5. 2. 4. 1 ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру;
5. 3. 5. 1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
Сабақтың мақсаты
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басталуы
5 минут
Сабақтың ортасы
15 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы
5 минут
1.Сәлемдесу
2.Сергіту сәті
«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ойтүрткі 1.Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін жақсы білесің?
2.Қазақстанда өмір сүретін басқа ұлттардың қандай салт-дәстүрлерін атай аласың?
1-тапсырма Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз
1-мәтін
-Сәлеметсіз бе? - Аманбысың, келе ғой. - Сіз Оразәлі ата емессіз бе? -Иә.Сен әкеңнің кенжесісің ғой. -Жоқ, Нұрай - кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін. -Атаң бар ма? -Атам бар, ол кісі жетпіс жаста. -Кімнің баласысың? -Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін. -Ақылыңнан айналайын! -Атам да солай айтады. -Бауырларың бар ма? -Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп «сен атаңның баласы емессің» дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым. - Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.
2-мәтін Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.
Жастардың жауабы: Динара: «Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды». Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».