрынады.  Қиындықтарды  ойламауға  тырысып,  олардан 
қашқақтайды.  Эмоциялық  жайсыздықты  сезінеді,  әртүрлі  мүмкіндіктерді 

119 
 
пайдаланбайды,  басқаларды  түсінгісі  келмейді,  ӛзінің  мінезіндегі  жағдайды 
басшылыққа алып, соларды шешеді. 
Осылайша,  ӛзін-ӛзі  қабылдауда  дәлдіктің  жоқтығынан,  ӛзін-ӛзі  дамытуға 
ұмтылыстың жоқтығынан алға жылжуына ішкі кикілжің себеп болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Рогожникова 
С.М. 
Личностно-профессиональные 
особенности 
педагогов  с  различными  типами  взаимосвязи  самопринятия  и 
самосовершенствования  //Психологические  и  психотерапевтические 
методы обеспечения психического и физического здоровья личности. – 
Череповец, 2002. 
2.
 
Выготский Л.С. Педагогическая психология.− М., 1990.  
 
 
Х.С.КАКИБАЕВА 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА  ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРДЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ  
 
Аннотация 
 
Мақалада  бастауыш  сынып  шәкіртерінің  ӛзіндік  жұмыстарын 
ұйымдастырудың тәсілдері  қарастырылады.  Мысалдар негізінде математика  
сабақтарында  оқушыларындың    ӛзіндік  жұмыстарының  формалары  мен 
әдістері баяндалады.  
 
В  статье  рассматриваются  способы  организации  самостоятельной 
работы  учащихся  начальных  классов.  На  примерах  излагаются  формы  и 
методы самостоятельной работы учащихся на уроках математики. 
 
 
 
                                          Annotation 
 
The  article  speaks  about  the  organization  of  independent  work  of  pupils  in 
primary  schools.  There  have  been  given  examples  on  the  forms  and  methods  of 
independent work of students at the lesson of mathemathics. 

Түйін сөздер: ӛзіндік жұмыс, білім, тәрбие, математика, логика. 
 
 
Әлемдік  стандарт  пен  қазіргі  талапқа  сәйкес  келетін  ұлттық  білім 
жүйесін құрудың мәселелерін шешуге арналған. Қазақстан Республикасында 
білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасында:  «...Бастауыш  мектептің  бағғдарламасы  баланың  жеке 
тұлғасын  қалыптастыруға,  оның  жеке  қабілетін  ашуға  және  дамытуға 

120 
 
бағытталған  ...  І  сатыдағы  оқыту  мен  тәрбиелеу  оқу  қызметінде  негізгі 
мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, 
жазу,  есептеудің  тиянақты  дағдыларын,  қарапайым  тілдік  қарым-қатынас 
тәжірибесін,  шығармашылықпен  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуді,  мінезқұлық  мәдениетін, 
жеке  гигиенасы  және  салауатты  ӛмір  салтының  негіздерін  қалыптастыруға 
бағдарланған»,  -  деп  кӛрсетілген  /1/.  Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін 
бастауыш  сыныптарда  білім  беруді  дамыта  және  нәтижелі  іс-әрекет 
тұрғысында ұйымдастыру қажеттігі туындайды. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына  жолдауында  айтылған:  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті 
елу  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы».  Бұл  стратегияны  жүзеге  асырудың 
бірден-бір  жолы,  жалпы  білім  беретін  мектептерде    -    оқыту  үдерісінде 
оқушыларды  ӛздігінен  жұмыс  жүргізу  әрекеттерін  жетілдіру  болып  отыр. 
Жалпы алғанда, ӛзіндік жұмысты ұйымдастыру мақсаты тұлғаны ӛз бетінше 
іс-әрекетке дағдыландыру.  
 
Оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстары  туралы  педагогикалық  және 
әдістемелік  әдебиеттерде  әр  түрлі  анықтамалар  кездеседі.  М.Н.Скаткин 
«Оқушыларды  тек  қана  білім  мен  білгірлік  жүйесімен  қамтамасыз  ету  аз, 
сонымен  қатар  оларды  білімге,  жаңалыққа  құштар  болуын,  ұмтылысын 
арттыруы қажет, бұның ӛзі жан-жақты дамыған адамның жеке басы үшін ӛте 
маңызды.  Тек  сонда  ғана  оқушы  жастардың  оқу  еңбегіне  деген  кӛзқарасы 
ӛзгереді, оқуға, білімге, жаңалыққа ұмтылатын болады» - деген. 
 
Н.Г.Дайри ӛзіндік жұмыстың негізгі сипаттамасына ойдың дербестігін, 
логикалық  таным,  шығармашылық  ойлауды  жатқызады.  Оның  пікірінше, 
оқушылардың ӛзіндік жұмысының нәтижелілігі оқу іс-әрекетінің сапасымен 
тығыз  байланысты.  Бүгінде  нәтижеге  бағытталған  білім  беруде  бұл  идея 
жүзеге  асырылуы  тиіс  деп  ойлаймыз.  Ӛйткені,  білім  сапасы,  оның 
нәтижелілігінің кӛрсеткіші болып табылады.  
 
С.И.Ожегов  сӛздігінде  (Самостоятельный)  ӛзбетінше  немесе  дербес, 
ӛзбеттілік деген  сӛзге,  бірінші    –   басқалардан  бӛдек ӛмір  сүретін,  тәуелсіз, 
екінші    -    шешімді,  ӛзінің  жеке  пікірі  бар,  үшінші    -    бӛгде  адамдардың 
кӛмегінсіз,  ӛз  күшімен  мақсатына  жететін  тұлға  делінген.  Міне,  осындай 
қасиеттерді  балаға  ӛзіндік  жұмыстарды  дұрыс  ұйымдастыру  арқылы 
қалыптастыруға  болады.  Дұрыс  ұйымдастырылған  ӛзіндік  жұмыс  арқылы 
баланың таным қызығушылығы арта түседі. Ӛздігінен орындайтын жұмыстар 
деп  берілген  тапсырманы  мұғалімнің  басшылығымен,  бірақ  оның  тікелей 
қатысуынсыз, оқушылардың ӛздері атқаратын жұмвстарды айтады. 
 
Егеменді  еліміздің  бүгінгі  таңдағы  ең  басты  мақсаты    -    жан-жақты 
дамыған алдыңғы қатарлы елдермен теңесу, оған жетудің басты жолдарының 
бірі әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Мұның ӛзі ұлттық 
білім  жүйесінің  даму  бағыттарын  айқындап,  оны  тың  арнаға,  жаңа  сапаға 
жеткізу қажеттілігін міндеттейді. 

121 
 
 
Қазіргі кездегі әлемде жүріп жатқан жаһандану үрдісі мектептегі білім 
беру жүйесімен оқушыны оқытып, тәрбиелеуге ӛз үлесін тигізе бастады. 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  кӛкейкесті  мәселелердің  бірі  оқыту 
үрдісінде оқушыларды ӛздігінен жұмыс жүргізу әрекеттерін жетілдіру болып 
отыр. 
 
Профессор 
Т.С.Сабыров 
оқушылардың 
ӛзіндік 
жұмыстарын 
ұйымдастырудың  маңызы  мен  міндеттерін  айрықша  ашып,  былайша 
анықтама берді.  Оқушылардың  ӛзіндік  жұмысы  жеке  ӛз  алдына  оқыту  әлісі 
бола алмайды. Оның себебі: мұндай жұмыстардың ӛзі әртүрлі әдістер арқылы 
іске асырылады. Әрбір оқыту әдісі оқушылардың ӛзіндік жұмысын қамтиды: 
оқыту  әдісінің  міндеті    –    оқушылардың  дербестігін  арттыру,  ӛздігінен 
жұмыс істей білуге баулу /2/. 
 
Бастауыш  сыныптарда  ӛзіндік  жұмыстарды  ұйымдастырудың  маңызы 
зор. Себебі, ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың іс-
әрекетінің дербестігі артады. Ӛзіндік жұмыстар дегеніміз  –  оқу жүктемесін 
мұғалімнің  кӛмегінсіз  даярлау  болып  табылады.  Оқушылар  ӛздігінен 
орындайтын  жұмыстарының  ӛзара  тығыз  байланысты  екі  міндетін  білгені 
дұрыс.  Біріншісі    –  оқушылардың  танымдық  қызметіндегі  дербестікті 
дамыту,  оларды  білімді  ӛздігінен  игеруге,  дүниеге  кӛзқарастарын 
қалыптастыруға  үйрету,  екіншісі  –  оқушылардың  алған  білімін  іс  жүзінде 
қолдана білуге баулу. 
 
А.Байтұрсынов  оқушылардың  ӛзіндік  жұмысының  маңыэы  туралы 
былай деген: «Бала білімді тәжірибе арқылы ӛэдігінен алу керек. Мұғалімнің 
қызметі  оның  білімінің,  шеберлігінің  ӛздігінен  алатын  тәжірибелі  білімнің 
ұзақ  жолын  қысқарту  үшін    –    керек  білімнің  кешікпей  дер  кезінде  алып 
отыру үшін балаға жұмысты шағындап беру керек» /3/. 
 
Ӛзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің жоғары сатысында 
болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде 
оқу  үрдісінде  жоғары  нәтижелерге  кӛмектеседі.  Ӛзіндік  жұмыс 
оқушылардың 
бойында 
ұйымдастырушылық, 
тәртіптілік, 
еркіндік, 
ізденімпаздық, белсенділік сияқты қасиеттерді дамытады.  
 
Ӛзіндік  жұмыс  –  бұл  шығармашылық  жұмыстың  бастамасы.  Сол 
себепті  де  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  олардың  ӛзіндік 
жұмысынсыз  дамыту  мүмкін  емес.  Бастауыш  сыныптарда  ӛзіндік  жұмысты 
тиімді  ұйымдастыруға  жол  ашатын  қолайлы  жағдай  бұл  оқушылардың  жас 
ерекшелігіне  байланысты  ӛзіндік  ерекшеліктері  болып  табылады.  Бұл 
жастағы  оқушылардың  ойлау  қабілеті  жоғары  және  қиялдау,  елестету, 
шығармашылық  жұмысқа  талпынысы  басым  болады.  Осы  ерекшеліктерді 
ескере келе, ӛзіндік жұмыстың негізгі үш түрін ұсынамыз: 
1.
 
Логикалық  дамытушы  ойындармен  берілген  тапсырмалар  (ребус, 
сӛзжұмбақ, анограмма). 

122 
 
2.
 
Берілген тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері 
есеп құрастыру, мәтіннің мазмұнын ӛңдеу және т.б.). 
3.
 
Ӛз  ойынан  еркін  тақырыпқа  құрастыруға  берілген  шығармашылық 
жұмыстар (ӛлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу және т.б.). 
 
Оқушыларға  ӛзіндік  жұмысты  орындатуға  соңғы  жылдары  сапалы 
түрде  бетбұрыс  жасалуда.  Оған  дәлел    –    оқушының  жеке  басын  дамытуға 
бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жасалған 
оқулықтар.  Себебі  мұнда,  оқушының  ӛз  бетімен  білім  алып,  дамуына  жете 
мән беріле бастады. 
 
Оқушылардың  ӛздігінен  атқаратын  жұмыстары  олардың  ой  еңбегін 
дамытуға  бағытталған  және  мұнда  мұғалімнің  берген  тапсырмаларын 
орындаудың ең тиімді тәсілдерін ӛздеріне іздеттіру кӛзделген. 
 
Математика  сабақтарында  оқушылардың  ӛздігінен  орындайтын 
жұмыстарын былайша жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен және 
басқа анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу, үлестірмелі материалмен жұмыс 
істеу,  сабақта  ӛздерінің  жолдастары  берген  жауапты  толықтыру, 
математикалық 
конференцияларда 
жасаған 
баяндамаларға 
немесе 
хабарламаларға  пікір  айту,  жеке  немесе  топтық  тапсырмаларды  орындау, 
рефераттар  жасау,  кейбір  кӛрнекі  құралдарды  (плакаттар,  сызбалар, 
альбомдар)  жасау,  экскурсия  кезінде  ӛлшеуге  немесе  есептеуге  байданысты 
практикалық жұмыстар орындау. 
 
Ӛздігінен орындалатын жұмыстың негізгі мазмұны  –  оқушылардың ой 
белсенділігін  арттыру.  Оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарын  дұрыс 
ұйымдастыру және жүргізу мұғалімнен терең білім, ұстаздық шеберлік, асқан 
тапқырлық, үлкен шыдамдылық талап етеді. 
 
Ӛзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: 
-
 
мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі; 
-
 
жұмысты ӛз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы
-
 
әсер етуші мотивтер. 
 
Сонымен  бірге  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарының  маңызын  түсіну 
үшін ӛзіндік жұмыстардың негізгі атқаратын міндеттерін атап кӛрсетеміз: 
-
 
Оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыру; 
-
 
Оқушылардың  алған  білімдерінің  саналылығы  мен  дағдысын 
қалыптастыру; 
-
 
Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;  
-
 
Оқушыларды сыныптан тыс дербес білім алуға дағдыландыру: 
-
 
Оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  арттырып,  үлгермеушілікті 
болдырмауға әсер ету /4/.  
 
Оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстары  оқыту  әдістерінің  барлық 
жіктелуінде жобаланып түсіндіріледі. Оқушылар оқу жұмысының бір бӛлігін 
сыныпта  орындаса,  осы  орындалған  тапсырманы  есте  сақтап,  толықтыру 
үшін  қажетті  тапсырмаларды  үйде  орындайды.  Осыған  орай  ӛзіндік 

123 
 
жұмыстарды  сыныпта  орындалатын  ӛзіндік  жұмыстар  және  үйде 
орындалатын  ӛзіндік  жұмыстар  деп  қарастырамыз.  Сыныпта  орындалатын 
ӛзіндік жұмыстардың негізгі қызметін бақылау, тексеру болса, үйге берілетін 
ӛзіндік  жұмыстар  қызметі  бекіту,  жалпылап  қорыту,  нақтылап  дәлелдеу 
болып табылады.   
 
Оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарын  тиімді  ұйымдастыру  сабақ 
сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімін терең бекітіп, жүйелі 
қалыптасуына  ӛздік  жұмысқа  берілетін  есептер  мен  жаттығулардың  дұрыс 
таңдап алынып, қарастырылуына байланысты болады.  
 
Ӛздік жұмысты ұйымдастыруда мынадай талаптар орындалуы қажет: 
     Ӛздік  жұмыстың  мазмұны  бағдарламаға  қойылатын  талаптарға  сәйкес 
келуі керек. 
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс. 
Ӛзіндік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек. 
Әрбір ӛзіндік жұмыс тексеріледі және бағаланады. 
Ӛзіндік  жұмысты  тек  қайталау  кезінде  ғана  жүргізбей,  сабақтың 
барлық кезеңдерінде , орынды жерінде ӛткізу керек. 
 
Білім  алуда  оқушының  оқуға  деген  талабы,  ынтасы,  қызығуы  және 
оқудың  қажеттілігін  сезінуі  үлкен  рӛл  атқарады.  Бұл  жайттарды  ескермей 
балаларды  білім  негіздері  мен  қаруландыруы  қиын.  Сондықтан  да  ең 
алдымен  оқушыларды  білім  алуға  қызықтыруға,  яғни  олардың  білімге 
ынтасын  арттыруға  айрықша  кӛңіл  бӛлінеді.    Сондай-ақ  берілген  білімді 
тұрақтандырып оқушыларды ӛздігінен жұмыс істей білуге үйрету қажет. 
 
Қазақстан  Республикасы  «Білім  беру  туралы»  Заңында  ұлттық  және 
жалпы  адамзаттық  құндылықта,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде 
бәсекеге  қабілетті  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу және жеке адамның шығармашылық, рухани 
мүмкіндіктерін  дамыту,  жеке  басының  дамуы  үшін  жжағдай  жасау  арқылы 
дамыту міндеті кӛзделген. 
 
Мұғалім  жұмысының  нәтижелері  тӛмендегі  ерекшеліктер  негізінде 
анықталады: 
-
 
әрбір оқушының белсенділікпен білімді терең меңгеруін жүзеге асыру 
үшін сабақты түрлендіріп ӛткізуді ұйымдастыру; 
-
 
түрлі  әдіс-тәсілдер  арқылы  оқушының  ынтасын,  қызығушылығын 
қалыптастыру; 
-
 
ӛзіндік жұмыс пен ӛзіндік бақылау жүргізу 
-
 
берілген  мәліметтер  бойынша  есептер  құру  және  оны  шығару,  оған 
ӛзіндік  талдау  жасау  барысында  оқушының    ӛзіндік  шығармашылық  
іс-әрекетін қалыптастыру. 
 
Қорыта  келе,  ертеңгі  күннің  бүгінгіден  гӛрі  нұрлырақ  болуына  ықпал 
ететін, адамзат қоғамын алға апаратын күш  –  білім. Демек, қай елдің болсын 

124 
 
ӛсіп-ӛркендеуі  оның  ұлттық  білім  жүйесінің  деңгейіне,  даму  бағытына 
байланысты болмақ. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010 
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы//Астана. - 2004. 
2.
 
Сабыров  Т.С.  Оқушылардың  белсенділігін  арттыру  жолдары.  – 
Алматы, 1993. 
3.
 
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –  Алматы: Ана тілі, 1992. 
4.
 
Оспанов  Т.Қ.  және  т.б.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқыту 
әдістемесі. –  Астана, 2007. 
 
 
Г.Ж.ОМАРОВА 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет