Қорек іздеу миграциясы. Барлық балықтарға тән миграция болып есептеледі. Шағын көл, тоспа суларына қарағанда үлкен теңіздердегі өткінші балықтар қоректік заттар іздеп ұзақ жол жүруге мәжбүр болады. Каспийдщ қызыл балығы (sсаdіпius) Кура өзеніне уылдырық шашып теңізге қайтқан соң Қаспийді кесіп, оның Шығыс жағалауына келіп жайылып, семіреді. Теңіз балықтарының ішінде су ағысымен жағалап ксректерін іздейтін балықтармен қатар, теңіздің түбінен бетіне көтеріліп қорек іздейтін балықтар да кездеседі. Мысалы, судың бетінде планктондар көп болған кезде скумбрия (sсоmЬгіdае) балықтары су бетіне көтеріліп, планктондар су түбіне — терең қабатына
66
шөксе, балықтарда солармен бірге төмен түседі. Мұны теңіз балықтарының вертикальды араласуы дейді.
Қыстақ іздеу миграциясы. Балықтардың көпшілік түрлері, қысқа таман су температурасы төмендей бастаған кезде, активтілігі бәсеңдейді, тіпті қалғьйі, шала ұйқыға кетеді. Бұл кезде өздерінің жайылып жүрген жерлерінен қыстап шығуға ынғайлы ықтасын жерге жиналып, шұңқырлау жерін таңдап алып, соған қыстап шығады. Мысалы сазан, тыран балық Еділ, Жайық, Кура т. б. ірі өзендердің сағасына келіп, көп мөлшерде шұңқырларға жиналып ұйқыға кетеді. Бекіре балықтарының Жайық өзенінің шұңқырларында қыстап шығатыны ертеден белгілі. Балықтардың ұзақ ұйқыға кетуіне мәжбүр ететін физикалык әсер, яғни су температурасының төмендеуі. Ұйқыға кеткен балықтар судың түбіндегі шұңқырларға жиналып, қозғалмай жатып қысты басынан өткізеді. Бұл кезде көптеген балыктардың денесінің сыртын қалың қабатты шырын қаптап қалады да, оларды төменгі температураның зиянды әрекетінен корғап, бөліп тұрады. Ұйқыда жатқан балықтардың организміндегі зат алмасу про-цесі өте баяулап кетеді. Кейбір балықтар, мысалы табан балық су түбіндегі балшықты қазып, соның ішіне еніп, қыстап шығады. Бұлардың аман қыстап шығуы, төменгі температура-да балшық мұз болғанымен балықтың денесіндегі шырыны-ның муз болмауына, қатып калмауына байланысты. Ол балықтардың денесін мұз қоршап тұрса да. қатпай температурасы —0,2—0,3° болатындығы анықталған.
Қыстап шығу миграциясы кезінде балықтардың барлығы-ның ұйқыға кетуі шарт емес. Мысалы, Азовтың хамса балығы қыстау үшін Азов теңізінен Қара теңізге келеді. Себебі қыста Азов теңізі Қара теңізге қарағанда тайыз, сондықтан оның беті катып қалады да суы салқын, қыстап шығуға қолайсыз болады. Әрі мұз кабаты ауадағы оттегімен теңіз суын қатыстырмай жауып қалады.