Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортаеымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі (крыша) сүт қоректілердікіне қарағанда нашар дамыған, ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез (агсһіраІІіит) деп аталатын түрінде сақталран. Бас миынын, көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыран, гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жарынан сопақша миды бүркеп жауып жатады. Мишықтың ортаңғы бөлімі негізінен құртша (үегтез) деп аталатын, көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады.
Жұлыны иық және бел маңайында, рептилилердегі сияқты жалпақ болады.
Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилер-дікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстар-дың кұлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалға-сады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғы-
153
сының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналас-қан. Қейбір түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда, құстар жақсы естиді. Құстардың кұлағы, көзімен бірге негізгі сезім органдары болып саналады. Құстар өздеріне төнген кауіп-қатерді ен, алдымен құлақтары арқылы сезеді.
Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе, түн құс-тарының және қыран кұстардың көз алмалары үлкен. Көзі кір-пік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту ар-қылы және көз алмасымен оны қоршап түрған белокты қабы-ғының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің әрекетінен (хрусталикпен тор қабықтың арасының қашықтап және жақындауына байланысты) көретін болады. Құстарда тө-менгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге, көздерінің алдыңғы ішкі бетінде бекіген, бүкіл көзін жауып тұратын үшін-ші қабағы да болады.
Құстардың кейбір түрлерінде ғана иіс органы жақсы дамы-ған, мысалы, Жаңа Зеландияның кивилар дейтін құсында; басқа құстармен салыстырғанда түтік тұмсықтылардың, үйректердің, тазқаралардың жылқышылардың иіс органдары жақсырақ дамыған.