Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.
Мұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететіп омыртқасыздар жатады.
Мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына (қанығуына) үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегі-нің мөлшерлері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы (замор) деп аталады. Сондықтан да, қолда балық өсіретін шаруашылықтарда, балықтарды тұншығудан сақтау үшін, мұзды бірнеше жерден тесіп, суаттар жасайды. Жоғары техникамен қаруланған су бөгеттері бар шаруашылықтарда, арнаулы насостармен (компрессормен) су ішіне ауа үрлейді. Балықтарды тұншығудан сақтайтын биологиялық тәсілдер де бар. Мысалы, балықтар тұншығуға жиірек ұшырайтын Обь өзеніне құндыздар жібереді. Құндыз өзен жағалауынан ін қазады. Олардың індерінің бір аузы құрлықта, екінші аузы суда болады. Сөйтіп су сыртқы ортамен (ауамен) қатысып, оттегіне қанығуына жағдай туады. Обь өзенінің суында гумин қышқылы мен темірдің шала тотығы шамадан көп болғандықтан балықтар жиі түншығуға үшырайды. Те-
58
мірдің шала тотығы — тотыққа айналу үшін суда еріген оттегін өзіне қосып алады. Ондай оттегінің орнын толтыруға судың бетін тегісгеп жауып жатқан мұз кедергі жасап, балықтарға оттегі жетіспей қырғынға ұшырайды.
Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912—1924), А. А. Браунер (1923), В. И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше' экологиялық топтарға топтастырған.
1. Т е ң і з б а л ы қ т а р ы. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.