С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет27/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жыныс-ты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrа-пиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ға-на қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сон-дықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі (13-сурет).
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің киль-ка, хамса балықтарының жыныс бездері бір-ақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен ак-вариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және ка-лугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.
62

13 -сур е т. Уылдырығын салып жаткан горчак балығы.
Балықтар миграциясы. Басқа организмдер сияқты балық-тарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай ке-рек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздеу нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын — миграция деп атайды.
Миграция — әр түрлі мақсатқа сәйкес түрліше болады. Жал-пы миграция пассивті және активті болып екі түрге бөлінеді. Ол өз тарапынан уылдырық шашу, қоректік зат, қысты өткізу орнын іздеу миграциясын қарастырады.
Пассивті миграция. Су ағынының ығымен жайлап, ашп ба-лықтардың тіршілік еткен орнын ауыстырған миграцияларын — пассивті миграция деп атаймыз. Пассивті миграция — балықтардың шабақтарына тән миграция. Пассивті миграцияға өткінші балықтардың шабақтарының және уылдырық шашып, әлсіреп, судың ағынымен теңізге оралған ересек балықтардың миграциясы да жатады. Бірақ ересек балықтардың аздап та болса активті түрде жүзуге әрекет ететшін естен шығармау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет