Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет31/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Әбілдина С.Қ., Коркина В.И. Педагогика тарихы бойынша атлас. Оқу құралы. Қарағанды, 2012 [297 – 298 б.]
2 Сүлейменов П.М. Әл- Фараби және қазақ халқының рухани мұрасы. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2011 [25 – 37 б.]
3 Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Оқу құралы. Дарын - Алматы 2004. [337 – 340 б.]
4 Нұрбекова Ж.А., Сарыбаева И.С. Отандық әлеуметтану тарихы. Оқу құралы. Алматы. «Қазақ университеті». 2011. –Б. 7.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКА ҰҒЫМЫНЫҢ ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Абдреимова К.А.,п.ғ.к., ассоц. профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты, Дене мәдениеті және спорт педагогтарын даярлау теориясы мен әдістемесі кафедрасы, Алматы қ.
Әнуарбек Ә.Ә., Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 29 жалпы білім беретін орта мектеп


Резюме
В статье рассматриваются проблемы понятия «эстетика» и эстетического воспитания в наследии известных тюркских мыслителей. Внимание акцентируется на орхоно-енисеиских письменных памятниках, сочинениях Баласагуни, Кашгари, Иугнеки.
Ключевые слова: эстетика, эстетическое воспитание, гуманизм


Summary
Problems of the notion "aesthetics" and aesthetic education are considered in article in heritage of the known Turkic thinkers. Attention is accented on орхоно-енисейских written monument, compositions Balasaguni, Kashgari, Iugneki.
Key words: aesthetics, aesthetic education, humanism

Қазақстан Республикасының Білім заңында Ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жас тұлғаны еңбекке баулып, оның кәсіби шеберлігін шыңдауға, оның білім алуы үшін жағдайлар жасау, жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және де басқа жан-жақты өзіндік мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллекті байыту, азаматтық пен ұлтжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікпен қарап, мемлекеттік Рәміздерді құрметтеп, халық дәстүрлерін қастерлеу жүктелген [1].


Әрбір жеке адамның қабілетін ашып, оның өмірін рухани бай, сан қырлы ету – қазіргі қоғамның мәдени саясатының басты міндеті. Сондықтан да осы сала бойынша жақсылық жағына қарай түбегейлі өзгерістерге жетуге күш салу, атқарылатын мәдени, эстетикалық тәрбие жұмыстарын адамдардың рухани талап-тілектерін толық қанағаттандыратындай және солардың мүдделеріне сай болатындай етіп құру болатын болса, соған байланысты айтылған эстетикалық ойлардың сонау ықылым заманнан бастап адамдардың санасына орын алғанын сол кезден бері қарай бізге жеткен туындылардан табамыз. Атап айтсақ, «Күлтегін», «Оғызнама» жазба ескерткіштерінде бұл Отанға, халқына деген сүйіспеншіліктен, күнделікті тұрмыс заттарындағы әшекей бұйымдар, әдемі бейнеленген суреттер, адамдардың кескін-келбетінде, сөйлеген сөзіндегі тіл көркемдігінде көрініс тапқан. Одан кейінгі түркі дәуіріндегі ғұламалардың жазбаларынан эстетикалық тәрбиеге байланысты көркем идеялардан бастап, адамдар арасындағы қарым-қатынас көркемдігі, ақыл-ой мен тағы да сол тіл көркемдігі, өнер, музыка, поэзия, тұрмыстық зат-бұйымдардағы талғамынан, өмір көркемдігіне берілген анықтамаларынан айқын көрінеді.
Жалпы адам атаулының бойында кездесетін адамшылық қасиеттер оның өн бойында қалыптасқан ең жоғарғы деңгейдегі эстетикалық ерекшелігі мазмұн мен форманың эстетикалық бірлігін құрайтын негіз – адамгершілік жайлы ұғымдар, ол тек тән сұлулығы ғана емес, жан сұлулығынан туындайтын эстетика. Яғни, эстетика ғылымы осы ілімді, адамның тұлғасын, оның өмір сүретін табиғи және әлеуметтік ортасын тұтас зерттеп, оларды әсемдік жағынан ажыратады.
Эстетика әртүрлі салаларды қамтитын күрделі ғылым. Сондықтан оның құрылымын белгілейтін бөліктері белгілі бір тәртіпке жүгінеді. Эстетика құрамына эстетикалық ойдың даму тарихы, эстетикалық теория және эстетикалық тәрбие беру негіздері кіреді.
Адам болмысының басты рухани нысанасы – сұлулықты түсіну және жан сұлулығана ұмтылу. Заман ағымы мен қоғамдық құрылыс сұлулық туралы өнердің даму бағыты мен талдау жүйесіне әртүрлі эстетикалық көзқарасты қалыптастырар әралуан діни жолдар, идеологиялық бағыттар арқылы ықпал еткенімен, оның түпкі нысанасы, түбегейлі, негізгі заңдылықтары өзгерген жоқ. Өйткені эстетикалық заңдылықтардың басты танымдық күретамыры – жан азығы, яғни рухани дүние кілті.
Эстетикалық тәрбие – тұлғаның рухани биік, эстетикалық мәдениеті мен адамдық бейнесіне: адамдық наным-сенімінің тұрақтылығы, адамдармен қарым-қатынасындағы жариялылықты ұстануы, өзімен бір тілектес адамдармен істес болуға деген құлшынысы, кішіпейілділік, моральдық тазалық, қайырымдылықпен қатар психологиялық сапа – эстетикалық сезім түйсігінің орнықтылығы яғни сезімталдық қасиетінің жоғарылығы, адамға деген эстетикалық сенімділігі, эстетикалық саналылығы, сөзі мен ісінің, әрекет-дағдысының бірлігін қатар ұстап, өзінің ісін көпшіліктің ісіне бағыттай отырып, шыншылдық, ұстанымдылық, адамдық қажетті сезіне білуі, рухани сұранысы кең, мәдени ой-өрісі, эрудициясы, өздігінен білім алуға деген ұмтылысы мен оны қажетсінуі, эстетикалық талғамының дамығандығын көрсетеді.
Эстетикалық тәрбие әсемдік сезімін қалыптастыру, көркемдік қабілетті орнықтыру. Эстетика – сұлулық туралы ілім, ал сұлулық – әдемілік, ал әдемілік – эстетикалық құндылық эталоны. Бірақ адамның мінез-құлық, қарекет қимылы, пиғыл алалығы мен жалпы ажар көркінің кереғар алшақтығы сықылды, табиғат, жаратылыс құбылыстарының сұлулығы мен қоғамдық қатынастар келбеті де бір өлшеммен қарастыруға келмейді. Тіршіліктің, көркемөнердің трагедиялық, драмалық, сайқымазақтық сан-салалы өрісінен әдісі айқындалар эстетикалық ойлар қазынасы ХYIII ғасырда ғана неміс философы А.Баумгартен еңбегімен ғылыми мәртебе алып, кейін Гегель дәрістері арқылы дамыған [2].
Эстетика ұғымы шығыс ғұламаларының да зерттеу өзегі болған. Ұланғайыр қазақ даласында, атап айтқанда, Сырдария бойында – ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, екінші ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің әлем эстетикасына қосқан үлесі шексіз.
әл-Фараби – дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Ұлы ойшылдың көз тіккен эстетикалық проблемаларының ауқымы үлкен, шеңбері кең. Эстетика мәселесі жөнінде айтқан тың пікір, батыл тұжырымдар оның көптеген шығармаларында кездеседі. Сол кездің өзінде ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар» атты т.б. еңбектерінде мемлекет, қала басшысының бойынан табылуға тиіс жағымды қасиет пен жақсы қылықты, әдемілік пен әсемдікті, эстетикалық, этикалық тұрғыдағы мәселелерге көбірек көңіл бөлген [3]. Ғалымның айтпақ болған идеяларының басты түйіні – оқу-білім, рухани қажеттілік, сұлулық. Ғұлама көркемдікті адамның рухани дүниесі мен эстетикалық сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруда музыкаға үлкен мән беріп, оны сұлулықты сезінуде үлкен күш екенін атап көрсетеді.
Сонау көне заманның өзінде-ақ Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес ұлыстардың өзіндік мәдениеті, жазуы мен өрнегі болған. Қазақ эстетикасының арнасы көне түркі жазуындағы Қожа Ахмет Иассауи мен Ахмет Иугнекидің және т.б. ғұламалар еңбектерінде эстетикалық мәдениет пен мұраттың түбегейлі мәселелері көркем суреттеледі.
Түрік, қазақ даласының аса білікті, дана тұлғасы Махмұт Қашқаридың «Түрік тілінің сөздігі» атты еңбегінде тілге де, санаға да жеңіл тиетін шымырлық, ұшқырлық, ішкі ұйқас, үйлесімділікпен құбылып келетін «Балықтың өзі суда, көзі тыста», «Жылқы еті – жұпар», «Күндестің күлкісі де жау», «Ағашты ұзын кес, темірді қысқа кес», «Мысықтың баласы мияулап туады» т.б. мақал-мәтелдері қазіргі қазақ мақалдарының түп-төркіні деп ұғуға болады [4]. Олар көркемдік-эстетикалық таным өрнектері болумен бірге, тарихи дерек те. Ұлттық тарихи-мәдени мұраның өлмейтін өрнегі, өшпейтін тынысы, жоғалмайтын қазынасы.
Жоғарыда аталған ғұламалардың еңбектерінің қатарында түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастаны ерекше орын алады.
Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында эстетикалық мәдениетінің ізгілік қасиеттен бастау алатындығы анық көрінеді. Адамның дүние мен өз әлемін танып-білген танымы ізгілікке жол ашады. Әрі ізгіліктің әз жолынан таймағанда ғана ақылдың қасиеттілігі танылады. Ізгілік ақылмен толып, кемелді болмақ, сөйтсе де ақыл – ізгіліктің қызметшісі. Ақыл өз қасиеті мен затын ізгілік жолында жүріп қана сақтап, ақтай алады. Еліктің Өгдүлмішке «Жаратқан, екеумізді екеуара қаратқан» деп, ақыл мен ізгілік бір-бірінен бөлуге келмейтін егіз ұғымдар болса да, ақылдың ізгілік жолындағы қызметі көбірек көрінеді.
Сөйтсе де ізгілік бейнесіндегі Елікке әр нәрсені танытып, оның өзін де ізгі ете түсуші Өгдүлміш, яғни ақыл. Кісілікті сақтап, ізгілікке бастайтын – ақыл. Елік Өгдүлміштің, яғни ізгілік ақылдың көмегіне зәру. Ақыл да ізгіліктің ісіне терін төгіп кіріседі. Әділет, жомарттық, ізгілік – бәрі де ақылдың арқасында қасиетті көрінбек.
Әсемдік пен ақиқатты қатар дамытқан, шыншылдық пен үйлесімділікті талап еткен ғұлама табиғаты адамгершілік-мораль ұғымдарына қайталанбас эстетикалық сұлулық сыйлады, сөйтіп, ең биік, ең сұлу, ең жоғары, ең үйлесімді құбылыстың құндылығын танытты.
Жалаң сұлулық емес, ішкі және сыртқы әсемдігі тұтастық тапқан көркем дүние ғана, шын мәнінде, эстетикалық қабылдаудың шыңына көтеріліп, адамзат алдындағы құндылығын арттыра түседі.
«Құтты білік» дастанында сөз болған сұлулық өлшемі – құбылыстың прогрессивті дамуы. Бұл – гармония (үйлесім) деп аталады. Эстетикалық жағынан тұщымды құбылыс ұдайы прогрессивті даму ықпалында тұрады, сөйтіп эстетикалық сезім қалыптасады. Құбылыс жан-жақты даму үстінде тұрса, сол соғұрлым сұлу болып бой көрсетеді. Өйткені, сұлулық гармонияның (үйлесім) көрінісі, ал гармония дегеніміз даму барысының кемелденген кезеңі. Ж.Баласағұн өз еңбегінде эстетикалық сезім арқылы адамдардағы табиғи және әлеуметтік ортада кездесетін эстетикалық құбылыстарды бейнелеп қана қоймайды, әсемдікті көріксіздіктен, жақсылықты пасықтықтан, шаттықты қайғы-қасіреттен ажыратып отырады. Жамандықтың сөгіс, жақсылықтың мақтау екендігін айтып, қайсысын қалайтынын адамның өз еркіне қалдырады.
Жақсы болсаң, атың жақсы мақталар,
Жаман болсаң, ай ер, сөгіп, датталар.
Не тілейсің, бірін қалап, таңдағын,
Жаман-жақсы болса өкініп қалмағын, – дей келе, құлқы жаман зұлымның өзі істеген жамандығына орай қайғы-қасіретке тап болғанын айтып, одан аулақ болуға үндейді [5].
Эстетикалық сезімнің қалыптасуымен эстетикалық талап қоса дамиды. Ал эстетикалық талап – адамның бір кезде алған эстетикалық толғанысты, ләззәтті, рахатты қайта көксеуі; соны армандап, қайта тағы кездесуге тырысуы, әрекеттенуі. Эстетикалық талапты түсіне білу эстетикалық мүддені тудырады. Эстетикалық мүдде адамның сұлу әлде ұсқынсыз заттарға деген эстетикалық көзқарасына бағыт беріп, шындықты эстетикалық тұрғыдан қабылдауға, сұлу заттарды саналы түрде өндіруге ынталандырады. Эстетикалық мүдде эстетикалық талаптың жүзеге асуына көмектеседі, оған бағыт береді.
Эстетикалық тәрбие жеке адамды тұтас тұлға ретінде дамытып, қалыптастырудың құрамды бөлігі ретінде қабылданатын жан дүние, ішкі сезім тәрбиесі болып есептеледі. Біз тәрбие құралы етіп таңдап отырған көркемөнер шығармаларында көркемдікке, ұсқынсыздыққа, тұрпайылыққа, асқақтыққа, әжуа мен таяздыққа, қасірет, қайғы және адамның өзге де өмірлік сипаттамаларына тән эстетикалық санаттар кеңінен көрініс тапқан.
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Эстетикалық тәрбие дегеніміз – Ильинаның айтуынша – өнердегі, табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы тәрбиелеу деген сөз . Сондықтан эстетикалық тәрбие барлық барлық тәрбие саласының өте маңызды, құрамдас бөлігі болып табылады [6].
Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, «Құтты білік» дастанын оқыту қандай мақсаттарды қамтиды:

  • дастанның өзіндік табиғатын даралай отырып, оның адамзат тарихымен тығыз байланыстылығы жайындағы білімдерін қалыптастыру;

  • ізгілік қасиеті қалыптасқан, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар, өзіндік эстетикалық көзқарасын жүйелей білетін, тіл байлығы мол, сөз мәдениеті жоғары, сөзге ұста, тілге шешен жеке тұлға тәрбиелеу. Оқушылардың ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеу, жаза білу машықтарын дамыту.

  • оқушыларды дастандағы автордың көзқарасын танып-білуге, сол арқылы автордың идеясына болжам жасай білуге үйрету.

Қандай мәселе туралы толғамасын, Ж.Баласағұн адамды бақытсыздыққа ұшырататын зорлық-зомбылық атаулыға, қорлау мен арамдық, қулық-сұмдыққа қарсы шығып отырады. Өзі дүниенің ең мәнді тұғыры деп сенген қасиеттерге ой салып, соны меңзеп отырады. Жаман жүрерсің, жақсы жүрерсің, бай бол, кедей бол – ізгіліктен айныма. Туған екенсің, әйтеуір өлетінің де айқын. Оған қарап түңілме, азғындама. Адам бол, адамшылық ғұмыр кеш деп насихаттайды.
Қорыта айтқанда, дастанның қоғамдық-әлеуметтік толғамдары, эстетикалық таным мен түсініктері бүгін де құнын жоғалтпаған, бағалы, дүние болып қала береді. «Құтты біліктің» осынау асыл қасиеттері әлі де талай ғасырлар ұрпағына тәлім-тағылым берері анық. «Құтты білік» - ізгілік, кісілік туралы білім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет