С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет28/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Активті миграция. Пассивті миграцияға қарағанда активті миграция жиірек кездеседі. Мұндай жағдай негізінен көбею, қо-ректену және қыстап шығу барысында орындалады. Балықтардың қозғалыс әрекеті нәтижесінде әр түрлі кедергіні (ағынның әсерін) жеңіп, орын алмастыруын активті миграция деп атайды.
63
Уылдырық шашу миграциясы. Уылдырық шашу миграциясы кезінде балықтар теңізден өзенге немесе керісінше өзеннен теңізге келеді.
Уылдырық шашу үшін теңізден өзенге келу миграциясын анадромдыщ миграция деп атайды. Ол лосось, бекіре тәрізділерге, кейбір майшабақтарға, карптарға тән миграция. Балықтардың біраз ғана түрі өзендерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін теңізге барады. Мұндай миграцияны катадромдық миграция деп атайды. Бұл миграция угрларға тән. Соңында көптеген балықтар уылдырық шашу кезінде ашық теңізден жағаға, керісінше жағадан теңіздің терең қабатына қарай миграция жасайды. Оларға: теңіз майшабақтары, трескалар, пикшалар тағы басқалар жатады.
Балықтардың түрі мен тіршілік еткен су қоймаларының жағ-дайына байланысты уылдырық шашу миграциясының жолының қашықтығы түрліше болады. Мысалы, Каспий теңізінің солтүстік бөліміндегі жартылай өткінші карптар, уылдырық шашу үшін өзен бойымен не бары ондаған шақырымдай ғана көтеріледі.
Миграция кезінде өте үлкен қашықтыққа баратын лосось тә-різділер. Қиыр Шығыс лососы кеталар — екі мың шақырымдай, ал неркалар — төрт мың шақырымдай су бойымен жүзіп барып, уылдырықтарын шашады. Семгалар Печора өзенінің бойымен оның ең жоғары басына дейін көтеріледі.
Балықтардың уылдырық шашу миграциясының ұзақтығын білу өте қиын. Біріншіден, балықтардың уылдырық шашу мер-зімі түрліше болады. Екіншіден, кейбір балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жарты жылдай бұрын баратын кездері де болады. Мысалы, Ақ теңіздегі семгалар (Sаlто sаlаг), кеталар (Опсогһупсһиs kеtа), горбушалар
(О. gorbиsсһа), неркалар (О. пегkа) т. б. балықтар өзендерге уылдырық шашу үшін екі рет шығады. Күзде жыныстық продуктылары шала жетілген түрлері шығады да, олар өзенде қыстап шығып, келесі жылы уылдырық шашады. Екінші бір биологиялық ерекше түрлері бар, олар өзендерге жазда шығады, олардың жыныс продуктылары жақсы жетілген, сондықтан олар сол жаздың ішінде уылдырық шашады. Кеталарда да екі рет уылдырық шашу байқалады. Амур өзеніне жазда июнь — июль айларында, күзде август — сен-тябрь айларында шығады. Қаракөз (вобла) уылдырық шашу үшін өзенге көктемде шықса, кейбір сигалар тек қана күзде шығады.
Орыстың белгілі ихтиологы П. Ю. Шмидт суреттеген Са-халин аралындағы теңіз балығы — Тынық мүхит майшабағы-ның уылдырық шашуда жүзіп өтетін миграция жолын қарасты-райық.
Тынық мұхит майшабағы қыста жағалауға жақын ашық теңізде болады. Жағалау мұздан ажыраған соң, олар жағалау-
64
ға қарай қозғалады. Бұл майшабактардың жағалауға қарай беттегенін, балықшылар Судың түсінен және құстардың әрекеттерінен байқайды. Мысалы, шағалалар су бетінде бұлт тәрізді айнала ұшып, жаңғырықтыра шаңқылдап шулайды. Егерде ауа райы жақсы болса, майшабақтардың жағалауға қарай келе жатқанын түнде де'білуге болады. Бұл кезде су беті дамылсыз қозғалып, шапшып шығып, суға қайта сүңгіген дыбыстарынан майшабақтардың жағалауға жақындағанын аңғарады.
Майшабақтар жағалаудың тайыз жерлерше келіп, теңіз қа-пустасы және фукус өсімдіктерінің арасына уылдырықтарын шашады Еркектері оның үстіне “ақ сүттерін” құйып, ұрықтан-дырады Уылдырықтарын көбшесе балдырлардың үстіне шашады, өйткені олардың жабысқақ желім сияқты заттары болады. Уылдырықтарын тайыз, тереңдігі бір метрдей жағалауларға келіп шашады. Сондықтан да, майшабақтардың су бетінен арқаларын және бастарын көруге болады. Еркектерінің “ақ сүті” соншама көп құйылғандықтан, жағалаудағы судың беті бірнеше 100 метрге дейін сүт сияқты аппақ болып көрінеді. Сүттері майлы болады, сондықтан жағалаудағы судың бетін толық жауып тұрмай, бетіне май құйып қойған сияқтанып жатады. Оның өзіне тән иісі болады.
Бұлардың уылдырықтан шыққан личинкалары Цусим ағы-сымен солтүстікке қарай жылжып, кузде Татар шығанағынын жіңішке жеріне барып жетеді. Осыдан кейіи активті түрде, оң-түстікке қарай қозғалып, туған жеріне қарай беттейді. Тура жүрмей біресе жағалауға жақындап, біресе жағалаудан ашық. теңізге қарай шығып, 3—4 жыл жол жүреді.
Балықтардың миграциялық қозғалысының негізі сөз жок, олардың нервтік рефлекторлық қызметіне байланысты. Мигра-ция кезінде балықтарға әсер ететін — сигналдың қызметін атқаратын ортаның біртіндеп өтетін заңды өзгерістеріне кез-деседі.
Өйткені өткінші лососьтар миграция кезінде судың химизмі-нің біртіндеп өзгеруін жолбасшылыққа алатын көрінеді. Ол ашық теңізден жағалауға, жағалаудан өзенге қарай судың хи-миялық құрамында біртіндеп елеулі өзгеріс болатындығында. Судың тұздылығы, оттегінің шамасы, сілтілігі, немесе ондағы көмір қышқылының бар жоғы т. б. Угрлар (Апguillifогmеs) миг-рация кезінде негізінен судың температурасының заңды өзгеру жағдайын және тұздылықтың өзгеруін жолбасшылыққа алады. Өйткені, угрлардың уылдырық шашатын жері мұхиттағы ең тұзды және ең жылы жерлері. Сөйтіп, Америка мен Европалық жағалаулардың кез-келген нүктесінен шыққан угрлар, егер олар судың температурасының және тұздылығының біртіндеп жоғарылауын жолбасшылыққа алса, аз уақыттың ішінде мұхиттың ең жылы және ең тұзды бөліміне, яғни өздерінің уылдырық шашатын жеріне барады.
65
Балықтардың мыңдаған шақырым жерлерді жүзіп келуіне басшылық ететін көзі емес, судың физикалык, химиялық күйін сезіп отыратын өте сезімтал қабілетінің — феноменальды “есінің” болуы. Миграция кезінде балықтар “шам жарығы түн көбелектерінің көру органдарын қоздырып, жарыққа жиналғаны сияқты, қоздырғыштың максимальды көзіне қарай ұмтылады” (П. Ю. Шмидт, 1947).
Өткінші лососьтардың миграциясы жөнінде бір-біріне қайшы екі түрлі пікір бар. Барлық солтүстік жарты шарға таралған өткінші балықтардың миграциясы мұз пайда болу мезгіліне байланысты екендігімен түсіндіріледі. Кейбір болжаулар мұз еріген кезде теңіз суының тұзы азайып, тұщырақ болады да, коректік заттар көп болып, балықтар өзеннен теңізге келіп, ал уылдырық шашу үшін қайтадан өзенге кетеді деп түсіндіреді. Себебі тұщы суларда олардың уылдырығының дамуына колайлы жағдайлар көп: жыртқыштардың басқа бәсекелестердің аз болуы, судың тамаша химиялық ерекшелігі, яғни оттегімен толық қамтамасыз етілуі т. б.
Екінші болжау бойынша өткінші балықтар ежелден теңіз-дерде тіршілік етіп келген, олардың өзендерге шыруы — екінші құбылыс, өйткені ол мұздың еріп, судың тұщылануымен байланысты өз тарапынан балықтардың тұщы суда тіршілік етуге тез бейімделуіне мүмкіндік береді. Қайткенде де, өткінші лосось балықтар өздерінің биологиялық күйіне байланысты тіршілік еткен орнын өзгертеді. Ересек балықтар теңіздің қорекке бай үлкен кеңістіктеріне тарайды. Олардың ұрпақтары тар тұщы суларда шығады, ол жерде тамақтың жетіспеуінен, әрі тіршіліктік ортаның тапшы болуынан барлығының дұрыс өсуіне ешқандай мүмкіндік болмайды. Әйткенмен шабақтардың шығуына теңізге карағанда көптеген қолайлы жағдайлар бар. Мұндай қолайлы жағдайларға: біріншіден, судың таза оттегіне бай болуы; екіншіден, су түбінің топырағын қазып, шұңқырлап .ұя жасауға және оның үстін, арасында қуыс қалатын ірі құмдармен жабуға мүмкіндіктің болуы жатады. Бұл жағдайлар дұрыс көбеюіне, түрдің сақталып қалуына жағдай жасайды. Мысалы горбушаның аман сақталған уылдырығы 1100—1800-дей болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет