Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты


Бекітемін___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 16- сабақ



бет30/44
Дата01.09.2023
өлшемі3,61 Mb.
#105819
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Бекітемін___________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 16- сабақ



Бөлім:

2-бөлім:
Ұлттық жəне отбасылық құндылықтар Фонетика Екпін, оның түрлері



Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 6 А

Қатысушылар саны:



Қатыспағандар саны:



Сабақтың тақырыбы

Отбасылық құндылықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.5.1 -мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу;

Сабақтың мақсаты

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады; екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз жəне сөйлем ішінде орынды қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың
басталуы
5 минут


Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
1.Дастарқанның қазақ халқы үшін құндылығы қандай?
2.Ас туралы қандай мақал-мәтелдерді айта аласыңдар?



Сұрақтарға жауап береді.



Ауызша мадақтау арқылы бағалау Жарайсың! Тамаша! Керемет!






Сабақтың
ортасы
20 минут


3-тапсырма.
Екпін түрлерін қолдана отырып, мәтінді оқы. Негізгі және
қосымша ақпаратты анықта. Бірінші сөйлемді ой екпіні ережесіне сай бір-неше рет өзің оқып шық. Мәтінде негізгі ойды, көтерілген мәселені анықтайтындай сұрақтар құрастыр.

Негізгі ақпарат




Қосымша ақпарат




Негізгі ойды, көтерілген мәселені анықтайтын сұрақтар






Дастарқан
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен» деген ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің де көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік, үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да қазақ кең дастарқан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді білмеген, төрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген. («Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)


5-тапсырма.
Мәтіндегі ең қажетті ақпараттарды анықта. Сұрақтарға жауап бер.
• Халқымыз үшін дастарқанның маңызы қандай?
• «Ас – адамның арқауы» дегенді қалай түсінесің?
• Дефис арқылы жазылатын сөздер мәтінде қандай маңызға ие?
7-тапсырма.
Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырып жазыңдар.
1. Ұя, ұшу.
2. Әке, ұл, ана, қыз, өсу.
3. Әке, тау, ана, бұлақ, бала, құрақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет