Қазақстандағы киелі жерлер. Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
6.2.2.1 - ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
6.3.3.1 - ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мəтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;
Сабақтың мақсаты
Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы анықтай алады, тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басталуы
6 минут
7 минут
7 минут
20 минут
Сабақтың соңы
5 минут
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
Ой шақыру
1.«Киелі» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
2. Өзің үшін ең қасиетті, киелі нәрсе не? Түсіндіріп айт.
4-тапсырма Мәтінді мұқият оқы.
Мәтіннен көркем сөйлеуге тән сөздерді, яғни, көркемдік айшықтауларды табамыз.
Мысалы: бетінің масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектелуі Кестеге сүйене отырып, мәтінді талдаңыз.
13-тапсырма. Энциклопедия, ғаламтор, баспасөз құралдарынан «Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбына мәліметтер тауып, диаграмма, сызба, кесте сыз.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау-1
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» Кестеге сүйене отырып, мәтінді талдаңыз. Стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажыратыңыз.
Оқжетпес туралы аңыз Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді:
Окжетпес туралы аңыз Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол Окжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді: Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Окжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың аткан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайкасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін кайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Окжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятка калдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Окжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыкка жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
1. Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап беріңіз.
1. Батыр бала күнінде қандай болған?
2. Батыр алған жарақатын қалай емдеген?
3. Оқжетпес калай тасқа айналған?
Мәтіннен көркем сөйлеуге тән сөздерді, яғни, көркемдік айшықтауларды табамыз.