Сабақ Бөлім: 1а екі таңбалы сандар



бет65/162
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#53993
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162
Байланысты:
МАТЕМ 2 ҚМЖ

5-тапсырмада айырмалық салыстыруға берілген есепті шығарады, кері есеп құрастырады.
Ш: 100 – 35 = 65 (тг)
Ж: сызғыш қаламға қарағанда 65 теңге қымбат. Кері есеп.
Асқар 100 теңгеге сызғыш және 35 теңгеге қалам сатып алды. Қалам сызғышқа қарағанда неше теңге арзан?
Ш: 100 – 35 = 65 (тг)
Ж: қалам сызғышқа қарағанда 65 теңге арзан.



4-тапсырмада қосылғышы белгісіз, азайтқышы белгісіз теңдеулердің түбірін анықтайды.



  1. қадам – теңдеуді оқиды:

  2. қадам – амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланыс жайлы ережені таңдайды және оны шешу үшін пайдаланады.

  3. қадам – амалдың белгісіз компонентін табады;

  4. қадам – теңдеудің шешуін жазады;

  5. қадам – тексереді.

5-тапсырмада есеп шығарады, кері есеп құрастырады. Шешуін салыстырады.

балаларды қасына оңаша шақырып алып,
оның жұмыс барысы туралы ақырын дауыспен әңгімелеседі.

  1. тапсырма. Қалыптастырушы бағалау:

«Сиқырлы сызық». Балалар дәптерге бағандар сызып, тапсырманың орындау деңгейін + таңбасымен белгілейді. Мұғалім тексеру кезінде оқушының бағасымен келіссе, + таңбасын шеңберге алады, егер келіспесе, жоғары немесе төменге өзі + таңбасын салады.



  1. тапсырма.

Дескриптор:

«Қосудың терімділік қасиеті» – слайд, кесте.









Неліктен бірдей амал орындалды?
Бір сан екінші саннан нешеге артық немесе кем екенін білу үшін үлкен саннан кіші санды азайту керек.
6-тапсырма диаграмманы оқу іскерлігін дамытады. Тапсырманы орындау барысында диаграмма көмегімен сұрақтарға жауап іздеу білігі қалыптасады.

  • Шахмат ойынын неше бала ұнатады? (6 бала)

  • Рубик текшесі ойынын ұнататын бала саны нешеу? (4 бала)

  • Домино ойынын ұнататын бала сана қанша? (8 бала)

  • Жұмбақ жасыру ойынын ұнататын бала санын қалай анықтадың? (10 бала)

  • Диаграммадан қандай ақпарат алдың?

Әр қосындының мәнін әртүрлі тәсілмен тауып, тәсілдерді салыстырып, әлдеқайда тиімдісін анықтау үшін.
7-тапсырма. Үй тапсырмасы түсіндіріліп беріледі. Қосындының мәнін есептеу үшін тиімді тәсілді анықтайды.

  1. 40 + 38 + 20 өрнегінің мәнін анықтау үшін: 40-қа қандай санды қосқан тиімді?

40 + 20 + 38 = 60 + 38 = 98

  1. 63 + 30 + 7 өрнегінің мәнін анықтау үшін: 63 санына қандай санды қосқан тиімді?

63 + 7 + 30 = 70 + 30 = 100
3) 17 + 26 + 54 өрнегі.
Алдымен қандай сандарды қосып есептеген жеңіл? 26 + 54 + 17 = 80 + 17 = 97
8-тапсырма математикалық логикаға берілген.
Талдау:
Бірдей фигуралар, бірдей сандар.
Бірдей жасыл түсті екі үшбұрыш қосындысы 80-ге тең, ендеше мәні 80-ге тең бірдей екі қосылғыштың қосындысы түрінде жазу: 40 + 40 = 80.
40 санына қандай санды қосса, мәні 90-ға тең? (50 саны) 50 мен 40-тың айырмасы нешеге тең? (10-ға тең)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет