118. Күрке тауық етін өндіру технологиясын сипаттап беріңіз.
Күрке тауық ауыл шаруашылық құстарының ең ірісі. Күрке тауық етін жеделдете өндіру оның бір тауығынан бір жылда 90-100 балапан өсіріп, 400-450кг (тірілей салмағы) ет алуға болады.
Күрке тауық балапандары өте тез өседі, 90-120 күнде ұрғашы тауықтарының салмағы 3,5-4 кг, әтештері 4,5-5 кг салмақ тартады, шығындалған азықтың 1-кг-на 3-3,5 кг өнім береді. Балапандарды еденде жеделдете өсірген кезде олардың сойыс салмағы 89 пайыз болады, тұтынылған бөлігінің салмағы 65-71 пайызға жетеді. Клеткаларда өсірген кезде сәйкесті көрсеткіштері: 88-89 және 72-75 пайыз, сонымен бірге бұлшық ет ұлпаларының салмағы тауықтың сойғандағы салмағының 58-59 пайызын құрнайды. Күрке тауық бұлшық ет ұлпасының негізгі бөлігі ақ диеталық етке жатады.
Құс фабрикаларында өндірістің аяқталған циклы болады, ол жылына 500-1000 млн тауық балапандарын өндіруге есептелген және цехтары: ата аналықтабын, инкубация, еттік және толықтырушы балапандар өсіру цехы және тоңазытқышы болады. Кейбір құс фабрикаларының құрама жем зауыттары болады. Көптеген маммандандырылған щаруашылықтар өндірістің аяқталмаған технологиялық циклымен (инкубациялау, сою және құсты өңдеу цехы болмайды) жұмыс істейді, соныдықтан олар 50-100 мың балапан өсіреді.
Шаруашылықтардың көрсетілген категорияларын басқа құрамына бір қатар шаруашылықтар немесе мамандандырылған қүрке тауық өсіретін фермалар кіретін бірлестіктер де бар. Олар бір технологиялық схема бойынша жұмыс істейді.
Күрке тауық етін жыл бойына өнірген кезде ата аналық табын реттелмелі микроклиматы бар кең қабырғалы құс қораларында шағын топтарға (200-250 бас) бөлініп, қалың төсеніште күтіледі. Еденнің әр шаршы метрі алаңына 1,5 бастап отырғызылады. Бункерлі азықтандырғышщтар, автосуарғыштар және қиыршық тастарға арналған астаулар құс қорасының барлық алаңына біркелкі орналастырады. Әтештер мен мекиендер бөлек күтіледі. Өйткені әтештер тауықтарғңа қарағанда 2 есе салмақтырақ болады. Бірге күткен кезде тауықтарды жарақаттап тастайды. Ал табиғи әдіспен жұптастырған кезде әтештердің тауықтарға күніне 2 сағаттан 2 рет жібереді. Қолдан ұрықтандырған кезде әтештер дербес клеткаларда немесе 20-25 бастан топтап, еденде күтіледі. Ересек әтештер жақсы күтіліп, нормамен азықтандырғанда тауықтарды 4-5 ай бойы ұрықтандыра алады. Ұрықтандыру маусымының аяяқталу кезінде әтештер түлейді. Олар тауықтардан 4-5 ай бұрын түлей бастайды. Түлеген кезде әтештердің 30-40 пайызының жұмыртқаларды ұрықтандыруы күрт төмендейді. Сондықтан ата аналық табында кештеу түлейтін балапан әтештерді резервте ұстау қажет болады. Резервтік әтештерді түлемес үшін оларды 8-9 сағат жарық күн сәулесінде ұстайды.
Күрке тауықтарды өнеркәсіптік негізде өсірген кезде отыра беру сезімін болдырмаудың зор мәні бар, оны тудыратын жағдайларды: жоғары температураны, төсеніш жұқалығын, оңашалау қаркөлеңкелеу орындардың көбірек болатындығын, ұя құрылысының нашарлығы және оладың жетімсіз болуы, белгілі бір ұяларға дағдылануын ескерген жөн.
Қүрке тауықтарды клеткаларда күту. Күрке тауықтарда клеткаларда күту еденде күтумен салыстырғанда қоралардың стымдылығын 1,5-3 есе ұлғайтып, бастапқы мекиеннің жұмыртқалауын 10-25 пайыз арттырады, бір жұмыртқаны азайтады, жұмырқалардың ұрықтануын және балапандардың шығымын 3-7 пайызға көбейтеді, қолдан ұрықтандыру технологиясын және жұмыртқалауға дербес есеп жүргізуді (асыл тұқымды зауыттарда) жеңілдетіп, еңбек өнімділігін арттырады және өндірістік мәдениетін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |