С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


— эпидермистің мүйізді қабаты



бет96/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

1 — эпидермистің мүйізді қабаты, 2 — мальпигиев қабаты, 3 — нағыз тері, 4 — май безі, 5 — шаш өзегі, 6 — шаштық қабыршақ қабаты, 7 — шаш қабы мен шаш қынабының арасындағы мөлдір қапшығы 8 — шаштың қабыршақ қабы, 9 шаш қынабы, 10 — шаш емізікшесі, 11— май бездері, 12 — шаш қабының еті
оның мықтылық қасиетінің сақталуына жәнё су өтпеуіне себепші болады. Түк жабындысы әр түрлі түктен тұрады. Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б.жатады.
Сүт қоректілердің түктері жаңарып, жылдың белгілі бір маусымында түлеп тұрады. Тиіндер, түлкілер және көртышқандар жылына екі рет (күзде, көктемде) түлейді. Басқа сүт қоректілер жылына бір рет түлейді. Солтүстікті мекендейтін сүт қоректілердің түгінің тығыздығы мен ұзын-дығы жыл маусымына қарай түрліше болады. Тропиктік жануарларда жыл маусымдарындағы температураларының айырмашылығы шамалы болғандықтан көп өзгеріс болмай, олардың түгі әр уақытта бір қалыпты өседі.
С е з г і ш — түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.
Түктің түрі өзгерген түрі — инелер мен қылтанақтар. Эпи-дермистің басқа мүйіз туындыларына қабыршактар, тырнак, тұяқ мүйіз тұмсық және қуыс мүйіздер жатады. Қабыршақ көп-теген тышқан тәрізділердің табанында болады. Сол сияқты көптеген қалталылардың, кемірушілердің насекоммен қорек-тенетіндердің де құйрығында қабыршақ болады.
212
Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис-
пайда болатын сүйекті зат.
Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс және сүт бездері болып бөлінеді.
Тер бездері — түтік пішінді, астыңғы бөлімі иіріліп барып қошқар мүйізденіп бітеді. Бұлар бірден терінің үстіңгі бетіне немесе түк қалтасына ашылады. Бұл бездің продуктысы тердің құрамында су, еріген мочевина және тұз болады. Бұл продуктыларды тер безі жасап шығармайды, оған қан тамырларынан келеді. Тер безінің қызметі суды буландыру арқылы теріні салқындату және ыдырау өнімдерін бөліп шығару. Сөйтіп жылуды реттеп отыру және зәр шығару қызметін атқаратын болады. Тер бездері барлық сүт қоректілерде дерлік болады, бірақ барлығында бірдей жетілмеген. Мысалы ит пен мысықта өте аз, кемірушілердің көпшілігінің тер безі табанында, шабында және ерінінде болады. Кит тәрізділерде және кесіртке тәрізділерде тер безі болмайды.
Май бездері шоқтанып жатады да әрқашанда түк қалтасына ашылады. Май бездерінің шығарған өнімдері түктерді, эпи-дермистің сыртын майлап, сыртқы зиянды әрекеттерден сақ-
тайды.
Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады. Тіпті кейбір кезде сол екі бездің екеуінің де қажеті осы иіс безінен байқалады. Мысалы, сасық күзендердін, артқы тесігінің маңайында өткір иісті, сасық өнім шығаратын бездері болады. Бұл күзенді жауларынан қорғауда маңызды қызмет атқарады. Кейбір сүт қоректілерде мускустық иіс бездері болады. Бұл бездің маңызы әлі толық анықталмаған. Бірақ, без аталған жануарлар үйірге түскенде анық байқалады. Сондықтан оның қызметі жануарлардың көбеюімен байланысты, яғни жыныстық қозуды тудыруы мүмкін.
Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректі-лердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады. Олардың ұшы құрсақ жағындағы “безді алаң” деген бөлімдегі түк қалташығына келіп ашылады Балалары осы түктерді сорып, оның түбіндегі тесіктен шыққан сүтпен қоректенеді. Ехидналарда “безді алаң” арнаулы қалтаның ішінде болады. Бұл көбею кезінде дамиды. Мұның ішінде жұмырткасы, одан кейін ехиднаның баласы жатады. Үйрек тұмсықтылардың “безді алаңы” кұрсақ жағына орналасады. Бұлардың емшегі болмайды.
Қалталылар мен плацентарлылардың сүт бездері шоқта-нып орналасады. Олардың түтігі емшекке барып ашылады. Сүт бездері мен емшектердін, орналасуы түрліше болады. Ағаштарда өрмелеп жүретін маймылдар мен балаларын емізгенде басы төмен салбырап тұратын 'жарқанаттардың емшегі кеудесінде орна-
213
ласқан, тек қана екі емшегі болады. Жер бетінде мекендейтін тұяқтыларда емшегі екі шабының арасына, жыртқыштар мен насеком қоректілерде құрсақ жағына екі қатар болып орналасады. Емшегінің саны балалағыштығына, көпшілік жағдайда туған баласының санына тең болады. Емшек саны маймылда, қойда, ешкіде, пілде, жылқыда екеу болады. Ең көп 10—24 емшек тышқан тәрізді кемірушілерде, насеком қоректілерде, кейбір қалталыларда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет