Дайындаған: ДОІЖО- Г.Меймашева
Педагогикалық кеңеске қараша -2022 ж.
АНЫҚТАМА
Бақылау тақырыбы: Оқу техникасы 2-4 сынып
Бақылау мақсаты: білім алушылардың біліміндегі жіберілген олқылықтарды анықтау
Бақылау объектісі: 2-11 сыныптар.
Бақылаудың түрі: кешенді
Бақылаудың әдісі: Кешенді, жалпылама
Орындау мерзімі: Қыркүйек 1-2 апта.
2022-2023 оқу жылының қыркүйек-қазан айларында 2-3сынып оқушыларының негізгі пәндері бойынша білім сапасын көру мақсатында қазақ тілі мен математика, әдебиеттік оқу пәндері тексерілді.
Тексеруді бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Л. Бектасовамен бірлесіп жүргіздім .Ақпаратты жинау барысында әдебиеттік оқу пәнінен «Жолбарыс пен тышқан» ертегісін алдым, мәтін бойынша бір минутта қанша сөз оқи алады. Атап айтсам 2 «А» сыныбында 22 оқушы бар. 15оқушы 40-107 сөз оқыды. Ал Нышанбай Балнұр - 11, Абдурасил Батырхан – 24, Абдирасил Сезім - 28, Мейрбек Олжас - 28, Шолпанқұлова Ақнұр - 27, Теміралы Кәусар - 35, Рысбек Сырым - 38 сөз оқыды. 2 «Б» сыныбында 20 оқушы. Әдістемелік нұсқау хатта I жартыжылдықта 40-45 сөз оқуы қажет. 14 оқушы 40 пен 117 сөзге дейін оқыды. Қадырбек Мұхаммед - 10, Роман Аяжан-9, Сырғабай Зейін -23, Жанат Бауыржан -10 сөз оқыды. 3А сыныбында 17 оқушы бар. 3 сыныптар б\ша оқу жылдамдығының нормасы 60-70 сөз. Тексеру барысында «Біздің қала» мәтіні алынды. Оқу жылдамдығының нормасына жеткен оқушылар саны-13. Күшікбай Ақнұр - 27, Қожахмет Нұрсұлтан-13, Серік Мейіржан - 43сөз оқыды. 3 «Б» сыныбы бойынша 17 оқушы бар. 13 оқушы - 53-163 сөз оқыды. Мұратбек Айсұлтан-29, Бейсеналы Өмірзақ -13, Аден Айқын - 33, Жолдас Інжу-4 сөз оқыды.
Ұсыныс:
1.Төмен көрсеткіш берген оқушыларға сабақтан тыс уақытта қосымша сабақтар өткізу.
2.ҰКТ тобында сабақ беретін мұғалімдері қосымша сабақ беру арқылы жұмыстарды жандандыру қажет.
Педагогикалық кеңеске қараша -2022 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |