Сабақ және оның құрылымы


Мұғалімнің еңбек сабағына практикалық дайындығы



бет57/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Мұғалімнің еңбек сабағына практикалық дайындығы
Олар мына түрлерге бөлінеді: әңгімелеу, түсіндіру, сөйлесу, нұсқау беру.
Әңгімелеу оқу материалы мазмұнын ауызша баяндаудан тұрады. Мақсатына байланысты әңгімелеудің бірнеше түрі бар: кіріспе-әңгіме, баяндау-әңгіме (суретші шығармашылығы туралы), қорытынды -әңгіме.
Әңгімеге қойылатын талаптар:
- идеяның адамгершілік бағытын қамтамасыз ету керек;
- ғылыми дәйекті, нанымды фактілерді дәлелдеуі керек;
- айшықты, нанымды мысалдар қосу керек;
- ой қорыту жүйелі, ұғынықты болуы керек;
- көңілге ұнамды жеткізілуі керек;
- қарапайым болуы керек.
Түсіндіру – үйретілетін объектінің түпкі мәнін түсіндіріп, негізгі ұғымдары мен құбылыстарын талдау керек.
Әңгімелесу – оқытудың диалогтық әдісі, оқытушы алдын-ала даярланған сауалдар арқылы, оқушыға жаңа білімді меңгеруге ықпал етеді.
Әңгімелесу – кіріспе, хабарлау, эвристикалық, жеке, фронтальды болып бөлінеді.
Дискуссия – қойылған мәселеге орай пікірлесуге негізделеді.
Ауызша баяндау әдістері көрнекі құралдарды қолданумен үйлесімді түрде жүзеге асырылады (иллюстрациялар, дидактикалық материалдар, кинофильмдер т.б.)
Көркем еңбекті оқыту прцестерінде оқушылардың алған білімдері негізінде іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы зор.
Жаттығу әдісі – оқушылар игерілген материалдар негізінде (штриховка) жаттығып, көп рет қайталап, әрекеттер орындайды. Графикалық жаттығулар – сурет нұсқаларын, кескіндемелер, альбомдар, плакаттар, қабырға газеттерін жасайды.
Практикалық жұмыстар – сурет, жапсыру жұмыстарын салады, дизайнерлік тапсырмалар орындайды.


Практикалық жұмысты орындау сабағының құрылымы:
- ұйымдастыру (ұнамды психологиялық ахуал);
- сабақ тақырыбы мен оның міндеттерін хабарлау;
- дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар;
- білім мен іскерліктерді шығармашылықпен қолдану;
- үй тапсырмасы;
- оқушылардың жұмыстарын бағалай отырып, сабақ қорыту;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет