Дайындаған: ДОІЖО – Г. Меймашева Ұсыныс: 1. Оқушыларды оқыту барысында пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға байланысты әртүрлі байқауларға қатыстыру дұрыс жолға қойылсын.
2. Пән мұғалімдері әр түрлі байқауларға қатысып, оқушылармен жұмысты жандандырылсын.
3. Дарынды және үлгермеуші оқушылармен жұмысты жандандыру.
Директор жанындағы кеңеске, қараша - 2022 ж.
Үйде оқытылатын оқушыларға мектеп психологтарымен бірлесе отырып, даму диаграммасын жасау АНЫҚТАМА
Бақылау тақырыбы: Үйде оқытылатын оқушыларға мектеп психологтарымен бірлесе отырып, даму диаграммасын жасау
Бақылау мақсаты: оқушының пәнге деген қызылушылығын, белсенділігін арттыру
Орындау мерзімі: қараша
Үйде оқытылатын Көлтай Айданаға жеке психологиялық карта толтырылып, өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласын және алаңдаушылық деңгейін анықтау мақсатында С.Спилбергер тесті алынды. Тест нәтижесі бойынша өзін-өзі бағалауды тұлғалық шкаласы және алаңдаушылық деңгейі қалыпты. Психологиялық ахуал мен қарым-қатынас және мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау мақсатында Жакоб Моренонның «Социометрия» тесті алынды. Тест нәтижесі бойынша сыныппен қарым-қатынасқа жақсы түседі, мінез - құлық ерекшеліктерінде кемшіліктер жоқ. Темперамент типі - флегматик. Оқушының тұлғалық типін анықтау мақсатында Джон Голланд тесті алынды. Тест нәтижесі бойынша әлеуметтік типке жатады. Яғни бұл тиіптегі оқушы айырықша әлеуметтік ептілігі бар ортамен қарым-қатынасты жақсы көреді, әлеуметтік байланыстарға бейім. Көлтай Айдананың психологиялық дамуы қалыпты . Аудандық құжаттарды зерделеу барысында пән мұғалімдердің және арнаулы құжаттардан қате кеткен жоқ.
Көлтай Айдананың оқу үлгерімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті қалыптасқан. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Үй тапсырмасын жүйелі орындайды, өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі. Оқудағы жұмысы жүйелі және бірізді.
Ұсыныс: Пән мұғалімдері оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру
Пән мұғалімдерінің сабақтарына әкімшілік тарапынан қатысуды жолға қою.