Құрсақішілік (жатыр ішінде) даму кезеңі



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата03.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#112837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
салмак-бой коэффициентін 
(СБК) анықтай-
44


ды. Салмак бой коэффициент немесе салмак бой индексі (СБИ) Кетле I немесе 
Тур индексі деп те аталады.

Туылгандыгы салмагы (г)
Туылгандагы дене узындыгы (см)
Қалыпты жағдайда бүл көрсеткіш 60-қа тен және одан жоғары болуы керек. 
Ал одан төмаі болған жағдайда 
туа болған (антшальды) гипотрофия деп есептелі-
неді. 
59—56 пайыз I дәрежелі туа болтан гипотрофия. 55—60 пайыз — II дәрежелі 
туа болған гипотрофия. 49 пайыз және одан томен III дәрежелі туа болган гипотрофия.
Бірінші 3— 5 күнде жаңа туған баланың алғашқы 6— 8 пайыз немесе 150— 
300 г салмағы кемиді. Бүндай салмақтың кемуі барлык балаларда кездеседі де, 
балалардың организмінде ешқандай ауытқулар болмайды және болашақта бала- 
ның денесінің дамуына әсерін тигізбейді. Сондықтан бүл процесс 
салмақтын
физиологиялык төмендеуі 
деп аталады. 4— 5 күннен бастап оның салмағы қайта 
өсіп, екінші аптаның соңына қарай салмағын қалпына келтіреді. Біразырақ бала­
ларда (әлсіз, емшекті ықылассыз аз еметін балалар) бастапкы өз салмағын қуып 
жету мерзімі 15 күнге дейін созылуы мүмкін.
Салмақтын физиологиялык төмендеуі 
гөмендегі жағдайларға байланысты: 
Бірінші күндері анасының сүтінің аз және баланың ему күшінің әлсіздігіне 
байланысты тағамның аз болуы; терісі және тыныс мүшелері арқылы (булану) 
судың бөлінуі; ана қүрсағында пайда болып, бірінші өлшегенде есепке алынған 
судың зәрмен және нәжіспен бөлінуі; туылу жолдарында жұтылған ұрық 
айналасындагы сумен, канмен және басқа бөлінетін сұйықтармен қүсуы; кіндік 
буының қалдығының кебуі.
Жаңа туған балалардың салмагының физиологиялық төмендеуінің үдеуіне 
және алғашқы қалпына келуінің кідіруіне эсер ететін бірпеше факторлар бар:
1. Алғашкы салмагы үлкен балалар .
2. Алғашқы жүктіліктен туган балалардың кезекті жүктіліктен туған балаларға 
Караганда салмағы көп кемиді де, кештеу қалпына келеді. Бұл процесс, бірін- 
ші босанған ананың сүт шығару қабілеті тез арада емес, біртіндеп қалып- 
тасатынына байланысты.
3. Туылу уакытының үзақтығы және туылу жолдарында алған жарақаттары- 
ның дәрежесі.
4. Ер балалардың, әдетте алғашқы салмағы үлкен болгандыктан, қыз балалар- 
га Караганда көбірек кемиді.
5. Терісінің физиологиялык сарғаюы көбірек болған балалардың салмағы 
артығырак кемиді және киінірек қалгіына келеді.
6. Дене салмағының калыптасуына баланын тамактануы үлкен эсер етеді.
7. Қоршаған ортаның жагдайы (ыстыгы, салкындығы, ылғалдығы және т. б.).
8. Баланың денсаулығын әдейі атап ету керек.
Дене салмағының физиологиялык кемуінің қалпына келуі екі түрлі жолмен 
жүреді: 
а) идеальды
— алгашкы 3— 4 күнде төмендеп, өмірінің 7— 10 күнінде 
калпына келеді (жаңа туылған баланың 25 пайызында кездеседі); 
б) дене салма­
гы 3

4 кун кемиді,
сосын 1— 3 күндей сол кеміген деңгейінде тұрады. Өмірінің
12— 15 күндерінде біртіндеп көтеріліп, алғашкы деңгейіне жетеді (70—75 пайыз
45


балаларда байкалады).
Дене салмағы алғашқы қалпына келген соң, тез өсе бастайды. Бір жасқа 
дейінгі балалар неғұрлым жас болса, салмағының өсу қарқыны солғұрлым 
жоғары болады.
1. Туғаннан кейінгі бірінші айда бала 600 г салмақ қосады. 2— 3 айда 800 грамм- 
нан, 4 айда 750 г, 5 айда 700 г. Әрі қарай әр ай сайын 50 г кем қосып отырады. 
Бір жасқа дейінгі баланың дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + ай 
сайынғы салмақ қосуы.
Мысалы: 
3 айлық бала, туылган салмагы 3500 г. Тиісті салмагы

туылган
салмагы + ай сайынгы салмақ қосуы = 3500

600

800 + 800 = 5700 г.
2. Тиісті дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + 800 г х я .
800 г
— бірінші жарты жылдыкта ай сайын қосатын орташа салмақ
п
— аймен есептелген жасы.
Екінші жарты жылдықта бұл формула өзгереді:
Тиісті дене салмағы = туылғандағы дене салмағы + бірінші жартыжылдықта 
қосылған салмағы (800 х 6) + 400 (л-6). 
п
— аймен есептелген жасы,
400 г
— екінші жартыжылдыкта ай сайын қосатын орташа салмақ.
3. Алты айлык баланың салмағы 8200 г. Әрбір жетіспейтін айға 800 г алынып 
тасталады: 
8200 г - (6-п) х 800;
Әрбір артық айға 
400 г
қосады: 
8200

(п-6) х 400.
п
— аймен есептелінген жасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет