Қаулының жобасы: 2022 жылдың І жарты жылдығында өтетін кезекті аттестаттауға қатысу үшін ұсынылған мерзімі келіп тұрған педагогтардың тізімі бекітілсін.
2022 жылдың І жарты жылдығында өтетін аттестаттауға мерзімінен бұрын қатысу үшін ұсынылған педагогтардың тізімі бекітілсін.
Осы шешімнің орындалуын бақылау ДӘІЖО А.Қосаеваға жүктелсін.
1-11 сынып оқушыларының қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндері дәптерлерінің талапқа сай толтырылуы туралы (дәптер тексеру) АНЫҚТАМА
Бақылау тақырыбы: 1-11 сынып оқушыларының қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндері дәптерлерінің талапқа сай толтырылу барысы (дәптер тексеру)
Бақылау мақсаты:Дәптерлердің талапқа сай жүргізілуін анықтау
Бақылау объектісі: Оқушылардың жұмыс дәптері
Бақылаудың түрі: Тақырыптық
Бақылаудың әдісі:Дербес бақылау
Орындау мерзімі: қазан
Бақылау барысында анықталған кемшіліктер: 1. 5-11 сынып оқушыларының дәптерлері тексерілді. Кейбір пәндерге 2 дәптерден арналған. Жұмыс дәптеріне оқушының аты-жөні жазылмаған, іші жүйелі түрде толтырылмаған.
2. Дәптер тексеру барысында оқушылардың дәптерлері толық емес екендігі анықталды.
3. Кейбір оқушылардың жазу каллиграфиясы өте нашар. Оқушылардың шимайлап жазуы жиі кездеседі. Дәптерлер тысталмаған, сырттары толық толтырылмаған.1-4 сыныптар бойынша дәптерлер тексерілген ,қол қойған, жұмыс мазмұны бағдарламалық материалдармен сай келеді. Оқу каллиграфиясына байланысты жұмыстар жүргізілген Мұғалім жүйелі түрде әріптердің үлгілерін көрсетіп отыр. Оқушы жұмысын тексеру сапасы жақсы, мұғалімдер тарапынан жіберілген қателер жоқ. Кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар: 1. Пән мұғалімдері оқушы дәптерлерін талапқа сай толтырылуын қадағалау;
2. Кері байланыс жүйелі түрде жасалу қажет;