С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


— ұрық дискасының астына іркілген мөлдір сары уыз



бет75/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129
1 — ұрық дискасының астына іркілген мөлдір сары уыз, 2 — жұмыртқа ортасындағы мөлдір сары уыз, 3 — холазалар, 4 — қатты қабығы, 5 — ауа камерасы, 6 — қатты қабықтық ас тындағы қабықшасы, 7 — қатты қабық астындары екінші сыртқы қабықшасы, 8 — мөлдір сары уыз; 9 — қара уыз, 10 — уыз қапшығы, 11 — белоктың сұйық кабаты, 12 — белоктық тығыз қабаты: 13 — ұрық дискасы.
Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Сары уыз бө-лімінің бет жағында протоплазма және ядродан тұратын түйір деп аталатын заты болады, ол ұрықтанған жұмыртқада кіші-рек ұрық дискасына айналады. Сары уыздың басқа бөлімі ұсақ көпіршіктерден тұрады. Егерде көз тоқтатып қарасақ, олардың кабаттары сары немесе мөлдір түсті уыздың кезектесуінен құралады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседі. Өйткені, сары уыздың сырты арнайы жұқа қабықпен қапталып тұрады. Сары уызда балапанның организміне керекті қоректік зат және денесін құрауға қажет заттар болады. Сары заттьщ ішінде май және су көп. Дамитын ұрық, өзіне керекті суды, жұмыртқаның осы сары уызынан алады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларының бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары уызынын, құрамында: су — 50%, май— 23%, протеиндер — 16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың. жұмыртқасының сары уызының құрамында: су — 44%, май — 36%, протеиндер — 17%, басқа заттар — 3% болады.
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.
157
Жұмыртқаның сары уызына қарай кабыршақ қабығынак “белоктың” ортасында белоктың тығыз ширатылған жіп тәріз-ді халаза созылып жатады. Халаза сары ,уызды шайқалудан сақтайды.
Жұмыртқа “белогының” негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны (сары уызды) механикалық әсерлерден қорғайды және ұрық-тың дамуы кезінде сумен қамтамасыз етеді. Мысалы, тауық жұмыртқасы белогының құрамы: 87% су, протеин — 12%, бас-қа заттар 1%.
Қатты кабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89—97%), аздап та болса басқа тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен жұмыртқаны механикалық әсерлерден сақтайды және жұмыртқаның газ алмасуын қамтамасыз етеді, әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет болады. Ірі жұмыртқа туатын және жұмыртқасын ашық жерге салатын, құстардың жұмыртқасының қатты қабығы мықтырақ болады. Ұрық дамы-ған кезде, қатты қабықтың біразы ұрықтың скелетін қалыптас-тыруға жұмсалады. Қатты қабықтың сыртында майда тесікше-лері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның моқал жағында кө-бірек болады. Ұрықтың газ алмасуына осы тесікшелердің маңызы үлкен. Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының күшеюіне сәйкес тесікшелердің диаметрі үл-кейе түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет