Дәптерменжұмыс жаттығу. Суреттердің көмегімен сөйлемді аяқтап жазады. Жазған сөздерінен 3 дыбыс, 4 әріптен тұратын сөзді тауып, астын сызады.
жаттығу. Ертегіні парталасымен рөлге бөліп оқу тапсырылады. «Ой толғаныс»стратегиясы бойынша топта оқығанының диалог екенін дәлелдейді. Әңгімелесуге қандай ертегі кейіпкерлері қатысқанын айтады. Мұғалім оқулықтағы суреттерге оқушылардың назарын аударып, көжектің көңіл күйін білдіретін суретті табады.
Ертегіге ат қою тапсырылады.
Сурет бойынша сөйлемдерді аяқтап жазады.
Ертегіні парталасымен рөлге бөліп оқиды. Суретті бейнелейтін жолдарды мәтіннен табады.
4-жаттығу. Оқушылардың суреттердің көмегі- мен диалог құрастырып жазуына басшылық жасалады. Алдымен сюжетті суреттерге назар аудартып, қай суретпен диалог құрастыруға болатыны анықталады. Дәлелдер келтіріледі.
Суреттердің көмегімен диалог құрастырып жазады.
Жазған жұмыстарын топта жариялайды.
Парталасымен бірігіп диалог құрастырып жазуына ықпал етіледі. Қоян, аю, тиінсөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Қол белгісі» әдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады. Ол үшін мұғалім оқушылардан сурет бойынша диалог құрастыруды түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетуді сұрайды.