Сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабақтарына талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету қорытындысына


Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында 4-9 сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау туралы



бет11/11
Дата10.02.2023
өлшемі51,15 Kb.
#66842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анықтама жазудың бірыңғай үлгісі (2)

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында 4-9 сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау туралы
Анықтама
Бақылау тақырыбы: Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айында 4-9 сынып оқушыларын ББЖМ-ға дайындау туралы
Бақылау мақсаты: 4 және 9-сыныптар үшін ББЖМ МЖМБС талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылық деңгейін, білім мен дағдыларды, аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін анықтау 

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі «ББЖМ»-ға 4 –сыныптардан —37 оқушы, 9-сыныптан-32 оқушы тест тапсырады. Оның ішінде 4-сыныптан 8 үздік, 17 оқу екпіндісі бар. Ал 9-сыныпта 2 үздік аттестатқа үміткер, 17 оқу екпіндісі бар. Оқушылар үшін әр пәннен апта бойы екі сағаттан дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр. Оқушылардың білімдерін жетілдіріп, оқу сапасын арттыру үшін тест жұмыстары алынып, талданып және түзету жұмыстары жасалынды. Жеке пәндер бойынша 4 «а», «б» сыныптарында қазақ тілі, математика, жаратылыстану пәндерінен алынды. Қазақ тілінен -10 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық-12 тест тапсырмасы; Жаратылыстану — 8 тест тапсырма берілді


9 - сыныптар үшін оқу сауаттылығы ( қазақ, орыс, ағылшын), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы; Математикалық сауаттылық - 13 тест тапсырмасы; Ғылыми және ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы берілді
Алғашқы дайындық тест тапсырмалары 4-9 сыныптарға «testcenter» платформасында 09.11.2022ж күні дәстүрлі формата алынса, 06 желтоқсан күні екінші тест EduCon платформасында электронды түрде алынды. 
4 «а», «б» сыныбы бойынша 22.12.2022жылғы дәстүрлі форматта тапсырған тест тапсырмаларының қазақ тілі пәнінің тест қорытындысы бойынша, ең жоғарғысы 10 балл көрсетсе , ең төменгісі 2 балл болса, 29.12.2022 жылы тапсырған электронды түрдегі тест тапсырмалары бойынша ең жоғарғысы 9 балл көрсетсе , ең төменгісі 5 балл болды.
Математика пәні бойынша тест тапсырмасында ең жоғарғы көрсеткіш 12 балл болса, ең төменгі көрсеткіш 3 балл болса, 29 желтоқсан күні тапсырған тест қорытындысы бойынша ең жоғарғысы 10 балл көрсетсе , ең төменгісі 5 балл болды.
Жаратылыстану пәні бойынша салыстырмалы ең жоғарғы көрсеткіші 8 балл, ең төменгі көрсеткіш 2 балл болса, 29 желтоқсан күні тапсырған тест қорытындысы бойынша ең жоғарғысы 6 балл көрсетсе , ең төменгісі 2 балл болды.
Ұсыныс: 
1. Оқушыларды оқыту барысында пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, айына екі рет тест жұмыстары алынсын.
2. Төмен балл алған оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасау және қосымша сабақтарды күшейту
3. Ай сайын 4-9 сынып арасынан алынған тест жұмыстарынан мониторинг алынсын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет