Используемые литературы:
1.
Поварова И.А. Коррекция заикания в играх и тренингах, СПб.: Питер,
a.
2004 г.
2.
Власова Н.А. О заикании детей дошкольного возраста // Педиатрия. -
1974. - №7. - С.82-85.
3.
Карвасарский Б.Д. Неврозы. - Москва.: Медицина, 1990. - 576с.
4.
Крыжановский Г.Н. Общая патофизиология нервной системы.
Руководство. - Москва.: Медицина, 1997. - 352с.
5.
Логопедия / Под ред. Л.С. Волковой - Москва.: Просвещение, 1995. -
528с.
6.
Мастюкова Е.М. Лечебная педагогика (ранний и дошкольный
возраст): Советы педагогам и родителям по подготовке к обучению
детей с особыми проблемами в развитии. – Москва.: ВЛАДОС, 1997. -
304с.
7.
Меньшикова С.В. Коррекция заикания у детей. Практическое пособие
для логопедов и родителей. - Казань: "Лиана", 1999. - 112с.
8.
Миссуловин Л.Я. Заикание и его устранение. - СПб.: ООО "СЛП",
1997. - 144с.
9.
Пеллингер Е.Л., Успенская Л.П. Как помочь заикающимся
школьникам. - Москва.: Просвещение, 1995. - 176с.
10.
Рычкова Н.А. Логопедическая ритмика. - Москва.: ГНОМ-ПРЕСС,
1998. - 36с.
11.
Селиверстов В.И. Заикание у детей: Психокоррекционные и
дидактические основы логопедического воздействия. – Москва.:
ВЛАДОС, 2000. - 208с.
Түйіндеме:
Бұл мақалада мектеп жасындағы және мектепке дейінгі шақтағы
балалар арасында ең жиі кездесетін кемшілік- тұтықпаны жоюда жаңа
технологиялық әдістердің маңыздылығы туралы айтылған.
144
Summary:
In the article examined about importance of new technological methods in
corrections stammer as often shown defect speech for the children of preschool
and school age.
ӘӨЖ: 378.1.091.12
ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН БІЛІМ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ
ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ МЕН ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Бидайбекова Гульвира Мұқанқызы - Абай атындағы Қазақ ұллтық
педагогикалық университеттінің магистранты
(Қазақстан Республикасы Алматы қаласы)
Аңдатпа. Бүгінгі таңда білім беруді жетілдірудің негізінде
құзыреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге
бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім
мазмұнына алмастыру қажаеттілігі көрсетілген. Заман талаптарына сай
интеграциялап оқыту жүйесі, соның негізінде болашақ педагогтардың
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі көп зерттелуде және де
кәсіби құзыреттілік түрлері, бағыттары, әдіс-тәсілдері сараланып,
олардың практикада қолдану мүмкіндіктері артуда.
Кілт сөздер: білім, жоғары педагогикалық білім, интеграцияланған
білім, кәсіби құзыреттілік.
Аннотация. В современном обществе компетентностный подход
представляется, как основа развития образования. В концепции развитий
образовании Республики Казахстан до 2015 года так же показано, что
компетентность направленна на знание, то есть потребность в замене
содержаний образования направленной на результат. Многие ученые
исследуют систему современного интегративного обучения, в том числе и
проблему формирования профессиональной компетентности будущих
педагогов и сортируются приемы, методы, направления и виды
профессиональной компетентности, возможности применять их на
практике.
Ключевые слова: образование, высшее педагогическое образоване,
интегративное образование, профессиональная компетентность.
Abstract. In modern society competence-based approach is represented, how
a basis of a development of education. In the concept of developments formation of
the Republic of Kazakhstan till 2015 as it is shown that competence is directed on
knowledge, that is need for replacement of contents of education directed on result.
Many scientists researching the system of modern integrative learning , including
145
the problem of formation of professional competence of future teachers and sorted
techniques, methods, trends and types of professional competence , the ability to
apply them in practice.
Keywords: education, the higher pedagogical education, integrative
education, professional competence.
Елдің экономикалық қуаттылығын дамытуда бәсекеге қабілетті кәсіби
мамандар даярлау міндеттерін жүзеге асыратын бірден-бір күш жоғары оқу
орындары
болып
саналады.
Қазақстан
Республикасы
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «….білім беру сапасы
ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Еліміздің жоғары оқу
орындары алдыңғы қатарлы әлем университеттерінің құрамына енуге
ұмтылуы тиіс» деп, [1] жоғары оқу орындарының басты мақсаты – әлемдік
стандарт деңгейінде білім беру, дүние жүзілік деңгейге көтерілетіндей
баспалдақтардан өтуге бағыт берумен қатар, студенттерге қоғам талабына
сай жоғары кәсіби біліктілік пен құзыреттілігін қалыптастыруды ұсынған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты –
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға
дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетіліп,
интеграцияланған білім кеңістігінде болашақ педагог кадрлардың кәсіби
құзыреттілігін арттыру мәселесі өзекті екендігі айтылған.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
«құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты
бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады. Осындай
бәсекеге қабілетті жоғары білім деңгейіне жету үшін оқу үдерісін соған сай
ұйымдастыра білетін, білім алушыларға білімді өз бетінше еңбек етіп
алатындай күйге жеткізе алатын, өзі де осы аталған құзыреттіліктерді
меңгерген, кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ
мұғалімдер даярлау міндеті тұр.
Отандық ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, интеграцияланған
білім жағдайында жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді дайындау
үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі соңғы
жылдары тереңірек қарастырыла басталғандығын байқадық. Қазіргі кезде
кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және практикалық
аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді екен.
Б.Т.Кенжебеков жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың
кәсіби құзіреттілігін зерттеу барысында кәсіби құзыреттілік ұғымына
мынадай анықтама береді: «кәсіби құзыреттілік - бұл кіріктірілген іргелі
білімдер, адамның қабілеттері мен жинақталған біліктіліктерінің, оның
кәсіби маңызды сапаларының, технологияны жоғары деңгейде меңгеруінің,
мәдениеті мен шеберлігінің, ұйымдастырудағы шығармашылық әрекетінің,
өзін-өзі дамытуға дайындығының бірігуі» [2].
146
Ғалым Б.Т.Барсай өзінің докторлық диссертациясында: «... Болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін
қалыптастырудың ғылыми негіздері: әдіснамалық, теориялық және ғылыми-
әдістемелік білім деп анықтадық» – деген ойын төмендегі суретте (1-сурет)
көрсеткен [3].
Әдіснамалық
білім
Теориялық
білім
Мұғалімнің кәсіби-дидактикалық
кұзіреттілігінің логикасы
• ғылым әдіснамасы
• педагогика әдіснамасы
• мұғалімнің
әдіснамалық білімдері
• кәсіби білім беру
педагогикасындағы
әдіснамалық тұғырлар
(жүйелілік, тұлғалық,
әрекеттік, ақпараттық,
құзыреттілік,
мәдениетнамалық)
• кәсіби-дидактикалық
құзіреттілік
қалыптастыру
теориялары
• кәсіби-дидактикалық
құзіреттілік
қалыптастыруға
арналған арн. курстар,
семинарлар
• жаңашыл
тәжірибелерді зерттеу
және жалпылау
теориясы
• педагогика
ғылымының
жаңалықтарын мектеп
практикасын ендіру
теориясы
• педагогика ғылымы
мен практиканың өзара
байланыс теориясы
• мектепте ғылыми-
әдістемелік жұмыстарды
ұйымдастыру
теориялары
• жалпы орта білім беру
теориясы
• дидактикалық білім:
-мемлекеттік білім беру
стандарттары(жалпы
орта білім,
педагогикалық білім
беру)
• білім мазмұны
• ЖОО-дағы болашақ
мұғалімнің кәсіби-
дидактикалық іс-әрекеті
• білім беру және
ақпараттық
технологиялар
Ғылыми-әдістемелік
білім
Әдіснамалық негіздері
Теориялық негіздері
Ғылыми-әдістемелік
негіздері
Мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігі
Жалпыдан
Жекеге
Кәсіби білім берудің әдіснамалық
білімдері (заңдылықтар,
ұстанымдар, теориялар,
тұжырымдамалар, әдістер,
ұғымдар, түсініктер т.б.)
Оқытудың жалпы әдістемесі, яғни
жалпы орта білім орта және жоғары
педагогикалық білім беру
дидактикасы
Білім беру практикасы
147
Сурет 1 - Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби-дидактикалық
құзыреттілігін қалыптастырудың негіздері
Ғалым Б.Т.Барсайдың ашып көрсеткен әдіснамалық, теориялық және
ғылыми-әдістемелік білімдердің болашақ педагогтарды кәсіби шыңдау
мақсатында қолданудың маңызы ерекше болып табылады. Өйткені,
интеграцияланған білім кеңістігінде студенттерді кәсіби дамытуда, олардың
кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде қолданылатын теориялық білімдер: кәсіби-
дидактикалық құзіреттілік қалыптастыруға арналған курстар, семинарлар;
мемлекеттік білім беру стандарттарын (жалпы орта білім, педагогикалық
білім беру) оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану тиімді нәтиже берері
сөзсіз.
Осы пікірге сүйене отырып, интеграцияланған білім негізінде болашақ
педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқу-тәрбие процесі
барысында игеруі тиіс білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске
асыруды қамтамасыз ететін, олардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға
бағытталған іс-әрекет түрлері мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту түрлерін
(кесте 1) төмендегі кестеде көрсеттік:
Кесте – 1. Интеграцияланған білім негізінде болашақ педагогтардың
кәсіби құзыреттілігін арттыруда қолданылатын сабақ түрлері мен әдіс-
тәсілдері
Оқыту түрлері
Бақылау түрлері
Теориялық
дайындыққа
бағытталған
Практикалық
дайындыққа
бағытталған
Дәстүрлі
Жаңаша
Лекция
Семинар
Лабораториялық
жұмыс
Экскурсия
Аудиториялық
өзіндік жұмыс
Аудиториядан
тыс өзіндік
жұмыс
Конференция
Кеңес алу
Практикалық
сабақ
Курстық
жұмыстар
Дипломдық
жұмыстар
Практиканың
барлық
түрлері
Іскерлік
ойындар
Бақылау
жұмысы
Дербес
әңгімелесу
Сынақ
Семестрлік
және ауыстыру
емтихандары
Курстық
жұмыстарды
қорғау
Мемлекеттік
емтихандар
Дипломдық
жұмысты
қорғау
Тестілеу
Рейтинг
Мамандық
бойынша
кешенді
емтихан
148
Қорытындылай келе, қазіргі кезде интеграцияланған білім негізінде
болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі көп
зерттеуді қажет ететін сала, себебі ақпараттандыру заманында техника мен
білімнің елеулі дамуына орай болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру біздің қоғамымызға қажет. Интеграцияланған білім
кеңістігінде болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жан-
жақты әрі жүйелі болу керек. Жоғарыда аталған болашақ педагогтардың
кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері, оларды
қолдану ерекшеліктері мен өзара байланысы студенттердің кәсіби
құзыреттілігін қалыптастыруда аса маңызды болып табылады. Өйткені, оқу-
тәрбие процесіндегі оқыту мен студенттің кәсіби құзыретті маман ретінде
қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыруды негізгі
бағдар ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекет түрлері
оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
атты жолдауы. – Астана: //Егемен Қазақстан, 2010, 11 – қаңтар.
2.
Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жағдайында болашақ мамандардың
кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Дисс.пед.ғ.д.: 13.00.08. – Қарағанды,
2005.
3.
Барсай Б.Т. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-
дидактикалық құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық
негіздері. автореф. - Шымкент, 2010. - 44 с.
Түйіндеме
Мақалада интеграцияланған білім негізінде болашақ педагогтардың
кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылған.
Интеграциялық кеңістік қазіргі білім беруде маңызды орын алатыны: білім
алушылардың креативтілікті талап ететін, немесе креативті ойлауды
дамытатын
кәсіби
құзыреттілігін
қалыптастыра
алатындығы
көрсетілген.
Резюме
В статье рассматриваются пути, методы и приемы по развитию
профессиональной компетенции студентов в основе интегрированного
обучения. Показано, что интегрированное пространство играет в
современном
образовании
главную
роль:
может
формировать
профессиональную компетентность у учащихся, которое требует
креативности, или же развивать креативное, поисковое, навигаторское
мышление.
Summary
The article is devoted to the ways, methods and receptions on development of
professional competence of students on the base of integrative training. It is shown
that the integrated space plays a major role in modern education: can form
149
professional competence at pupils who demands creativity, or to develop creative,
search, creative thinking.
ӘОЖ: 376.3-056.264
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ
БАЛАЛАРДЫҢ АУЫЗША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫ
Құрмашева Раушан Жарқынбайқызы - Абай атындағы Қазақ Ұлттық
Педагогикалық университеті Магистратура және PhD докторантура
институты 6М010500- «Дефектология» мамандығының 1курс
магистранты
(Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы)
Rn.raushan@mail.ru
Аңдатпа. Мақалада балалардың ауызша сөйлеу тілін дамытуға
байланысты дидактикалық ойындардың үлгісі берілген.Сонымен бірге
балаларға арналған дидактикалық ойындар қалай жүргізілу керек сол
жайында да,мағлұматтар жазылды. Дидактикалық ойынның мақсаты
мен міндеттері,ойынның жүргізілу барысы қалай орындалатындығы
жөнінде айтылған болатын. Дидактикалық ойынның өткізілу әдістемесі
мен ойын тапсырмаларының түрлері айқындалады.Мүмкіндігі шектеулі
балалардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеуде дидактикалық ойын негізгі
тәсіл болып табылады. Дидактикалық ойын барысында есту, көру,
сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып,жаңа ақпараттарды қабылдап
заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі
қимылдарды орындауға үйренеді.
Кілт сөздер: ойын,сөйлеу патология,моторика,сенсорика, т.б.
Аннотация. Статья имеет дело с дидактическими играми, которые
помогают развивать устную речь детей.В статье рассматриваются
задачи цели и путь к организации дидактических игр. В статье также
определяются методы и виды задач игр.Воспитание дети с ограниченным
возможностями особое методы-это дидактические игры. Дидактические
игры - это вид учебных занятий, организуемых в виде учебных игр,
реализующих ряд принципов игрового, активного обучения и
отличающихся наличием правил, фиксированной структуры игровой
деятельности и системы оценивания, один из методов активного
обучения. Отличительной особенностью дидактических игр является
наличие игровой ситуации, которая обычно используется в качестве
основы метода.
Ключевые слова: игра, патология речи, моторика, сенсорика, и
т.п.
150
Abstract. The article deals with the didactical games which help to
develop oral speech of children. Objectives, goals and the way to organizing of
the didactical games are considered in the article. Methods and types of games
tasks are also determined in the article.Didactic game-type of the lessons,as
trangame,realizing the row of principles of the playing,activeeducating and the
presence of rules,fi[ed structureof playing activity and evaluation system,one
the
methods
ofhands
on
training.The distinctive feature of didactic games is a presence ofplaying situati
on that is usually used as basis of method.
Keywords: game, speech pathology, manual motility,sensorika, etc.
Қазіргі таңда, балалардың сөздік қорын молайтуда ойын және тапсырма
жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын - баланың шын тіршілігі.
Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы
ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына
жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі
тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Баланың
білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Халық
даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» делінген.Мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері
олар өсіп-есейгенде де жалғасы береді.Ойын барысында бала өзін қоршаған
үлкендер сияқты, сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері секілді әрекет жасайды.
Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі
ақпараттар алады. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің
бастауы деп білемін. Сонымен бірге, балалардың сөздік қорларын дамытуда
ойындарды, алуан түрлі тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже
берері сөзсіз [1].
Сөйлеу патологиясы бар балалардың ойын әрекеті тек ересек
адамдардың бағыт беруі арқылы,олардың cөзінің көмегімен күнделікті
жетекшілік жасауымен ғана қалыптасады. Ойынның алғашқы кезендерінде,
мүмкіндігі шектеулі баланың тілдік қарым-қатынасы өте шектеулі болады,
бұл өз кезегінде, ойынның сюжеті мен көлемінің шектелуіне ықпал етеді.
Егер де аталмыш ойын түрлері арнайы ұйымдастырылмаса, ойын барысында
сөздік қорды кеңейту мен өмірлік тәжірибе жинақтау жүзеге аспайды.
Балалар өздерінің негізгі білім қорлары мен әсерлерін, тек мақсатты ойын
үдерісінде ала алады.
Сөйлеу патологиясы бар балалардың, көп жағдайда моторикасы
бұзылады, бұл кез-келген әрекетті ұйымдастырушы сәті болып табылатын,
тактильді моторлық түйсіктердің жеткіліксіз дамуын көрсетеді. Мұндай
бұзылу, ең алдымен, балалардың сурет салу шығармашылығы қабілетіне әсер
етеді. Суреттердің заттар мен құбылыстарды бейнелеу әдістерінің
тақырыптарының аздығы, кайталаулар, саз балшықпен илеу және
құрастырудағы ебедейсіздік, қайшымен дұрыс жұмыс істей алмау тәрізді
151
көріністер байқалады. Тіпті қарапайым техникалық тәсілдерді игерген
балалар,өз жұмыстарына зейіндерін тұрақтандырып, тапжылмай отырып
орындай алмайды. Олардың өз жұмыстары мен өзгелердің жұмыстарына сын
көзбен қарау қабілеті төмен.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеуде
дидактикалық ойын негізгі тәсіл болып табылады.Балалардың танымдылық
қабілеттерін дамыту, ойынды қалыптастыру тәсілі ретінде практикалық
тұрғыда меңгеру және өңдеу негізгі міндеттердің бірі болып саналмақ.
Дидактикалық ойындардың негізгі ерекшелігі олардың атауларымен
анықталады: бұл - оқытушы ойындар. Олар үлкендермен балаларды
тәрбиелеу және оқыту мақсатында жүзеге асады. Бірақ ойнайтын балалармен
дидактикалық ойынның тәрбиелік-білімдендіру маңызы ашық түрде емес,
ойын мақсаты ретінде жүзеге асады, ойын қимылы мен ережесі түрінде
орындалады [2].
Ал,осы кезекте «Балалардың ұсақ моторикасын, сенсорикасын дамытуға
арналған ойындарды» ұсынамын.Ойын «Балық аулау» деп аталады.
Дидактикалық міндеттер: білімдерін кеңейту, есте сақтау қабілетін
дамыту, тапсырманы орындауға ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |