Веретенник (Limоsа fіmоsа) деген түрінің тұмсығы ұзын, тү-зу, ұшы қатты мүйізденген, аздап жалпақтау болады. Бұлар ірі балшықшы деп есептеледі. СССР-дің Европалық бөлімі мен Сибирьде көбірек тараған. Шөпті, батпақты жерге ұя салады. Балапан басып шығаруға еркегі мен ұрғашысы да қатысады.
Турухтан (Рһіlотасһиs риgпах) деген балшықшының еркегі-нің мойнында, жазғытұрым “күй салтанаты” кезінде ашық түсті “жаға” пайда болады. Басқа балшықшылардан тағы бір ерекшелігі — бұлардың еркектері бүкіл шағылысу кезінде бір-нешеуі бір жерде топтанып жүреді. Ұясын батпақгы жерлерге жеке жүріп немесе бірнешеуі бірігіп бір жерге салады. СССР-дің барлық жеріне де тараған Күзде және қыста ауланады.
Песочниктер (Егоlіа) деген балшықшы кішірек келген, тұм-сығының ұзындығы орташа, көбінесе тузу, аяқтары аса ұзын болмайтын, төрт саусақты, саусағының арасында тері жарғағы болмайтын құстар. Ұрғашылары еркектерінен үлкенірек келеді. Тайганың солтүстік батпақты бөлімі мен тундраға көбірек тараған. Ұя салатын кезде топтанбайды, қыста және қайту кезінде топтанып жүреді.
Бұларды қыстағында және өрісіне ұшқанда аулауға болады. Бізде кездесетін түрлері: қаражемсаулы балшықшы (Егоlіа аl-ріпа), балшықшы торғайлар (Е. mіпиtа).
Жылқышы (Sсоlорах rиstісоlа) біздегі балшықшылардың ең ірісі, салмағы 300—400 г СССР-дің солтүстік ендігінен басқа, орманды жерлердің барлығында ұялайды. Оңтүстік Азияда және Оңтүстік Европаның біраз жерінде қыстап шығады. Бізде Қавказда, Қырымда, Түркменияда кездеседі. Жылқышылар жазғытұрым шағылысар алдында “күй ойнақ” жасайды. Олардың “күй ойнағын” “тяга” деп атайды. Жылқышының еркектері күн батқан соң ағашты жердің ашық аландарында ерекше дыбыс шығарып ұшады. Кейбір кезде ұрғашылары да еркектері сияқты ұшады, бірақ даусы шықпайды немесе еркектерінің дауысынан өзгеше дыбыс шығарады. Жылқышыларға жататын дупел мен тауқұдыреттер туыстық жағынан жақын, бірақ бұлар ормандарда болмайды. Сазды шабындықта немесе шөптесін батбақты жерлерде болады. Оларда жылқышылардың қыстаған жерлеріне қыстайды.
12. Отряд. ШАҒАЛАЛАР (LАRІFОRMЕS) Шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан. Шағалалардың қауырсыны қалың,
177
майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.
Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар.
П о м о р н и к т е р т ұ қ ы м д а с ы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.
Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі. Бізде тундрада, мұзды мұхиттың теңіздерінің жағалауларына және Тынық мұхиттың солтүстік жағалауларына ұялайды. Ұясын жерге салады, қосарланып жүреді. Жыртқыш құс. Олар шағалалар мен құзғын қарғалардың аузындағы балықтарын тартып жеуге әрекет етеді. Жазда үйректер мен қаздардың ұяларын талқандап бұзады, ұсақ торғай тәрізді құстарды және балшықшыларды ұстап жейді'. Бізде үш түрі ұялайды.
Ш а ғ а л а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Lагіdае). Шағалалар тұ-қымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2—3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.
Қоректері алуан түрлі. Шағалалар балықтарды, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдарды, құрттарды теріп жейді. Өлекселер-мен де қоректенеді. Шағалалардың ірі түрлері кемірушілерді және құстарды ұстап жейді. Кейбір жерлерде көптеген зиянды насекомдарды қырады. Шағалалардың балық шаруашылығына тигізетін зиянын көбінде асырып бағалайды. Шынында шағалалар ауру және өлген балықтармен қорекгенеді. Сөйтіп олар судағы балық өлекселерін жеп, су қоймасын тазартып, пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісін “кұс елтірісі” деген атпен қолданады.
СССР-де шағалалардың 10 түрі бар. Соның ішінде: ұсақ өзен шағаласы (Lагиз гіdіdипdиs), солтүстіктегі — сұр шагала (L. агgепtаtиs) және ұсағырақ үш саусақты — маевка Rissa ігуdасtуlа) деген шағалалар бізде мекендейді.
178
Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды. СССР-де бүлардың он (шақты түрі мекен етеді. Көбінде топтанып ұялайды. Көбірек кездесетін бір түрі — өзен құзғындары. (Stегпа һіrundо).
12. Отряд. ЧИСТИКТЕР (АLСІҒОRМЕS) Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік те-ңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.