6-тапсырма (оқулықтан)
Мәтінді мұқият оқы. Мазмұнын баянда.Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтінді ықшамдап жаз.
11-тапсырма
Отбасы туралы өзің білетін мақал-мәтелдерді қатыстырып, сөйлем құра.
Ойтаразы
Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
Балаң үйрек- бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек- шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкене бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
|
Психологиялық ахуал
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Берілген екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырады. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтайды.
Мәтінді мұқият оқиды. Мазмұнын әңгімелейді. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтінді ықшамдап жазады.
Отбасы туралы өзідері білетін мақал-мәтелдерді қатыстырып, сөйлем құрайды.
Рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта не үйренгендерін, топта қалай жұмыс жасағандарын, қандай білім алғандарын таразылайды.
|