3-тапсырмада зейіндерін шоғырландыра отырып, ондықтар мен бірліктерінің цифрлары бірдей, ондықтары – 4 ке тең, бірліктерінің цифрлары әртүрлі екі таңбалы сандарды жазады.
Өз жауабын түсіндіреді.
екі таңбалы сандарды оқиды.
3-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау:
«Бағалау экраны». Арнайы қабырғада оқушыларға әрбір тапсырма үшін әртүрлі жетондар қойылады. Бағалау
экраны әрбір оқушының жетістігін көруге мүмкіндік береді. Оқушы қандай
тапсырманы пысықтау қажеттігін көреді.
Жүргізуші алысқа қарап: «Кеме жүзіп келеді!»
– деп айғайлайды.
Оқушылар: «Кеме қайда?» – деп сұрайды. Жүргізуші: «Оң жақта!» – деп жауап береді. Оқушылар қимыл қозғалыс жасайды: оң қолдарын көтеріп, алысқа қарайды.
Жүргізуші тағы да алысқа қарап: «Кеме келе жатыр!» – деп айғайлайды.
Ойыншылар: «Кеме қайда?» – деп сұрайды. Жүргізуші басқа бағытты атайды.
тапсырмада берілген сандарды өсу реті бойынша және 15 пен 18, 7 мен 14 сандарының арасындағы сандарды атайды. Бүгінгі орындалған тапсырмалар бойынша қандай өз тұжырымыңды ұсынасың?
ТҰЖЫРЫМ: кез келген екі таңбалы сан екі цифрдың көмегімен жазылады. Екі таңбалы санның жазылуында сол жағындағы цифр ондықты, ал оң жағындағы цифр бірлікті білдіреді. Сандарды жазу үшін 10 цифр (0, 1,
2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) пайдаланылады. 0 цифры сандарды жазу үшін пайдаланылады, бірақ 0 саны – натурал сан емес.