Соңғы 40—50 жылдарда жаңа туылған нәрестенің дене ұзындығының 1-2
сантиметрге, салмағы 150—500 г арытқаны белгілі болып отыр. 4000 граммнан
артық салмақпен туылған балалар саны 10— 16 пайызға дейін көбейеді.
Қазіргі
бір жастагы балалардың дене салмағы осыдан 50 жыл бұрын туған балалардан
1—2 кг артық.
Даму мен өсу акселерациясы бір жасқа дейінгі балаларда бойының жоғарғы
көрсеткіштерімен, еңбегінің ерте бітуімен, сүттік тістерінің ерте шығуымен
болжалынады. Бұрын салмағы 5—6 айда екі есе артатын болса, қазір бұл процесс
4—4,5 айда болатын болып отыр. Ал үш есе артуы 11— 12 айдың орнына 10— 11
айда болатын болды.
3-тен 7 жасқа дейінгі балаларда осу жэне даму
акселерациясын тұлғасының
өсуінен, сүт тістерінің ерте ауысуынан көруге болады. Мектеп жасындағы бала
ларда, тұлғаларының мөлшерімен қатар акселерация қаңқаның сүйектенуінің,
жыныстық және эмоциялық жетілудің жылдамдауынан, санасының және әлеу-
меттік сезімінің ерте жетілуінен көруге болады. XIX ғасырмен салыстырганда
жыныстык жетілу 1,5— 2 жыл ерте бітеді.
Акселерация құбылысы ішкі және сыртқы күрделі факторларға байланыс-
ты. Оның себебі Е. Кох (1953) рахит ауруларының алдын алу үшін
берілетін
Д-витаминінде деп есептеді. Сонымен қатар, урбанизациялық процестің де
акселерация үшін маңызы зор болып есептелінеді; көшедегі жүріс жылдам-
дығы:
каланың шуы, киноның, театрдыц, теледидардың және басқа ақпараттык
мәліметтер әсері; дене тәрбиесі, спорт, медициналық көмек, әл^меттік жағдай-
лар әсері. Қазіргі кездегі коршаған ортанын сәулелік (радиациялық) жағдайы-
ның әсерін де естен шыгаруға болмайды.
Дегенмен қазіргі балалар бұрынғы қүрдастарынан ақылды деп айтуға бол
майды. Тек қана басылымдарға, радио-, теледидарға және басқа ақпараттық
мәліметтерге байланысты білімдері артық деп айтуға болады.
Антропометриялық көрсеткіштер карым қатынасына және биологиялык
жетілу деңгейіне байланысты акселерацияны гармониялық
және дисгармония-
лык етіп екі түрге бөледі. Гармониялык акселерацияға антропометриялық көр-
сеткіштер мен биологиялык жетілуі бұл жыныстық-жастық топ үшін орташа
көрсеткішгерден артық балалар жатады. Дисгармониялық түріне іқұрдастарына
Караганда бойының ұзындығы артық, ал жыныстық дамуының белгілерініц жеті-
луі қалыпты немесе томен балалар жатады. Сонымен қатар, керісінше жыныс
тык
жетілуі жасынан артық, ал дене дамуының каркынды (жылдам) дамуы
байқалмайтын балалар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: