Сабақтың
ортасы
25 минут
|
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыбын анықта.
2-тапсырма.
Тыңдалған мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап бер.
1. «Таңбалы тас» не себепті ғажайып мұралардың бірі болып
саналады?
2. Ол туралы тағы не білесің?
7-тапсырма.
Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып жаз.
Домбыра – қазақ халқының ... аспабы. Домбыра ... , ... , ...
тәрізді ағаштардан жасалады. Домбыраның құрылысына ... , ... ,
... , ... , ... , ... , ... жатады.
Керекті сөздер: ұлттық, үйеңкі, басы, құлағы, пернелері,
мойын, шанақ, қарағай, тиек, емен, ішектері.
10-тапсырма.
«Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбына эссе жазу
үшін тезистік жоспар құр. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсетіп жаз.
Үлгі:
a) Кіріспе бөлім: тезистік сөйлемнен тұрады (ойды дәлелді жазу).
ә) Негізгі бөлім: абзацтардан құралады (тақырыптан ауытқымау).
б) Қорытынды бөлім: айтылған ой қорытылып жазылады
(мазмұндық жүйені сақтау).
|
Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыбын анықтайды. Тыңдалған мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді.
Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып жазып шығады.
«Қазақстанның ғажайып мұралары» тақырыбында құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып, эссе жазады. Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу/келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады.
|
Дескриптор
Білім алушы
- мәтінге қатысты сұрақтарға жауап береді;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
- мәтінге қатысты ақпаратты қазіргі өмірмен байланыстырады, талқылайды.
Барлық тапсырмаларды
бағалау
|