Сүт тістері кезені — 1 жастан 6— 7 жас аралығы:
а)
Мектеп жасына дейінгі жас алдындагы (үлкен бөбектер бакшасы жа- сындагы) кезең. 1-ден 3 жасқа дейін созылады. Күнделікті өмірде 3 жасқа
дейінгі балалар ерте жастағы балалар болып есептелінеді.
б)
Мектеп жасына дейінгі кезең 4-тен 7 жаска дейін созылады. 1-ден 3 жасқа
дейінгі кезең ас қорыту жүйесінің, козғалысқа икемділігінің, сөйлеудің және
сана-сезімнің жетіле түсуімен сипатталады. Бұл кезеңде балалар өте қозғалғыш,
білуге кұмар болып келеді. Қоршаған ортамен белсенді түрде қарым-қатынас
жасап отырады. Бұл кезеңде гигиеналық тәрбиеде жіберген кателіктердін орнын
толтыру және күн тәртібін орындаудың маңызы өте үлкен, үйткені бұл жастағы
балалар сыртқы ортаның ықпалына өте сезімтал болып келеді. Бұл кезеңде бала
лар қызылша, көк жөтел, жел шешегі, вирусты гепатит, дизентерия және т. б.
аурулармен жиі ауырады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала организмі нығая түседі, бүлшық ет
жүйесі дамып қатаяды, қаңқасының дамуы жалғаса береді.
Мектеп жасына дейінгі кезеннің соңын ала сүт тістері алмаса бастайды. Бұл
жастағы балалар білуге қүмар, бірақ тәжірибесі аз, үлкендердің бакылауы аз эсер
ететін болғандықтан жиі жарақаттар алып түрады. Бұл кезеңде өткен кезеңге
Караганда даму құбылысы әлсірейді. Біртіндеп балалар организмінің барлық
қызметі жетіледі, бірақ дегенмен де кызметінің жеңіл бұзылу мүмкіншілігі сақта-
лып кала береді. Жекелеген мүшелердін ауруларында жалпы (диффузиялық) реак-
циямен жауап беруге бейімділігі азая бастайды. Айналасындағы адамдармен
жиі қатынасатын болғандықтан бүл жастағы балалар жұқпалы ауруларының ба-
рысы жеңіл болып келеді де, ауыр аскынулары сирек кездеседі. Туберкулезбен
ауру жиіліі і артып, эндокриндік жүйесінің бұзылу белгілері байқалады.
Балалык шактын келесі кезеңі мектеп жасындағы балалар. Бүл кезең екіге
бөлінеді. Кіші мектеп және үлкен мектеп жасы кезеңдері.