Сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабақтарына талдау жасау, әдістемелік көмек көрсету қорытындысына



бет6/11
Дата10.02.2023
өлшемі51,15 Kb.
#66842
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.Қазақстан тарихы-ауызша
4.Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен-жазбаша
5.Таңдау пәні бойынша

Директор жанындағы кеңес -2022 ж.


Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылуы туралы
Анықтама
Бақылау тақырыбы: Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі 2022-2023 оқу жылының І тоқсанында 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу сапасы
Бақылау мақсаты: Білім беру үдерісінде жаңартылған білім бағдарламасы аясында белсенді әдістерді меңгере отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру, өздігінен білім алуға үйрету
Бақылау объектісі: жалпылама
Бақылау түрі: тақырыптық
Бақылау әдістері: 5-11сыныптар
Орындау мерзімі: қазан
Гуманитарлық пән бірлестігінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 5 мұғалім дәріс береді.
1.Қонысбекова Айсұлу –жоғары санатты, педагог-зерттеуші. Сабақ беретін сыныптары: 6 «а,б» ,7 «б»
2.Дауытбаева Айсұлу- педагог-сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 11, 7 «а»
3.Баймамыров Ерлан- педагог –сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 5 «а,б»,8 «а»
4.Оңғаров Нұрлан- педагог –сарапшы. Сабақ беретін сыныптары:10 «а,б»,8 «б»
5.Қосаева Айнұр –педагог-сарапшы. Сабақ беретін сыныптары: 9 «а,б»
5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тақырыптық-күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақтар уақытылы өткізілді. Оқу бағдарламасынан қалып кеткен тақырыптар болған жоқ. Оқушылардың жұмыс дәптерлері уақытылы тексерілген, дәптердің сыртын толтыруда кейбір оқушыларға ескерту айтылды. Оқушылардың жазба жұмыстарын тексеру барысында жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен жұмыс жүргізу керектігін пән мұғалімдеріне айтылды. Қазақ тілі сабағында оқушылар ережені жатқа айтып, жаттығу жұмыстарында ережеге сәйкес тапсырмаларды дұрыс орындай алады. Кей тұстарда мұғалімнің көмегін қажет етеді. Қазақ әдебиеті пәнінен оқушылардың оқу жылдамдығы талапқа сай. Алайда үлгерімі төмен оқушылардың оқу жылдамдығы төмен болды. Сөздік қоры жақсы, мәтінді түсініп, мазмұнын айта алады. Оқушылардың басым көпшілігі сабақ барысында топтық жұмыс, жұптық жұмыс жүргізуге, өзін-өзі бағалауға, кері байланыс беруге, ойын ашық жеткізуге дағдыланған.5,6 сынып оқушыларының белсенділігі жоғары. І тоқсан көлемінде БЖБ,ТЖБ тапсырмалары уақытылы алынған.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен оқушылар мектепішілік және аудандық іс-шараларға қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оңғаров Нұрланның ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсыновтың туылғанына -150 жыл толуына орай «Ер есімі ел есінде» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және 10 сынып оқушылары қатысып, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен еңбек жолы, шығармалары жөнінде деректерді ортаға салып ой бөлісті.
Аудандық «Маралтай оқулары» байқауына қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін Сейдуалы Дана - ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Қосаева Айнұр.
«Қазақтың біртуар ұлы - Дінмұхамед Қонаев» атты ауданда шығармашылық байқауға қатысып, 8 сынып оқушысы Аманжол Ақжан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Баймамыров Ерлан.

Тоқсандық қорытынды бойынша оқушылардың білім сапасы төмендегідей көрсеткіш берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет