Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет37/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109
Список литературы:
1 Бартольд В. Баласагуни. Сочинения. 3-том. – Москва: Наука, 1965.
2 Жарықбаев Қ.Б. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы, «Қазақстан»,1996
3 Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы (Құрастырушылар Жарықбаев Қ.Б., Калиев С.) І,ІІ-том, Алматы, Рауан , 1994,1998 жж.


«ЖҮСІП ХАС ХАЖИБ БАЛАСАҒҰНИ» КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ТҰЛҒАСЫ ТУРАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР
«ЖҮСІП»! АҚИҚАТТЫ АЙТ ЖӘНЕ ӨТІРІКТЕН АУЛАҚ БОЛ!


Сейд Джавад Джалали Киясари, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы жанындағы мәдени өкілдіктік мәдени істер жөніндегі атташесі


Резюме
В этой статье рассматриваетются яркость личности и творчества великого тюркского мыслителя Юсуфа Баласагуна. Его философия истории как по форме, так и по содержанию, может рассматриваться как синтез поэзии, истории и философии, этих трех главных органов человеческого самопознания и величайших духовных потенций.
Summary

The article deals with the brightness of the personality and creativity of the Great Turkic thinkerYusuf Balasaguni. The philosophy of history Yusuf, both in form and content, can be regarded as a synthesis of poetry, history and philosophy, the three main organs of the human self - knowledge and the greatest spiritual potencies.
Хижри қамари санағы бойынша 412 жылыескі Туран жерінде, қазіргі Қашқар қаласына жақын орналасқан Баласағұн қаласында бір адам дүниеге келді.Оның өмір баяны туралы шығармасынан алынған деректер болмаса, өмірінің алғашқы кезеңі туралы толық мәліметтер жоқ.Оның ана тілі түркі тілі және ислам дінінің сүннетке және жамағатқа ерушілер ағымында болған. Ол ұлы ислам пайғамбарын және оныңтекті отбасын жақсы көретін.
Жүсіп Баласағұн өзінің үлкен шығармасын сол дәуірде билеуші болған заман патшасы Бұғраханға табыстаған кезде, патша оның еңбегін жоғары бағалап, Хас Хажиб деген атақты береді. Ол ирандық Хафиз Ширази сияқты көп саяхатқа шықпаған, өмірің көп кезеңін Қашқар қаласында өткізген.
Оның шағармасынанөзінің жерлестеріЕскі Түркістанда өмір сүрген атақты философтарӘл-Фараби және Ибн Синадан әсер алғанын байқауға болады. Әсіресе оның шығармасындаИбн Синаның даналық ойларының іздері сезіледі.
Жүсіп Баласағұн«Лұғате әлтүрк»шығармасының авторы Шейх Махмуд Қашқаримен замандас болса да, өзінің шығармасында онымен таныс, не болмаса замандас екені туралы еш нәрсе жазбаған.
Бұл ғұлама өзінің шығармасында Зақақ пен Фәридун дастанынан мысалдар келтіреді, осы жерден оның Фирдаусидің дастаны Шахнамені бұрын оқығанын және Иран ертегілерімен таныс екендігін байқауға болады.
Фирдаусидің Шахнамасы «Құтты білік»дастанынан 60 жыл бұрын жазылған және 416 жылы Фирдауси қайтыс болған кезде, Жүсіп 4-5 жаста болатын. Ол Түркістанға және Мавренахрға ислам діні жаңадан тараған болсада, ислам дінін терең түсінген және дін мәселесіне ашық ой-пікірмен, ақылмен және әдептілікпен қараған.
Оның көзқарастарының айнасы болып табылатын шығармасы ақыл және ислам шариғаты негінде жазылған болса да, әлі де ескірмеген және қытай ойшылы Конфуций және ирандық Бозоргмехр насихаттары сияқты өз маңыздылығын жоғалтпаған.
Бұл ұлы ғұламаның көзқарасындағы негізгі ерекшеліктердің бірі адамзатты құрметтеу қағидасы және оның шығармасында дінге және ұлтқа байланысты мәселелер талқыланбаған, сол себепті бұл шығарма мұсылман, не болмаса басқа діндегі адамдарға ортақ, құрметке лайық шығарма болып табылады.
Жүсіп Хас Хажибтің тұлғасы діни тәлім және ғылыммен араласып, заман патшасына да өз әсерін тигізеді және оны дін жолына шақырады. Сол заманның билеушілері және лауазымды адамдары оның көзқарастарына құрмет танытып, насихаттарын жүрегімен және жан-тәнімен қабылдаған.
Оның шығармасында пайғамбар туралы жазылған шұмақтар да бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет