Сабақ жоспарының Үлгісі


-тапсырма. Сөздерді дұрыс және керісінше кезектестіріп оқу



бет4/8
Дата18.01.2023
өлшемі54,13 Kb.
#61738
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
3-тапсырма. Сөздерді дұрыс және керісінше кезектестіріп оқу.
Алдын-ала жазылған сөздердің бірінші сөзі әдеттегідей дұрыс оқылады да, сол сөз оңнан солға қарай кері оқылады.[4,5]
Мысалы: оқу-уқо,
Жазу, ірімшік, кесіртке, інжу, керуен, киік, әтеш,бота,өгіз, қаз, үйрек, бұзау, бөдене, тай, қозы кекілік, ешкі.
Бұл тапсырма тілдің қозғалыс жүйесінің бір мезгілде екі түрлі, қарама-қарсы оқу қабілетін дамытады: 1) жақсы таныс, үйреншікті оқу,
2) дағдыланбаған оқу. Тапсырманы орындай отырып, бала екі түрлі жағдайда оқудың айырмашылығын түсінеді.
4-тапсырма.Сөздің екінші жартысын ғана оқыту.
Бірнеше сөздер жазылған кесте беріледі. Әр сөздің бірінші жартысы іштей оқылып, тек соңғы буыны, не жартысы дауыстап оқылады (мысалы үшін алсақ, — дің, — нші, — сын, — на, — ту).[4,6]
Мысалы:
а) Айманның әжесінің сандығы бар. Ұста сандықты ағаштан жасайды. Оның сыртын әшекейлейді. Оның ішіне киімдерді сақтау ыңғайлы.
б) 1.Қонақтар кең бөлмеге жиналды. 2.Сабыр қаладан машинамен қайтты. 3.Үлкен жолмен машиналар жүріп жатыр. 4.Бүркіт биік шыңда өмір сүреді.[2,29]
Бұл тапсырма сөздің басын дұрыстап оқып, соңын қате немесе ойша айта салатын оқушылардың тез дұрыс оқып кетуіне көмегін тигізеді.
5-тапсырма. Сөздерді топтарға бөлу.
Әрқайсысына бір сөзден жазылған 8-16 қима қағаз оқушыларға үлестіріледі. Сөз жоғалған зат екендігі және оны тез арада тауып, орнына қою керектігі айтылады.[4,9] Мысалы, үстелдің сол жағы — ас үй. Ол жерге ас үйге қажетті зат атаулары қойылады. (кастрюль, шелек, кесе, тәрелке, қазан, қасық, шөміш), ал үстелдің оң жағына -мектеп, ол жерге мектепке қажетті зат атауын орналастыру керек. (1, 2, 3, 4 — топқа).
А) Үй жануарлары:
Б) Құстар:
В) Аңдар:
Г) Қалалар:
Орал, жолбарыс, арыстан, торғай, киік, сиыр, Алматы, жылқы, бұзау, қоян, тоқылдақ, қой, аққу, Ақтау, Атырау, ешкі, қасқыр, қарға, сауысқан, аю, қарылғаш, тырна, Астана, түйе.
Ескерту: сөздер алдын-ала дайындалып, топтарға бөлуге жеңіл жағдайда болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет