С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет78/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

(АРТЕRУGІҒОRМЕS)
Бұлар қырсыз төсті құстардың ішіндегі ең ұсағы. Дене мөл-шері ірі тауықтай, салмағы 2—3 кг. Денесі тығыз, мойны, аяғы түйеқұстарға қарағанда қысқарақ, төрт саусақты болады. Тұм-сығы ұзын, аздап төмен қарай иілген. Танау тесігі тұмсығының ұшына таман орналаскан. Қауырсындары ұзын тарқатылған сияқты болады. Қанаттары жоққа тән, ал құйрығы болмайды. Жаңа Зеландияға тараған. Басқа қырсыз төсті кұстардан бір өзгешелігі түн құстары. Тоғайлы, бүталы жерлерде тіршілік етеді. Негізінен құрттармен, насекомдармен, кейде өсімдіктер-мен де қоректенеді. Иіс органдары басқа құстарға қарағанда жақсырақ жетілгендіктен соның көмегімен жемін іздеп тауып жейді. Баяу көбейедің Көбінесе бір, кейде екі ірі жұмыртқа са-лады. Бір жұмыртқасының салмағы 450 г болады, немесе өзінің салмағының '/5 бөлегіндей, жұмыртқасының ұзындығы 12—14 см-ге жетеді. Жаңа Зеландияда мұндай ұша алмайтын ұсақ құстардың тіршілік етуі, онда жергілікті сүт қоректілердің болмауына байланысты болуы мүмкін.
2. Отряд үсті тармағы. ПИНГВИНДЕР (JMРЕNNЕS)
Бұған суда тіршілік етуіне байланысты, өзіндік ерекшелік-тері бар құстардың аз ғана тобы жатады. Бұлардың бір отряды оңтүстік жарты шарда, әсіресе Антрактикада тараған.
Отряд ПИНГВИНДЕР (SРНЕNІSСІҒОRMЕS)
Пингвиндер үша алмайтын, бірақ суда өте жақсы жүзетін және сүңги алатын құстар. Алдыңғы аяқтары суда жүзуге ың-ғайлы, ескекке айналған. Сирактары нашар дамыған, табан сүйектерінің жоғарғы бөлімдері бір-бірімен толық қосылып кет-кен. Төсіндегі қыр сүйегі биік болады. Сүйектерінің ішінде қу-ыстары болмайды. Қауырсындарының өзіндік ерекшелігі бар, жіктелмеген аптериясы болмайды. Қауырсындарының түктері— пәрлері жіңішке болады. Пингвиндердің кейбір түрлерінің бауырында (1—2) жұмыртқа сақтайтын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, соқыр және денесі бүтіндей мамықпен қапталып тұрады. Ұзақ уақыт ұяларында болады.
Бұлар негізінен Антарктикалық материктің жағалауларын-, да тіршілік етеді. Салқын ағынды қуалай отырып, солтүстікке карай тараған. Мысалы, оңтүстік шеңбердің 17° дейін, Батыс Африкаға 38° дейін, Австралияға, Галапагас аралдарына дейін тараған.
Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Құрлықта жүргенде тікесінен тік тұрып, жайлап қозғалады. Қауіп төнсе,
161
жер бауырлап жылжып, аяғымен жэне қанатының жәрдемімен жартасқа, немесе мұзға тырмысып шыға алады.
Ұяларын жерге салады, кейбір түрлері ұяларын тастарды жинастырып, үйіп жасайды, енді біреулері жерді шұңқырлап ұя салса, үшінші бір түрлері жерден терең ін қазады. Олар ұя-ларының түбіне шөп төсейді. Көпшілігінде бір, кейде екі жұ-мыртқа туады. Жұмыртқаларын екеуі де басады. Су ішінде ая-ғын және қанатын пайдаланып, жақсы жүзеді, сүңгиді. Олар балықтармен, шаян тәрізділермен, кейде басаяқты моллюска-
лармен қоректенеді.
Пингвиндердін, 20 шақты түрі белгілі. Африканың батыс жа-ғалауында көзілдірікті пингвиндер (Sрһепіsсиs сіетегзиз) тір-шілік етеді. Антарктикада корол пингвиндері (Аріеподиtеs ра-tасһопіса) деп аталатын, денесінің ұзындығы 90 см (110 см-ге дейін) ал салмағы 45 кг болатын ірі пингвиндер де кездеседі.
Пингвиндердін, айта қаларлықтай кәсіптік маңызы жоқ.
3. Отряд үсті. ҚЫРЛЫ ТӨСТІ ҚҰСТАР (САRINАТАЕ)
Ұшатын құстардың көпшілігінде төс сүйектерінің қыры жақ-сы жетілген, контурлық қауырсындарының иілген желпуіштері және аптериясы, сүйектерінін, ауа қуыстары болады. Иық бел-деуінің құрылысы басқа құстардікі сияқты қалыпты түрде ка-лыптасқан, ал сирақ сүйегі табан сүйектерімен жымдасып бі-рігіп кеткен. *
Құстардың көпшілігі дерлік осы отряд үстіне жатады. Осы мезгілге дейін, бұл отряд үстінің систематикасы бір жөнге кел-меген. Сондықтан көптеген авторлар бұл отряд үстін бірнеше отрядқа бөледі.
1. Отряд. ГАГАР ТӘРІЗДІЛЕР (ОАVІҒОRМЕS)
Бұл отрядка суда жақсы жүзетін және сүңгитін, бірақ нашар ұшатын, жүретін нағыз су құстары жатады. Аяқтары артына қарай созылыңқы біткен, сондықтан да жер бетінде тік тұрғанда денесі алдына қарай иіліп тұрады. Олардың табан сүйектері екі бүйірінен қысылыңқы келеді де, алдыңғы үш сау-сағының арасында жарғағы болады. Мойны ұзын, ал тұмсығы біршама ұзындау екі бүйірінен қысыңқы түзу және өткір бола-ды. Қанаттары қысқа және сүйір келеді, ал олар өте шабан ұшады. Құйрығы қысқа болады. Қауырсыны тығыз орналасқан. Балапандары ширақ және үлпілдек мамықты болады.
Гагар тұқымдасына (СоІугпЬіdае) алдыңғы үш саусағы тұтасып жарғақпен жалғасқан, ірі құстар жатады. Жер бетімен жақсы қозғалып жүре алмайды. Бұлардың негізгі қорегі балықтар болып есептеледі. Бұлар суда жақсы сүңгіп, су ас-тында бірнеше минут бола алады. Еркегі мен ұрғашысының
162
түсі бірдей, айырмасы болмайды. Бұлардың бізде бірнеше түрлері кездеседі, оның ішінде қаражемсаулы (Gаvіа агсtіса) гагар көбірек кездеседі. Қаражемсаулы гагар қаздан кішірек құс, ұяларын үлкен көлдерге салады, ол негізінен Балтық, Қара, Каспий және Жапон теңіздерінде қыстап шығады.
Гагарлар көбейер кезінде еркегі мен ұрғашысы бірігіп жүр-еді. Ұяларын судың жағаларына салады. Егер ұясында отыр-ғанда бір қауіп төнсе, ыршып суға түседі. 1—3 жұмыртқа салады. Жұмыртқасын атасы мен анасы кезектесіп басады. 28 күннен кейін жұмыртқадан сыртында үлпілдек қауырсыны бар балапан шығады. Балапандарының жұмыртқадан шығысымен, суда жүзетіндей қабілеті болады.
2. Отряд. ПОГАНКАЛАР (РОDІСІРЕDIFОКМЕS)
Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Бұлардың ішінде үлкен поганка немесе чомга кең тараған (Роdіісерs сгіsіаtиs).
1 Поганкалар негізінен су насекомдарымен және оларды личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және ұсақ балыктармен қоректенеді. Қоректерін іздеп, судың 7 метрдей тереңдігіне сүңгиді. Поганкалардьщ ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, су бетінде қалқып жүреді, оншама терең болмайды, 2—7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын атасы мен анасы кезектесіп басады. Өздері ұядан кеткенде, ұяның бетін шөптің қалдықтарымен жауып кетеді.
Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Дем алу үшін ғана судан қайырларға шығады. Олар ұшар алдынан жү-гіріп барып көтеріліп шапшаң ұшады.
Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен ба-лықтың дәмі шығып тұрады. Бұлардың терісі әйелдердің көй-лектерін әсемдеуге, бас киімдер, муфтылар, жағалар және пальтолар тігуге пайдаланылады. Олардың 'терісінен жасалған киімдер әсем, төзімді және жауынға, қарға шыдамды болады. Бізде поганка, гагарлар аз ауланады.
3. Отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (SТЕGАNОРОDЕS)
Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусары кейін қарай емес Ішіне қарай қараған құстар. Тұмсығы ұзын екі жақ сүйегінің аралығындә азды-көпті созылмалы жалаң тері қалта болады. Монагамды. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді. Солтүстік аймақтан баска жердің барлырына Да тараған.
163
Б і р қ а з а н д а р т ұқымдасына (Реlесапіdае) өте ірі, тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығы-на орналасқан созылғыш, тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы ілмек тәрізді иілген. Денесі аумақты, мойны ұзын жіңіш-ке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.
Бірқазандардың бізде екі түрі кездеседі: ақ немесе бұйра (Реіесаnus сгіsриs) және қызғылт (Р. опосгоtalиs). Дене мөл-шерлері, әсіресе ақ бірқазанның ірі, салмақтары 12 кг дейін
жетеді.
Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ, Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалаула-рында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жа-йылмаларына өсімдік тектес заттардан бөгеттер жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Бірқазандар балықтарды су құзғындарымен бірігіп аулайды. Бірқазандар жақсы жүзгенімен, суға сүңги алмайды. Бірқазандар кейде балық аулау кезінде судың жиегінен алысырақ барып жиекке қарай қатарласып тұрып, бір мезгілде судың бетін қанаттары-мен сабалап, дауыстап балықтарды жағаға қарай үркітіп, ай-дайды. Сөйтіп, жағада қайырлап қалған балықтар бірқазан-дардын, қорегі болады.
С у қ ұ з ғ ы н д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Рһаіасгосогіdае) дене мөлшері орташа және ұсақ құстар жатады. Бірқазандар-ға қарағанда денесі ықшамды аяғы денесінің артына таман орналасқан түрлер жатады. Қонып отырған кезде құйрығы-нын. қатты қауырсындарына тіреп денесін тік бағытта ұстап отырады. Тұмсығы цилиндр пішіндес ұшы үлкен ілмекті болады. Гамақ қалтасы аса айқын емес: СССР-де кездесетін түрлерден үлкен еу құзғыны көбірек кездеседі. Бұлар теңіздердің жағалауларына, өзендердің сағалары мен үлкен көлдердің жағалауына топтанып жүріп ұяларын салады. Олар ұяларын су маңайындағы қамысқа, ағаштарға, немесе тастарға жасайды. Балаларын асырауға ата-аналары да бірдей қатысады. Ата-анасы балапандарына келіп, кең етіп ауыздарын ашқанда балапандары олардың жемсауындағы балықтарын алып жейді. Су құзғындары балықпен қоректенгенмен көпшілік жерлерде айта қалғандай зияны тимейді.
4. Отряд. ДЕГЕЛЕК (АИСТ) ТӘРІЗДІЛЕР (СІСОNIFОRМЕS)
Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әр түрлі көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан
164
қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Бала-пандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып, ата-аналары қоректендіреді.
Арктика мен Антарктикадан басқа жердің барлығына тараған.
Дегелек тұқымдасына (Сісопііdае) . ұзын үшкір тұмсықты, отрядтың ірі құстары топтасады. Олардың тұмсығы ұзын, тік және үшкір келеді. Бұл құстардың көмекейінде дыбыс шығаратын қатпарлары болмайды. Сондықтан көпшілігі да-уыс шығармайды.
Бұл түрлер біршама құрғақ далада, орманда, тауда кейде батпақты жерлерде тіршілік ететіндігімен сипатталады. Жай-шылықта да және ұя салар кезде де қосарланып жүреді. Ұяла-рын үлкен етіп ағаштарға, жарларға кейде (ақ дегелек) адам құрылыстарының, маңайына бұтақтан салады. Олар жылына 3—5 жұмыртқа туады, ал жұмыртқаның басылу мерзімі 30 күн-ге жетеді. Кесірткелермен, жыландармен, бақалармен, моллюс-калармен және насекомдармен қоректенеді. Жемін әдетте жер бетінен теріп жейді.
Бізде үнемі ауыл маңына үялайтын ак, дегелек (Сісопіа сісо-піа), керісінше адамнан қашатын қара дегелек (Сісопіа піgга) кездеседі.
Ивистер тұқымдасына (ІЬіdіdае) үлкендіктері орташа, сыртқы пішіні жағынан жылқышыларға ұқсас құстар топтасады. Олар тұмсықтарының жіңішке, орақ тәрізді иіліп қарабайларда (Ріеgаdіs fаlсіпеllиs) немесе тұмсықтарының ұшының күрек тәрізді жалпақ болып — қалбағай (Рlаtеlа Іеи-сагоdіа) келуімен сипатталады. Бұл көрсетілген екі түрдің екеуі де еліміздің оңтүстік бөлімінде қалың қамыстарда ұялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет