С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-класс тармағы. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР



бет56/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

2-класс тармағы. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР
(sguaмаtа)
Қабыршақтылар казіргі кездегі бауырымен жорғалаушы-лардың ішіндегі ең көбі. Оның 5 мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақталарға кесірткелер, хамелеондар және жы-ландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі — көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекіген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакасы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады.
113
1-отряд. ҚЕСІРТКЕЛЕР (LАСЕRТІLlА)
Олардын, көпшілігінін, денесі сопақша, құйрығы ұзын, мо -йыны денесінен айқын бөлінген. Алдыңғы және артқы аяқтары бір қалыпты дамыған, бірақ формасы түрліше болады. Аяғы редукцияға ұшыраған, мүлдем болмайтын түрлері де бар. Аяқ-сыз кесірткелер жыландарға ұқсайды. Жыландардан аяқсыз кесірткелердің екі түрлі өзгешелігі бар. Біріншіден, оларда кө-кірек қуысы болады, екіншіден, аяқ белдеуі сақталған. Жоғар-ғы жақ сүйектері ми сауытына қозғалмайтындай болып бекіген. Сонымен қатар олардың қозғалмалы қабақтары және дабыл жарғақтары болады. Көпшілік түрлерінің құйрықтарын үзіп, қалдыратын автотомия қабілеті бар. Құйрықтың үзілген бөлімі аз уақыт өткесін қайтадан қалыптасады, бірақ оның скелеті сүйектенбейді.Кесірткелердің көптеген түрлері тропик жақтарды мекендейді. Кейбір түрлері полярлық шеңберге дейін таралған. Таулы жерде бүларды 4000 м биікке дейін кездестіруге болады. Бірқатары жартылай орманды ортада тіршілік етеді. Біраз ғана түрі болмаса суда өте сирек кездеседі. 2500-ге жуық түрі белгілі.
Г е к к о н д а р (Gесkоnіdае). Бұлардың омыртқалары амфицельді. Олар негізінен қарапайым ұсақ кесірткелер. Түнде тіршілік ететін, жартасқа, ағаш діңіне, үйдің керегісіне жақсы өрмелейтін қабілеті бар организм. Саусақтарында сорғышы болады. Күндіз геккондар жердің жарығына, тастың астына, ағаштың тамырының астына немесе құмға еніп, тығылып жатады. Тропикалық, субтропикалық және ыстық шөл далаларда таралған. Бізде Қырымда, Закавказьеде, Орта Азияда және Қазақстанда кездеседі.
Агамалар (Аgаmіdае). Денесі шағын, құйрығы ұзын, сер-пімді, үзіліп қалатын қабілеті жоқ организм. Жақсы дамыған аяқтарында ұзын саусақтары болады. Агамалар — Австрәлияның, Азияның, Африканың шөлді облыстарын мекендейді. Сонымен қатар оларды таулы алқаптан, тропик ормандардан да кездестіруге болады. Орта Азияда ұзындығы 25—35 см болатын дала агамасы (Аgаmа sапguiпоlепtа) кездеседі. Олар көбінесе топырақты және құмды бұталы шөл жерлерді мекендейді, қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Дала агамасы-на жақын кавказ ағамасы (Аgаmа саисаsіса) — Дағыстанның, Закавказьенің, Копет-Дагтың тауларын мекен-дейді. Құлақты дөңгелек басты (Рһгупосерһаlиs туstасеиs) агаманың басы жалпақ, дөңгелек болады да, ауызының екі езуінде үлкен тері өсіндісі болады. Қатер төнген-де ауызын ашып, жаңағы “құлақтарын” қозғалтады. Ол Орта Азияның, Қазақстанның құмды даласында кездеседі. Қауіп төнгенде құмның арасына тығылады.
Құм дөңгелек бастысының (Р. іпіегsсариlагіs) ұзындығы 6—8 см болатын ұсақ кесірткелер, езуінде тёрі өсінділері бол-
114
майды. Орта Азияның, Қазақстанның құмды далаларында кез-деседі.
Австралияда мойнының айналасына орналасқан жалпақ тері қатпарлары бар — плащты кесіртке (Сһlаmіdоsаигиs kіngi) тіршілік етеді. Қауіп төнгенде ауызын ашып, мойынындағы плащын қалқитып, жауынан қорғанады.
Ұшқыш дракон (Dгасо vоlаnз) екі бүйірінде болатын тері қатпарлары олардың ұшуына мүмкіндік береді. Ағаштан-ағаш-қа секіргенде тері қатпарларының және оның іш жағында болатын жалған қабырғаларының көмегімен 20 м қашықтыққа ұша алады. Дракондар оңтүстік Азияның ормандарында таралған.
Игуандар (Іgиапіdае) тұқымдасына 300-ге жуық ірі кесірт-келердід түрлері жатады. Батыс жарты шарға ғана тараған жа-нуарлар. Ең ірілерінің ұзындығы 1,5 метрге жетеді. Олар жұ-мыртқа және тірі жұмыртқа туып көбейеді. Олар таулы, ағаш-ты далалы жерді мекендейді. Бірқатары суда және теңізде де тіршілік етеді. Игуанның етін және жұмыртқасын жергілікті ха-лықтар тамақ ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет