«Бес қадам» ойынының шарты: Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.
Сұрақ үлгілері: Сұрақ-жауап:
1.Сен қай мемлекетте тұрасың? 2.Қазақстан қандай мемлекет ? 3.Қазақстан қашан тәуелсіз мемлекет болды? 5.Қазақстан мемлекетінің елордасы қай қала 6.«Тәрбие бесіктен басталады» - дейді халық (тақтада берілген сөз) 7. Отан туралы қандай өлең, мақал-мәтел білесің? 8. «Отан» сөзін қалай түсінесің? 9. Бұл ұғымды қандай сөзбен алмастыруға болады? 1-тапсырма.Мәтінді тыңда.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін жетекші сұрақты тауып, негізгі ойды анықта. Көтерілген мәселені анықта.
Мәтінде не туралы айтылады?
• қазақтың ұлан-байтақ кең даласы туралы;
• балалық шақ туралы;
• әркімнің өз Отаны болатыны туралы.
6-тапсырма. Екпін түрлерін қолдана отырып, мәтінді оқы. Көтерілген мәселені анықта. Бірінші сөйлемді ой екпіні ережесіне сай бірнеше рет өзің оқып шық. Мәтінде негізгі ойды, көтерілген мәселені анықтайтындай сұрақтар құрастыр.
Ынтымақты отбасы (Өсиет әңгіме) Өткен замандарда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, олар бір қауым ел болып бірге тұрыпты. Бұл отбасының өзара татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бірде бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенін анықтау үшін, сол ауылға келеді. Ауыл тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан ынтымақты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таңғалып: – Бәрі осы ғана ма?– деп сұрайды. – Иә. Барлық ынтымақты отбасылар тек осы қасиеттерден құралады, – деді де, сәл ойланып «шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды. 7-тапсырма. Сөйлемді екпін түрлеріне сай оқы. Мағынасын түсіндіріп жаз.
Әке – отбасының басшысы, оның мүшелерінің тірегі, асырап
сақтаушысы, қамқоршысы.