«Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан жауаптары 1-деңгей


Құс етін өндіру технологияларын сипаттап беріңіз



бет36/43
Дата07.01.2022
өлшемі164,43 Kb.
#18688
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Байланысты:
Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы жауаптары

119. Құс етін өндіру технологияларын сипаттап беріңіз.

Құс етін өндіру - өсуі тез, бұлшық еттерінің, әсіресе төс және сан еттерінің жетілуі жақсы, азықты тиімді пайдаланатын, мол және жоғары сапалы, әрі дәмді ет беруге мамандандырылған балапандарды арнайы өсіруге негізделген. Ет өндірудің технологиялық процесі әр түрлі құстың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Бройлерлер – етті немесе ет- жұмыртқа бағытындағы тұқымдардың, аталық іздерімен, олардың 7-8 апталық мерзіміне дейін етке арнайы өсірілген буданының ( өнеркәсіптік будандар) балапандары. Осы мерзімде бройлерлер 1,6-1,7 кг салмақ тартып, жақсы еттік сапаларға жетеді, буын шеміршектері мен төс сүйегі қатая түсіп, тері астына және ішіне май жинай бастайды. Озат құс фабрикаларында бройлерлер өсімінің 1 кг салмағына 2-2,5 кг және одан да аз ареаулы құрама жем жұмсайды.

Бройлерлер құс шаруашылығы дамыған көптеген елдерде өсіріледі. Бройлер етін етін өндіру- негізінен мамандандырылған ірі шаруашылықтарға шоғырландырылған.

Бройлер өндірудің тиімділігі ең алдымен аналық табындағы тауықтардың тұқымдық және өнімділік сапаларына байланысты. Бройлерлер өсірілетін құс фабрикаларындағы аналық табын аталық және аналық формаларының үйлескен екі, үш немесе төрт аталық іздерін будандастырған кезде алынатын будан жұмыртқалары мен инкубациялау цехын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Мұндай будандастырудан алынған балапандарда өсу қарқыны, азық қайтарымы, еттік сапалары бойынша гетерозис тиімділігі пайда болады.Будан балапандар ауруларға төзімді, тіршілік етуге қабілетті келеді.

Құстың еті бүгін таңда жылдам дайындалатын, жеңіл қорытылатын және жұғымды еттердің бірі. Құс етін өндірудің өсуіне әсер ететін факторлар негізгілеріне өсірілудің бірлігіне шығындалатын азықтың аздығы, құстың өсімталдығы, құс етінің сапасының жоғары болуы және өндірістің жоғары деңгейде механикалануы болып табылады. Құс етінің сапалығын көрсететін көрсеткіштің бірі – құс етінің химиялық құрамы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет