2-тапсырма. 42-бет Тыңдалым мәтініндегі жеті санына байланысты қосымша мәлімет жинап, өз бетіңше болжам жаса.
3-тапсырма. 42-бет Өлеңде айтылған ойға сәйкес өз жеті атаңды кестеге жаз.
Жеті ұрпақты білмейміз,
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ататегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бата бер!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.
Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене.
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат.
Тұқым солай өседі,
Бірін-бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!
(Ө. Ақыпбекұлы)
Өз әкең-
Түп атаң-
Атаң-
Тек атаң-
Арғы атаң-
Ұлы атаң-
Бабаң-
Сұрақтарға жауап береді
Тыңдалым мәтініндегі жеті санына байланысты қосымша мәлімет жинап, өз бетіңше болжам жасайды.
Өлеңде айтылған ойға сәйкес өз жеті атасын кестеге жазады.
Дескриптор Білім алушы
− мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды;
− қосымша ақпараттарды ажыратады; − сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды түсіндіреді.
Оқулық
Қазақ тілі
«Атамұра» баспасы
2018 ж
Сабақтың аяқталуы 10 минут
Тапсырма Мәтіннен бірге және бөлек жазылатын сөздерді теріп алып, орфографиялық нормаға сай жазылуын ережеге сүйене отырып түсіндір.
Әлемнің жеті кереметінің бірі – Галикарнас кесенесі. Оны грек еліне белгілі әйгілі қолөнерші, мүсіншілер тұрғызған. Кесене екі қабатты, бірақ айтарлықтай биік болған. Биіктігі 40–45 метрлік кесене көптеген мүсіндермен көркемделген. Көне дәуірде Александрия маягынан (бағдаршырақ) ірі құрылыс ешбір жерде, ешбір елде бой көтермеген болатын. Тұтас мәрмәр тастан қашалған, қалыптан шыққандай қаланған маяктың биіктігі 150 метр болған. Ол өлім мен өмір, от пен оқ арасында жанын шүберекке түйген теңізшілерге үміт шырағындай еді. Тастай қараңғы түндерде шексіз-шетсіз теңіз үстіндегілерге талай-талай жол сілтеп, бағыт берген. Қорытындылау Графикалық диктант
Егер берілген пікірмен келіссеңдер, үшбұрыш белгісін, ал келіспесеңдер, төртбұрыш белгісін қойыңдар.
Адам – табиғаттың баласы, өйткені ол – табиғаттың бір бөлігі.(иә)
Адам – табиғатты билеп-төстеуші, бағындырушы.(жоқ)
Ежелгі адамдар табиғат құбылыстарынан қорқып, соларға табынған.(иә)
Тұрмыс заттары, құрылыстар, қолжазбалар, кітаптар, монеталар – «тарихи ескерткіштер»(иә)
Тарих – адамдардың өткен өмірі туралы ғылым.(иә)
Мәтіннен бірге және бөлек жазылатын сөздерді теріп алып, орфографиялық нормаға сай жазылуын ережеге сүйене отырып талдайды..
Графикалық диктантта берілген пікірлермен келісетінін немесе келіспейтінін үшбұрыш және төртбұрыш фигуралары арқылы жеткізеді.
.
5 минут
Смайликтер арқылы бүгінгі сабақтағы көңіл күйін, сабақтағы тақырыпты қандай деңгейде меңгергендігін рефлексия барысында жеткізеді.