Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет15/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109
3 Баласағұн Жүсіп. Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған және алғысөзімен түсініктерін жазған А.Егеубаев. – Алматы: Жазушы, 1986, б.39.
4 Ж.Алтаев. «Төрт тұғырлық» өлшемдік қағида – «Құтты біліктің» құрылымдық атауы // Аңыз адам. № 18. Қыркүйек, 2013 ж., б.11.
5 А. Егеубай. Жүсіп Баласағұн: роман-эссе. – Алматы: Арда, 2005, б. 302 .
6 Қ.Молдасан. Жүсіп Баласағұнның тәлім-тәрбиелік идеяларының ұлттық тәрбиедегі ролі. // Ұлт тағылымы. № 2, 2009, б.14.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ҚОҒАМ ЖӘНЕ АДАМИ ЖЕТІЛУ МӘСЕЛЕСІ (МОДАЛЬДЫ ТҰЛҒАНЫ ЖЕТІЛДІРУ ХАҚЫНДА)


Әбжан Г.М., Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогика кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қаласы
Summary
Turkish thinker author of the article.The problem of improving human Balasana social philosophy,and the lives of people living knowledge of the norms of society, different members of society the rules of conduct, as well as the views and opinions expressed managing reporting rules baynesian the ratio. Happy the article philosopher of humanity, rahati lifestyle to society, and the basis – belgelerinde principles of politeness.
Key words: personality, as the existence of man, collectivism properties, spiritual revival
Резюме
В данной статье автор раскрывает социально - философские труды одного из великих тюркских мыслителей Ж.Баласагуни. Особое внимание было обращено развитию человека -как личности. Также отмечены элементы общественных норм и морали образованного человека. Очень хорошо отражены правила этикета, психологический фактор типа характера, субардинация между руководителем и подчиненым,взаимосвязь и межличностные отношения. Значимое место в статье уделяется нравственности, сдержанности, толерантности в отношениях между людьми для счастливого блогополучного развития и процветания как личность.
Ключевые слова: личность, образованность, человеческий фактор, человечность, духовное развитие
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Әр елдің халықтың өзіндік болмысына тән мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашаққа шақыратын, халықтың арманы мен мақсаты. Мақсат пен мұрат болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық – рухани сананың көрсеткіші – идеалды тұлға тәрбиелеу. Қазақстан халқының мұраты : еркін халық болу, өзгелермен терезесі тең мемлекет болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы белсенді азаматы дәрежесіне көтерілуі.
Қазіргі кезде жеке тұлғаны жетілдіруді ойға алғанда, адамның жан қуаттары өсуіне орай, заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат болғандықтан, бүгінгі адамға жаңаша көзқарас мәселесіне жаңаша талап қойылуда. Заманауи қоғамның мақсаты – жеке тұлғаны дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайықты азамат етіп шығару.
Қазақстан Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу», - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу - заманауи қоғамның алдағы міндеттерінің бірі. Аталмыш міндеттердің жүзеге асуына Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өмірінде орын алған асылдарымыз зор үлес қосты. Осы міндеттердің жүзеге асуына қазақ даласында өмірге келген Әл Фараби, Ж. Баласағұн сияқты ғұламалардың құнды пікірлері қоғамда азаматтық сананың дамуына үлес қосты. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек ұрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Ж.Баласағұн адамзат қоғамындағы құндылықтарға көңіл бөлді:
Бірінші құндылық Ж.Баласағұнның елдік ниетінде. Елдің еңсесін көтерген идея адамгершілікті және әлеуметтік маңызды өткір оқиғаларға назарды аудартқызды. Екінші құндылық - адами әлеует пен әлемді ұлықтауда, яғни адамдық қарым-қатынастағы жаңашылдықты, білімдар белсенділік пен сауаттылықты көтермелеуде. Үшінші құндылық - тұлғаның тәлімді болмысында, яғни кісілікке жақсылық жасаудың, туыстықтың түбір-тегін түгендеудің гуманистік көкжиегіне ықылас танытуында.
Ж.Баласағұн үшін:
1) «Тарихтың көзі де, өзі де - адам, дамудың... ыстық жүрегі де - адам». Ғұлама адамның болмысы мен жан дүниесін толық түсінуге тырысқан; Тарихтың көзі де, өзі де-адам, дамудың ыстық жүрегі де адам. Табиғаттың жаратқан құбылысының ең күрделісі де, құпияға толы әлемі де адам-деп Жүсіп Баласағұнның басты идеясын тұжырымдайды Қ. Назханов. Бұл қағида «Құтты білік» дастанының антропоцентризмдік, гуманистік сырын ашып береді.
2) «болашақ - өткен тарихты қорыту...». Бұрынғы ойшылдардың рухани мұрасымен жақын таныстығын көрсетеді;
3) замандасымен, ұрпақпен ашық, еркін сұхбаттасу барысында адаммен тіл табысады, адамзат тарихымен тілдеседі, болашағымен үндесуге ниет танытады. Осындай ұстанымдарды ұлағаттаған ақын адам болмысының іштей тоқырау нышандарына назар аударып қана қоймай, адамды тәрбиелеудің тұтас көкжиегіне шықты. Кемшілік пен білімсіздікке төзімділікпен қараса да, зұлымдыққа қарсы тартынбай күресті. Адам­гершіліктің дамуын бар болмысымен қолдады.
Ж.Баласағұн ойшыл ретінде өмір жолын, адам тағдырын және ел болашағын біріктіре талқылауды, адам болудың құндылықтарына, қасиеттеріне және тәсілдеріне деген байырғы қалыптасқан дағдыны қайта қарастыруды, толықтыруды мақсат тұтады. Рухани кеңістікті кеңейтудегі мақсат - адам болмысының әлеуетін, кісілік қасиеттердің қуатын ашып беру, еңсесін көтеру, көпшілікті жағымды ниетке тоғыстыру, түбірінде рухани жаңғыру мен мәдениетке жол ашу еді.
Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясында, яғни оның шығармашылығы мен қазіргі заман талаптарының орындалуында белгілі бір үндестікті көреміз. Байлық пен руханилықтың қайшылығы дастанда дәулет, қанағаттың пікірталасы ретінде келтірілген. Адамның тіршілікке келуі мен өмірлік мағыналары бұл дүниеден бас тартуы емес, керісінше, осы өмірден нағыз, шынайы бақыт, құт іздеуімен бағаланады, ал адамның өзі болса болмыстың құнды бір бөлігіне жатады.
Түркі дүниетанымы мен қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінде қанағат өмірлік маңызды принцип ретінде қабылданған. Адамның шын байлығы - оның әлеммен, адамдармен, мәдениетпен қарым-қатынасындағы игілігінде, барлық сезіміндегі ашық-жарқындығында, әдемілік пен үйлесімділік, жақсылық пен әділдік атаулыға ұмтылысында болып табылады. Адамды қатыгездік пен әділетсіздіктен азат ету әрекеті өмірден қашып, жетілу әлеміне баруда емес, оның өмірдегі адамдық толық қалпында сақталуында жатыр. Бірақ бұл құдыретті шектеудің аржағында адам неліктен және қалай өмір сүреді, ол өзінің қажеттіліктерін неде деп біледі деген мәселелер өзекті талқыланады. Бақытқа әрбір тұлға рухани және және денелік күштердің үйлесімді дамуының, тұлғалардың моральдық жетілуінің, әділеттіліктің сақталуының нәтижесінде қол жетпек.
Жүсіп Баласағұнның байлықты әділеттілікке қарсы қоятын әлеуметтік принциптен шыға білген. Тіпті ХХ-ғасырдың өзінде әлемнің үштен бірін қамтыған кеңестік жүйенің байлықты әділетсіздік деп уағыздап, кісілік, адамгершілік, әдептілік құндылықтарынан шығарып тастағаны белгілі. Бұл жағынан алғанда, «Құтты біліктің» авторы тереңірек пайымдайды. Жүсіп бойынша, Дәулет (Айтолды) Әділеттіліктің (Күнтуды) басты уәзірі, ақылшысы болған. Оларды бір-бірінен бөліп қарастырған сыңаржақтыққа жатады.
Бұл туралы Ж.Баласағұн өз ойын былай түйіндейді әділеттіліктің ақ туы іспеттес, күнтуды Елік - орталық, кіндік тұлға. Себебі, ізгілікті қоғамның мәңгілік арқауы - әдептілік. Ол - ана сүтімен сүйекке сіңген қасиет. Ал, ақыл да, дәулет те, қанағат та, сезім де туылғаннан емес, жүре бітер қасиеттер және тұрақты болмайды. Дәулет баянсыз, тұрақсыз, түлеп, жаңғырып тұрады. Ақыл адалға бітеді, қанағат сараңдықпен де шектесуі мүмкін. Олардың әрқайсысы жеке дара алып қарағанда дүниеге тұтқа болмайды, адамды бақытқа жетелей алмайды. Бұлар әділеттің төңірегінде топтасса ғана қоғам зиялы қоғам ретінде танылады. Әділет, бақ, ақыл мен қанағат диалектикалық бірлікте болған жағдайда ғана халық бақытқа кенеледі. Себебі, бектің бақыты - халықтың бақыттылығында. Бақыт жеке басқа тән ұғым емес. Ол-халықтық сипаттағы ұғым. Өз халқын бақытқа жеткізген билеуші ғана бақытты болмақ. [1,Б. 5].
Міне, қысқаша тұжырымдағанда, «Құтты біліктің» айтпағы осы. Демек, мәселе оның диалектик болғанында емес, хас хаджиб Қарахандар мемлекетіндегі барлық әлеуметтік топтардың орны мен маңызына бекер тоқталмайды. Қоғамның әрбір мүшесі өз орнына сай болып, толыққанды, жасампаз әрекет еткенде ғана құт пен бақытқа жетуге болады, - деген тұжырымға келеді ойшыл.
Баласағұнның әлеуметтік-этикалық концепциясының кіндік идеясы - жоғары парасаттылыққа жеке адамның рухани толысуы нәтижесінде бәрінен де бұрын ақыл-ойдың дамуы және білімге ие болу арқылы қол жетеді.
Ғұлама ақынның айтуынша, адамды білім арқылы, қайырымдылыққы жаттықтыру арқылы қайырымды іске баулуға болады. Дәл осы сияқты білім, тәрбие, өзін-өзі ұстай білу арқылы салауаттыққа, моральдық және рухани толысуға әкеледі. Ал, бұлар бақытқа жету үшін қоғамдағы адамға қажетті дүниелер. Жүсіптің білімсіздік-тәрбие, ағарту арқылы жазуға болатын әлеуметтік ауру деген пайымдауы Ибн-Синаның әлеуметтік іліміне мейлінше жақын. Баласағұнның парасаттылық, ізгілік идеялары, жақсылық пен жамандық ұғымдары адамның өзіне, оның парасатты сенімдеріне,көзқарастарына қатысты дүниелерге бағынады.
Жүсіп Баласағұнның айтуынша, адамның ақыл - ойы, білімі сияқты қайырымды адамның көмегімен адамның мінез-құлқын анықтайды. Ізгілікті қоғамдағы барлық адам өздерінің қоғамдағы алатын орнына қарамастан өз бақытын табуға мүмкіншілік беретін жолды таңдайды. Кім қайырымды болып, жамандық атаулыдан безсе, соны бақытты адам деуге әбден болады. Нағыз бақыт адамдардың ынтымақ - бірлігінде және халыққа қызмет етуінде.
Тектілік қоғамдағы қалыптасқан ақсүйектік өлшемдерді сынай келіп, Жүсіп өз әрекетінің арқасында, ақсүйек тұқымына жатпай-ақ, кез-келген адам ізгі бола алады дейді. Қайырымды адам қоғам мүддесін жеке басының қамынан жоғары қояды. Адам толық жетілуге тек қоғамда, қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынаста өз елінің игілігі үшін пайдалы жұмыс атқара жүріп қана жетеді. Адам қоғамға пайда әкелуі керек,- дейді Жүсіп Баласағұн. Адам жасаған игіліктер келесі ұрпақта қалатын және жалғасатын болғандықтан, қоғамның әрбір мүшесі жақсы ісі, екіншісі-үлгілі сөз айтады. Пенделік бақытты дәріптей отырып, ол адам игілігін одан да іздемейді. Жүсіп Баласағұн тәрбие және білім беру мәселелеріне көп көңіл бөліп, оны бүкіл ата-аналардың бірінші кезектегі міндеті, парызы деп білді. Заттар болмысы көк тәңірісімен қалай байланысты болса, тұлғалардың парасатты қасиеттерінің қалыптасуы да ата-аналарға, қоршаған ортаға сондай қатысты дейді ғұлама. 
Жүсіп Баласағұнның әлеуметтік философиясындағы қоғам және адам мәселесі жөніндегі топшылауымызды, Жүсіп өз дастанында белгілі бір әлеуметтік-мәдени тұтастықтың шынайы парадигмаларын аңғарып, оларды жоғары адамгершілік тұрғысынан шешуге немесе өрістеу бағдарларын айқындауға ұмтылады.
Бұл тамаша туындыда руханият дамуында жарқ еткен кісілік қасиеттермен бірге, қоғамдық өмірдің теріс белгілеріне шығармашыл баға берілген. Дүниенің жарық, жарқын қырларымен қоса, оның көмескі жақтарына назар аудару жалпы түркі халықтарының дүниетанымына тән құбылыс. Мұнда,мәселен әл-Фарабидің қайырымсыздар қаласы, Қорқыт қайғысы, зар заман, Асан қайғы... т.б. айтуға болады. Бұл мәселе «Құтты білікте» Қанағаттың атынан Ақылға айтылған дүние айыптары туралы бәйттерінде арнайы көтерілген.
«Құтты білік» дастанының бақытты, құтты қоғам түзету басты мақсат болғандықтан, ақын-ойшыл Платон, Аристотель, әл-Фараби ілімдерінен нәр алып, идеалды мемлекет идеясын қолдайды. Жүсіп Баласағұнның айтуынша, идеалды мемлекеттегі әртүрлі қарым-қатынастар гармониялық түрде болуға тиіс. Сол гармонияға жетудің негізгі алғышарты ретінде ойшыл адамды алады. Саясаттың субьектісі де, обьектісі де - адам. Олай болса, жеке адамның да әлеуметтік топтың да мүдделері мен мінез-құлқы қоғамда маңызды орын алуы,ол туралы жете білу қажет.
Бұл шығармада түрлі қоғамдық топқа жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеті адамгершілік, әдептілік мәселелері де көтеріледі. Сондай-ақ білімді адамдар өмір сүретін мінсіз қоғам нормалары жайлы, әлеуметтік мәртебесі әрқилы қоғам мүшелерінің мінез-құлық ережесі, сондай-ақ басқарушы және бағынушылар арасындағы ара қатынас қағидалары баяндалады. Бұл еңбегінде ойшыл бақытты, рахатты, салауатты өмір сүруі үшін және қоғамның ахлақтық негізі үшін әдептік ұстанымдарды белгілегенімен құнды.
Ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағұни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеуметтік тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігін анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады [2,Б. 2].
Бұл жөнінде американ зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді. Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни, әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады [3,Б.3].
Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағұни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық, яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысында ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ[4,Б. 115].
Қорыта келгенде, “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”,“өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған [5,Б. 5].
Ж.Баласағұн еңбегінің бүкіл халыққа қызмет етуі және жеке адамға тән ізгілікті қасиеттердің мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт – қазіргі таңда «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясатына үндеседі.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу қазіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін паш ететін шығармадан заманауи үндестіктерді салыстыра зерттеу міндеті алдағы ұрпаққа қойылатын талаптарға жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет