CD диск
Көрнекі кестелер:
«Екі таңбалы сандарды салыстыру, оқу, жазу, разрядтық қосылғыштарға жіктеу».
№2 кесте.
Разрядтар кестесі
Қандай сандарды анықтадық? (12, 21)
Жаңа білімді бекітуге берілген 5-тапсырмадаоқушылар 20-дан бастап бір-бірден қоса отырып, 40-қа дейінгі сандарды өсу ретімен атайды және 30-дан бастап 10-ға дейін бір- бірден азайта отырып, санайды. Оқушылар әрбір келесі натурал сан өзінің алдындағы саннан 1-ге артық, өзінен кейінгі саннан 1-ге кем екендігін пысықтайды.
Ойсергек. «Секір, секір, секір» деп, Ойнаймыз біз секірмек.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 – көп тіпті.
Бір мүдіріс жоқ тіпті. Қайта, қайта секіріп, Шынығамыз жетіліп. Десек те, ойын жайдағы, Секірмек шын пайдалы.
«Диалог және қолдау» әдісі. Диалог арқылы саралау.Бұл тәсіл барысында басты рөлді мұғалім атқарады, ол мәселені шешуде қай оқушы қарапайым тілде берілген түсіндірмелерді қажет ететінін және қай оқушы күрделі диалогті түсіне алатынын зерделей отырып ықпал етеді. Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзінің сұрақтары мен оқушының жауаптарын саралайды.
Қабілеті жоғары оқушыларға арналған сұрақтар үлгісі:
Осы сынып бөлмесінде саны екі таңбалы санды көрсететін қандай нысандар бар? (Мысалы, 15 орындық, 29 оқушы, т.с.с)