Сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабақтарына талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету қорытындысына


Директор жанындағы кеңеске, қараша - 2022 ж



бет8/11
Дата10.02.2023
өлшемі51,15 Kb.
#66842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Директор жанындағы кеңеске, қараша - 2022 ж.


Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында 5-11 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуы туралы
АНЫҚТАМА


Бақылау тақырыбы: Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында 5-11 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуы туралы
Бақылау мақсаты: Білім беру үдерісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында белсенді әдістерді меңгере отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, өздігінен білім алуға үйрету
Орындау мерзімі: қараша

Гуманитарлық пән бірлестігінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 3 мұғалім дәріс береді.


1.Оспанова Апиза –жоғары санатты, педагог-зерттеуші. Сабақ беретін сыныптары:5 «а», б», 9«а,б» ,10 «а»,«б» сағат жүктемесі-16 сағат
2.Қостаева Салтанат- педагог-сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 4 «а,6»
6 «аб», 8«а»б 11сынып, сағат жүктемесі-16 сағат
3.Келесбаева Айгүл- педагог –сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 2 «а,б»,
3 «а,б» 4 «б»,7 «а,б» сағат жүктемесі- 16 сағат
5-11 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақтар уақытылы өткізілді. Оқу бағдарламасынан қалып кеткен тақырыптар болған жоқ. Оқушылардың жұмыс дәптерлері уақытылы тексерілген, дәптердің сыртын толтыруда кейбір оқушыларға ескерту айтылды. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру барысында жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу керектігін пән мұғалімдеріне айтылды. Орыс тілі сабағында оқушылар ережені жатқа айтып, жаттығу жұмыстарында ережеге сәйкес тапсырмаларды дұрыс орындай алады. Кей тұстарда мұғалімнің көмегін қажет етеді. Орыс тілі пәнінен оқушылардың оқу жылдамдығы талапқа сай. Алайда үлгерімі төмен оқушылардың оқу жылдамдығы төмен болды. Сөздік қоры жақсы, мәтінді түсініп, мазмұнын айта алады. Оқушылардың басым көпшілігі сабақ барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс жүргізуге, өзін-өзі бағалауға, кері байланыс беруге, ойын ашық жеткізуге дағдыланған. 5,6 сынып оқушыларының тілдік айтылымында орфоэпиялық қателер жіберіледі. Сабақ үстінде оқушылардың белсенділігі жақсы. І тоқсан көлемінде БЖБ,ТЖБ тапсырмалары уақытылы алынған. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылар мектепішілік және аудандық іс-шараларға қатысты. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен 6 «а» сынып оқушысы Ақыл Еркеназ аудандық олимпиадаға жолдама алды.
Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына -150 жыл толуына орай «А.Байтурсынов- гордость казахского народа» атты облыстық онлайн эссе жазу байқауына 6 «а» сынып оқушысы Әлмахан Айгүл қатысты. Жетекшісі: Қостаева Салтанат. Аудандық ғылыми жоба «Зерде» байқауына қатысып, Бейбіт Арунай -ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Русский медвежонок» халықаралық байқауына қатысып4 «б» сынып оқушысы Мәрселбек Айкөркем, Ақыл Тілеумұрат 1 орын ,3«б» Орынбай Айару -1 орын, 7 «б» сынып Даңғыл Мақпал, Абдыхалық Аяулым – 1 орын алды. Жетекшісі :Келесбаева А.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет