С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет70/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129
Тыныс органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі
150
өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзге-реді де, дыбысы түрліше құбылып шығады.
Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөліне-ді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықша-лармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік тү-тіктер — парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше тұйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырлана-ды.
Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа капшық-тарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2—3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызынын, бірі құстар ұш-қанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп жә-не кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде етте-рі керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықта-рындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе ар-қылы сыртқа шығады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтканда, құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп атала-ды. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда кұстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылы-ның шапшаңдығына байланысты. Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды.
151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет